"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің м.а. 2010 жылғы 21 қазандағы N 116 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 19 қарашада N 6643 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 89 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.06.25 № 89 бұйрығымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.Қоса беріліп отырған «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Ж. Құрманғалива

Қазақстан Республикасының 
Мәдениет министрі міндетін
атқарушының         
2010 жылғы 21 қазандағы  
№ 116 бұйрығымен бекітілген

«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар;
      2) тұтынушы - жеке немесе заңды тұлға;
      3) басқарма - облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармасы;
      4) орындаушы - міндетіне сараптама өткізу мен әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы Қорытынды беру жататын басқарманың лауазымды тұлғасы;
      5) регламент - «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттеуші нормативтік құқықтық акт;
      6) қорытынды - «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысымен бекітілген, әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы сараптама нәтижелері берілген құжат;
      7) сараптама комиссиясы - әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен құрылатын комиссия.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына сәйкес әзірленді.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынушы басқармалардың атаулары осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      6. «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіште басқарманың қорытынды беруі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы және оны көрсету барысы туралы ақпарат осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген электрондық Үкімет порталында: www.e.gov.кz, басқармалардың интернет-қорларында орналастырылады.
      9. Осы регламентте көзделген құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіз болып табылады.
      10. Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1-кезең - басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі - ҚҚҚ) тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтініші мен заттарын тіркеу;
      2-кезең - басқарма басшысының сараптаманы өткізетін орындаушыны, орынды және уақытты белгілеуі;
      3-кезең - орындаушының сараптама комиссиясына сараптама үшін құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы;
      4-кезең - сараптама комиссиясының уақытша әкетілген мәдени құндылықтың мәдени құндылығы немесе түпнұсқалығына оның сәйкестігін айқындау мақсатында сараптаманы жүзеге асыруы;
      5-кезең - орындаушының қорытындыларды басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыруы.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды басқарманың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      12. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін Басқармаға құжаттар мен заттарды ұсынады, оны басқарманың ҚҚҚ қызметкері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылдайды. Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен заттар бақылау белгілері көрсетіліп, тіркеу мөртабанында нөмірін, күнін және парақ санын көрсетіп, ҚҚҚ ресімделеді және тіркеледі. Тұтынушы басқарманың ҚҚҚ тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады.
      13. Тұтынушы басқармаға мынадай құжаттарды:
      1) «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысымен бекітілген нысан бойынша өтінішті;
      2) жеке тұлға үшін тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
      заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      3) заңды тұлғалар үшін - қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен жағдайлары туралы шартының көшірмесі;
      4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрамдас бөліктерінің көлемі 10x15 сантиметр фотосуреті;
      5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;
      6) заңды тұлға үшін - мәдени құндылықтардың уақытша әкету кезеңіне белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      7) мәдени құндылықтар ретінде қаралып, сараптамаға жататын заттарды ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      15. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар мен заттар басқарма басшысына жіберіледі, кейіннен олар орындаушыға жіберіледі. Оларды алғаннан кейін орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясына сараптамаға жіберуді жүзеге асырады.
      Сараптаманы өткізу орны мен уақыты басқарма басшысымен белгіленеді.
      Сараптама комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша екі данада қорытынды ресімделеді, оның әрқайсысына комиссия төрағасы қол қойып, заттармен бірге орындаушыға беріледі.
      Орындаушы қорытынды мен заттарды алған соң, қорытындыны басқарманың мөрімен бекітіп, оның бір данасын затпен қоса тұтынушыға береді.
      Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар пакеті сараптама комиссиясының мерзімсіз сақталуында қалады.
      Қорытынды мен заттардың тұтынушыға берілуі берілген қорытындылар журналында тіркеледі.
      16. Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру үдерісінің сызбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан бұдан бұрын әкетілген мәдени құндылықтарға оларды Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелген кезде қайта сараптама өткізу осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Әкетілетін және әкелінетін      
заттың мәдени құндылығының болуы 
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне      
1-қосымша             

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен кестелері

Р/с №

Атауы

Мекен-жайы

Телефон №

Электронды почтаның мекен-жайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының мәдениет басқармасы

Астана қ., Бейбітшілік көш., 11, 751-бөлме

8 (7172) 55-67-69, 55-67-64

dep_culture@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

2.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы

Алматы қ., Республика алаңы, 4, 423-бөлме

8 (727) 272-58-83, 271-65-63, 272-02-72, 272-10-01

culture_almaty@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

3.

Алматы облысының мәдениет басқармасы

Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 38, 3-бөлме

8(7282)
27-16-19,
27-14-49, 27-15-97, 24-77-22

kulture-tald@mail.online.кz

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексекбі

4.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 1, 102-бөлме

8 (7162)
25-76-60, 25-81-73, 25-81-60, 25-81-72

Kultura-kokshetau@yandex.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

5.

Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы

Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан даңғ., 40, 658-бөлме

8 (7132)
59-52-05, 56-03-12, 59-51-52, 56-47-58

Kultura-kokshetau@yandex.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

6.

Атырау облысының мәдениет басқармасы

Атырау қ., Азаттық даңғ., 9, 3-бөлме

8 (7122)
35-41-89, 35-42-84, 27-11-57, 32-41-37

ouk_atyrau@rambler.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.30-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

7.

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Өскемен қ., Головков көш., 29, 302-бөлме

8 (7232) 26-28-30, 26-37-12, 26-30-63, 24-92-03

culturevko@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

8.

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 166/1, 7-бөлме

8 (7112)
51-55-54, 50-09-46, 51-25-35, 50-45-89, 51-07-37

kultzko@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 12.30-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

9.

Жамбыл облысының мәдениет басқармасы

Тараз қ., Сүлейменов көш., 17«а», 4-бөлме

8 (7262) 43-06-63, 45-79-51, 45-15-49, 43-09-54, 45-13-99

tarazkultura@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

10.

Қарағанды облысының мәдениет басқармасы

Қарағанды қ., Бұxар жырау даңғылы, 32

8 (7212)
41-14-81, 41-14-84, 41-14-68, 42-30-08

kultura@yandex.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

11.

Қызылорда облысының мәдениет басқармасы

Қызылорда қ., Абай даңғылы, 27, 39-бөлме

8 (7242)
23-93-54, 30-32-73, 30-37-75

oblcultkzl@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

12.

Қостанай облысының мәдениет басқармасы

Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 60

8 (7142)
57-51-90, 57-53-53, 57-53-20, 57-53-21

kultura@kostanay.kz
kultura_kostanay@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс күндері: сенбі жэне жексенбі

13.

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы

Актау қ., 23-шағын ауданы, 1

8 (7292)
42-66-10, 42-77-62, 42-77-58, 42-77-54

mook_od@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

14.

Павлодар облысының мәдениет басқармасы

Павлодар қ., Академик Марғұлан көш., 115, 2-бөлме

8 (7182)
32-03-29, 32-22-37, 32-37-77

Dep_culture@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

15.

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Петропавл қ., Кәрім Сутюшев көш., 7

8 (7152)
46-43-92 49-26-79 49-27-55

kultsko@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі жұне жексенбі

16.

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 2-а 2-бөлме

8 (7252) 53-93-49, 53-91-81, 53-94-62, 55-10-88

оkо_mаdeniet@mail.ru

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

«Әкетілетін және әкелінетін      
заттың мәдени құндылығының болуы 
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне      
2-қосымша             

Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады