Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 20 қарашадағы № 402 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 238 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6683 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 39 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.02.17 № 45, ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.02.17 № 39 (ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берілген мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті (М.К. Ысқақов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі    Экономикалық даму және сауда
      _______________ В. Божко      министрі ________ Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 20 қарашадағы 
№ 402 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2010 жылғы 30 қарашадағы 
№ 238 бірлескен бұйрығына
1 қосымша        

Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлері

      1. Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың осы өлшемдері (бұдан әрі - Критерийлер) 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» және 2006 жылғы 31 қаңтардағы  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы критерийлер сапалық көрсеткіштердің жиынын айқындайды, оның негізінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.
      3. Осы Критерийлерде келесі түсініктер қолданылады:
      1) Азаматтық қорғаныстың басқару органдары – бақылау субъектері;
      2) тәуекел – бақылау субъектерімен Азаматтық қорғаныс шараларын орындамау нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыру, мүлікке және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдылығы.
      4. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезінде Бақылау субъектілері:
      1) жоғары тәуекел тобы:
      өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдарына;
      тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдарына;
      аумағында тыныс-тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдарға;
      2) орташа тәуекел тобы:
      орталық атқарушы органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына;
      облыстардың жергілікті атқарушы органдарына;
      Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
      Базасында Азаматтық қорғаныстың аумақтық ұйымдары мен штаттық авариялық-құтқару қызметтері құрылған кәсіпкерлік субъектілеріне;
      3) төмен тәуекел тобы:
      Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылмаған қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
      қалалық және ауылдық аудандардың жергілікті атқарушы органдарына;
      білім беру объектілеріне (Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мектептері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары);
      50 адам асатын стационарлық денсаулық сақтау объектілеріне бөлінеді.
      5. Азаматтық қорғаныс саласындағы Бақылау субъектілерін кейінгі бөлу кезінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес әр Бақылау субъектіге тиісті балл беріледі.
      6. Жиынтық қорытындының нәтижелері Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады.
      7. Тәуекел дәрежелері бойынша Бақылау субъектілерін саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      жоғары тәуекел тобына 40 және одан көп балл;
      орташа тәуекел тобына – 25-тен 40-қа дейінгі балл;
      шамалы тәуекел тобына - 0-ден 25-ке дейінгі балл алған Бақылау субъектілері жатады.
      8. Бір тәуекел топ ішінде Бақылау субъектілерін тексеруді басымды жоспарлау негіздері:
      1) ең үлкен тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді айқындау кезінде жоспардан тыс тексерулер саналмайды);
      2) ең үлкен баллдың сомасы болып табылады.

Азаматтық қорғаныс саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау 
критерийлеріне қосымша       

Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері


р/с
Критерийлердің атаулары Баллдарды беру шарттары Баллдар

1.

Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау

иә

0

жоқ

20

2.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу

иә

0

жоқ

10

3.

Бейбіт және соғыс уақытында басқару, байланыс және хабардар ету жүйелерінің дайындығы

иә

0

жоқ

20

4.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының бейбіт және соғыс уақытындағы іс-қимылдарға дайындығы

иә

0

жоқ

10

5.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, Азаматтық қорғаныс үшін қаржы және материалдық ресурстар резервтерінің бары

иә

0

жоқ

10

6.

Азаматтық қорғаныс саласындағы халықты (персоналды) оқыту

иә

0

жоқ

10

7.

Заманауи зақымдану құралдары ықпалынан және төтенше жағдай туындаған кезде халықты (персоналды) қорғау бойынша іс-шаралар өткізу

иә

0

жоқ

10

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 20 қарашадағы 
№ 402 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2010 жылғы 30 қарашадағы 
№ 238 бірлескен бұйрығына
2-қосымша         

Нысаны

Азаматтық қорғаныс саласындағы
тексеру парағы
 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________
Тағайындау туралы акті _____________________________________________
                                    (№, датасы)
Тексеріс өткізу уақыты _____________________________________________
Тексеру мезгілі ____________________________________________________
Ұйым атауы _________________________________________________________
Объект атауы _______________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________
СТН ________________________________________________________________
ИИН/БИН (оның барында) 


р/с
Тексерілетін мәселе Орындау туралы белгі
орындалды орындалмады
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау 

1.

Азаматтық қорғаныстың орындалған іс-шаралары туралы есепті Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына ұсыну



2.

Тиісті деңгейдегі Азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен Азаматтық қорғаныс жоспарларының  болуы



3.

*Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы органдарында Азаматтық қорғаныс бойынша бөлімдердің (қызметкерлердің) болуы



4.

Ұйымда бірінші басшыға тікелей бағынысты Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттерді шешетін арнайы уәкілетті құрылымдық бөлімшенің (жеке қызметкердің) болуы



5.

*Азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету және осы мақсатқа дайындау үшін Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар күштері мен құралдарының болуы



6.

Эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссияларының болуы



7.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиялардың немесе осы функцияларды орындайтын басқа органның болуы 



8.

*Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің тиісті кіші жүйесінің міндеттері, ұйымдастырылуы мен әрекеттесу тәртібі бойынша ереженің болуы



9.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау бойынша бекітілген перспективалы және ағымдық жоспарлардың және оларды жою бойынша іс-қимыл жоспарларының болуы



10.

*Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, сондай-ақ ол туралы ереженің болуы 



11.

*Қызметкерлер мен олардың жанұяларын эвакуациялауға дайындау және оны ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру



12.

*Ведомстволық бағынысты аумақтарда орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауын қамтамасыз ету



13.

Эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету



14.

Қызметкерлердің азаматтық қорғаныс бойынша міндеттерін орындауы үшін қажетті жағдайдың болуы



2. Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу

15.

Ықтимал су тасқынын, селді, сырғыма мен басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды есепке ала отырып, аумақтағы құрылыстарды жоспарлауды жүзеге асыру



16.

Халық пен қоршаған орта үшін жоғары қауіп тудыратын шаруашылық жүргізу объектілері орналасқан ведомстволық бағынысты аумақтарда, сондай-ақ қарқынды мұнай-, газ өндіру және жер асты қазбалары аудандарында сейсмикалық аудандастыру және сейсмикалық қауіпті бағалау жүргізуді жүзеге асыру



17.

Ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикаға қарсы нығайту бойынша жұмысты жүзеге асыру



18.

Күрделі жөндеу кезінде сейсмикалық тұрақсыз құрылыстар мен ғимараттардың құрылыс конструкцияларын міндетті сейсмикаға қарсы нығайтуды жүзеге асыру



19.

Теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуды қамтамасыз ету



20.

Су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету



21.

Су тасқындары болуы, су басып қалуы және су астында қалып қоюы мүмкiн аймақтарда жер учаскелерiнiң шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне тыйым салу



22.

Әзірленетін орынжай аудандарында бар құрылыстар мен ғимараттардың беріктігі мен тұрақтылығын арттыру



23.

Кенiштердi игеруге байланысты төтенше жағдайлардан болуы ықтимал залалды азайту жөнiндегi алдын алу шараларын жүргiзу, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда кен өндiрудi тоқтату және қорғаныш шараларының қажеттi кешенiн орындап, кенiштердi консервациялау



24.

*Бейбіт және соғыс уақытында қызмет ету саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру



3. Басқару, байланыс және хабардар ету жүйесінің бейбіт және соғыс уақытына әзірлігі

25.

Мониторинг жүйесінің, персоналды, шаруашылық жасайтын субъектіні және халықты техногендік апаттар туралы хабардар ету жүйесінің болуы.



26.

Ұжымдық және жеке қорғау құралдарының, жергілікті хабардар ету жүйесінің болуы, олардың әзірлігінің ұдайы қамтамасыз етілуі.



27.

*Тиісті байланыс және хабардар ету құралдарымен жарақталған қалалық және қаладан тыс басқару пунктерінің болуы



4. Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының бейбіт және соғыс уақытындағы іс-қимылдарға әзірлігі

28.

Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және оны жою бойынша күштер мен құралдардың болуы, олардың пайдалануға әзірлігі



29.

Объектілік құралымдардың болуы



30.

*Аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық құралымдардың болуы 



31.

*Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының, басқару, хабардар ету және байланыс жүйесінің тұрақты әзірлігі



5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, Азаматтық қорғанысқа арналған қаржылық және материалдық ресурстар резервтерінің болуы 

32.

*Төтенше жағдайлар кезінде панасыз қалған халыққа арналған уақытша тұрғын үй резервінің құру



33.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде азық-түлік, дәрі-дәрмек және материалдық-техникалық құралдар қорының құру



34.

*Ведомостволық бағынысты ұйымдарда материалдық-техникалық, азық-түлік және дәрі-дәрмек пен басқа да ресурстар қорының болуы және оларды әзірлікте ұстау мен олардың жиналуына, сақталуына, жаңартылуына және пайдалануға дайындығын қолдауға бақылауды жүзеге асыру



35.

*Азаматтық қорғаныс басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігін даярлауды және қолдауды қамтамасыз ету, оларды авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін жеке құраммен жинақтау, қажетті техникамен, арнайы жабдықпен, құралдармен жарақтандыру



36.

*Заманауи зақымдану құралдарын пайдалану жағдайында халықты алғашқы тіршілік әрекетімен қамтамасыз етуге кепілдік беретін Азаматтық қорғаныс мүліктерінің, материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстардың болуы, олардың жинақталуын сақталуын, жаңартылуын және әзірлікте ұстауын жүзеге асыру



37.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін Азаматтық қорғаныс мүліктері қорының болуы



6. Халықты (персоналды) Азаматтық қорғаныс саласында оқыту

38.

*Азаматтық қорғаныс құралымдары әзірлігін жүргізу және сала қызметкерлерін заманауи зақымдану құралдарынан қорғану және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар тәсілдеріне оқыту



39.

Қызметкерлерді, сондай-ақ аса қауіпті объектілердегі авариялардан ықтимал зақымдану аймақтарында тұратын халықты азаматтық қорғаныс бойынша оқытуды жүзеге асыру



40.

*Осы аумақтағы ықтимал төтенше жағдайлар сипатына сәйкес халық пен ұйымды қатер фактісі және төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану бойынша қажетті шараларды хабарлау



41.

*Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асыру



42.

*Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою бойынша іс-шараларды насихаттау жоспарының болуы



43.

Азаматтық қорғаныс құралымдарына кірмейтін персоналмен оқытылған тақырыпша аясында сынақ тапсыру арқылы бекітілген бағдарлама бойынша жоспарлы сабақтар өткізу



44.

Барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде және кәсіптік-техникалық мектептерде «Азаматтық қорғаныс күнін» өткізу



45.

Химиялық қауіпті объектілердің жанында күшті әсері бар заттардың шығуынан болатын авариялар туындаған кездегі персоналдың іс-қимылдары бойынша сейсмомашықтанулар немесе машықтанулар өткізу



46.

Селқауіпті аудандарда селмашықтануларын өткізу



47.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның біліктілікті арттыру оқу орындарында басшылық құрамды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету



48.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарында басшылық, командалық-басшылық құрамды бекітілген бағдарлама бойынша даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету



7. Халықты (персоналды) заманауи зақымдану құралдары ықпалынан және төтенше жағдайлар туындауынан қорғау бойынша іс-шаралар өткізу

49.

*Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар шарттарында заманауи зақымдану құралдарының қатері мен қолданылуы кезінде сала қызметкерлерін қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу



50.

Жұмыс істейтін персоналды, шаруашылық жасайтын объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі заманауи зақымдану құралдары әсерінен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру



51.

Қорғану деңгейін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындау



Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағына ескерту:
      * орталық, жергілікті атқарушы органдарда тәуекелдер дәрежесіне бағалау жүргізуге арналған пунктер
 

Уәкілетті органның лауазымды адамы:

_____________________________________  ________________
                (Т.А.Ә.)                         (қолы)
_____________________________________
               (лауазымы)

Бақылау субъектісі:

_____________________________________  _________________
                (Т.А.Ә.)                          (қолы)
_____________________________________
               (лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады