"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 98-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6184 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. «Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3092 нөмірмен тіркелген), мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыпта, 1-тармақта «магистральдық темір жол желісінің» деген сөздерден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      төменгі сол жақтағы «Келісілген: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы 2004 ж. 16 қыркүйекте» деген белгі алып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
      тақырыпта және барлық мәтін бойынша «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің», «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін», «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне» деген сөздер тиісінше «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің», «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін», «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша «магистралдық темір жол желісінің операторы», «магистралдық темір жол желісінің оператормен», «магистралдық темір жол желісінің операторына», «магистралдық темір жол желісі операторының», «магистралдық темір жол желісі операторына» деген сөздерден кейін тиісінше «және концессионер», «және конценсионермен», «және концессионерге», «және концессионердің» деген сөздермен толықтырылсын;
      барлық мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетін», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті» деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақта:
      2) тармақша «желісінің» деген сөзден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңыздылығын темір жолмен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыны көрсете отырып, бағытын, құрамдылығын, субсидиялардың сомасын көрсетіп құзыретті орган растауға тиіс»;
      14-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      18-тармақтың екінші бөлігіндегі «он бес» және «он», деген сөздер тиісінше «он» және «бес», деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ және барлық мәтін бойынша «тұтынушы», «тұтынушымен», «тұтынушыдан», «тұтынушыға», «тұтынушының», «тұтынушылардың» деген сөздерден кейін тиісінше «және/немесе концессионер,», «және/немесе концессионермен», «және/немесе концессионерден», «және/немесе концессионерге», «және/немесе концессионердің», «және/немесе концессионерлердің» деген сөздермен толықтырылсын.
      көрсетілген Ереженің 1-4-қосымшаларда «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығымен бекітілген» деген сөз алып тасталсын және «магистральдық темір жол желісінің» деген сөздерден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
      тақырып және барлық мәтін бойынша «магистральдық темір жол желісі» деген сөзден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген Ереженің 4-қосымшасының тақырыбы:
      «операторы» деген сөзден кейін «және концессионер» деген сөзбен толықтырылсын;
      «желісі» деген сөзден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      _______________ Ә. Құсайынов
      2010 жылғы 02 сәуір

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ________________ Б. Жәмішев
      2010 жылғы 05 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады