Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 414 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қаңтарда № 6726 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 874 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.10.2015 № 874 бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 25-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    В. Божко

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 27 қарашадағы 
№ 414 бұйрығымен    
бекітілген       

Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі

      1. Осы Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Шарттар) "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін анықтайды.
      2. Оқыту мамандандырылған оқу ұйымдарында жүзеге асырылады.
      3. Курстарда сабақтар өткізу үшін тартылатын мамандандырылған оқу орталықтарының оқытушы құрамында "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімі, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
      4. Жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар Курстың тыңдаушылары болады.
      5. Тұлғалар (өтініш иелері) мамандарды даярлау жөніндегі курс тыңдаушыларының тізіміне қосу туралы өтініш ұсынады. Өтініш еркін түрде беріледі.
      6. Тұлғалар (өтініш иелері) өтінішке мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      2) жоғары білім туралы дипломның көшірмесін;
      3) еңбек кітапшасының көшірмесін немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжатты ұсынады.
      7. Курс бағдарламасын 1-қосымшаға сай Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 72 сағат көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      8. Курстардың сабақ кестесі оқу басталғанға дейін 10 күн бұрын кешіктірілмей құрылады және оны мамандандырылған оқу ұйымының басшысы бекітеді.
      9. Тыңдаушылардың оқу жүктемесінің көлемі аптасына 36 сағат дәріс оқу жұмысынан аспауы қажет. Тыңдаушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі дәріс және дәрістен тыс (дербес) дайындықтың барлық түрлерін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы қажет. Тыңдаушылардың дербес дайындығы үшін күн сайын кемінде үш сағат бөлінеді.
      10. Академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
      11. Оқу тобы 15 адамнан аспайтын санмен құрылады.
      12. Тыңдаушыларды оқуға қабылдау мамандандырылған оқу ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
      13. Тыңдаушылар сабақ барысында қағаз (электронды) тасығыштарда оқу-әдістемелік материалымен қамтамасыз етіледі.
      14. Қорытынды аттестаттауды емтихан комиссиясы кешенді тестілеу емтиханы түрінде жүзеге асырады, оның құрамын мамандандырылған оқу ұйымының басшысы анықтайды. Тестілеу картасында кемінде 30 сұрақ болуы қажет.
      15. Толық оқыту курсынан өтпеген тыңдаушылар қорытынды аттестаттауға жіберілмейді.
      16. Дұрыс жауап кемінде 80% болғанда тестілеу сынағының нәтижелері оң деп саналады. Тестілеу сынағы нәтижелерінің дұрыс жауабы 80% кем тыңдаушылар келесі топтың құрамында бір айдан кейін мерзімде қайта тестілеуден өтеді.
      Тестілеу сынағының нәтижелері хаттамамен ресімделіп, комиссия мүшелері қол қояды және тыңдаушыларға мәлімденеді.
      17. Қорытынды аттестаттауды ойдағыдай тапсырған тұлғаларға Шарттардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы сертификат беріледі.

Сараптау ұйымдары үшін 
мамандардың арнайы оқыту
курстарынан өту шарттары
мен тәртібіне    
1-қосымша     

Нысан

Сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту курстарының үлгілік оқу жоспары

Тақырып атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

Дәрістер

Практикалық сабақтар

1.

Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құқықтық қамтамасыз ету.

2

2

-

2.

Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында қатерлерді тәуелсіз бағалау жүргізу ережесі.

2

2

-

3.

Өрт қатері. Техникалық жүйелердің сенімділігі.

4

2

2

4.

Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістердің санаттарын есептеу әдістемесі.

6

2

4

5.

Ғимараттар, құрылыстар және олардың өрт кезіндегі төзімділігі.

6

2

4

6.

Үй-жайда, ғимаратта өрт болған кезде қауіпті факторлардың дамуын бағалау және болжау әдістері.

4

2

2

7.

Өрт кезінде адамдарды ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету.

8

2

6

8.

Қорғау объектісінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық шешімдер.

2

2


9.

Түтіннен қорғау жүйесі.

2

2


10.

Қорғау объектісінің өрт қауіптілігін талдау әдістемесі

6

2

4

11.

Өндірістік ғимараттар үшін өрт қатерін есептеу әдістемесі.

8

2

6

12.

Қоғамдық ғимараттар үшін өрт қатерін есептеу әдістемесі.

6

2

4

13.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаларының тиімділігін бағалау әдістемесі.

4

2

2

14.

Қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, өрт қатерлері шамасын есептеу.

8

2

6

15.

Объектінің өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын дайындау.

2


2

16.

Қорытынды бақылау.

2


2

17.

БАРЛЫҒЫ

72 28 44

Сараптау ұйымдары үшін 
мамандардың арнайы оқыту
курстарынан өту шарттары
мен тәртібіне    
2-қосымша     

Нысан

_______________________________________________________________
                     (оқу ұйымының атауы)

СЕРТИФИКАТ

№ ______________________
(сертификаттың нөмірі)

ОСЫ СЕРТИФИКАТ

______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә.)

Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз жөніндегі
                              (атауы)

сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту курстарынан өткенін растайды

______________________________                   _____________
(оқу ұйымы басшысының Т.А.Ә.)                       (қолы)

М.О.

____________________________
(сертификатты берген датасы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады