Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6198 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларының үлгі нысандары;
      2) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерімен жолдама беру ережелері бекітілсін.
      2. «Балық шаруашылығы ұйымдарының жолдама үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы № 16-01-07/81п (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4795 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылғы маусым-шiлдеде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                         А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 31 наурыздағы 
№ 220 бұйрығымен     
бекітілген        

Үлгі нысан  
Типовая форма

Жолдаманың алдыңғы беті
Лицевая сторона путевки

Аңшылық шаруашылығының аумағында ғана жарамды Действительно только на территории охотничьего хозяйства _________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы)
(наименование субъекта охотничьего хозяйства)           ЖОЛДАМА №_____________ (бір жолғы, маусымдық)
                    (тіркеу нөмірі)
        ПУТЕВКА № _______________________ (разовая, сезонная)
                    (регистрационный номер) Жолдама құны _____________________ теңге
Стоимость путевки ________________ теңге Аңшының Т.А.Ж. ____________________________________________________
Ф.И.О. охотника ___________________________________________________ Аңшының куәлігі № ____________________ Берілген күні ______________
Удостоверение охотника № _____________ Дата выдачи ________________ Аң аулау учаскесі нақты белгіленген аңшылық шаруашылығының атауы
___________________________________________________________________ Наименование охотничьего хозяйства, с указанием конкретного участка для охоты
___________________________________________________________________ Қорықшыға жіберіледі ______________________________________________
                                          (Т.А.Ж.)
Направляется к егерю ______________________________________________
                                          (Ф.И.О.) Қолданылу мерзімі 20__ жылғы «___» _____ ден 20__ жылғы «___» ______ дейін
Срок действия с «___» ______ 20__ г. по «___» ______________ 20__ г. Аңшылық шаруашылығының жолдама берген жауапты адамы _______________
                                                     (Т.А.Ж, қолы)
Ответственное лицо, охотничьего хозяйства, выдавшее путевку _________________
(Ф.И.О., подпись) Аңшылық шаруашылығының ішкі күн тәртібінің ережелерімен таныстым
_______________
(аңшының қолы) С правилами внутреннего распорядка охотничьего хозяйства ознакомлен
__________________
(подпись охотника) М.О.           Жолдама берілген күн 20__ жылғы «___» ______________
М.П.           Дата выдачи путевки «___» ___________ 20__ г.

Жолдаманың артқы беті 
Обратная сторона Путевки

Марканы желімдеуге арналған орын (немесе тұяқты жануарлардың түрі мен саны туралы белгі соғу) Место для наклеивания марок (или отметка о виде и количестве копытных животных) Нақты ауланғаны
Фактически добыто
Күні Дата Қорықшының немесе аңшының қолы Подпись егеря или охотника
Құстың түрі Вид дичи Саны Количество

Ескерту: 

1. Марка аңшылық шаруашылығы ұйымының мөрімен (штампымен) есептен шығарылады
2. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының өзі жүргізеді
3. Жолдаманы басқа адамға беруге тыйым салынады

Примечание:

1. Марка гасится печатью (штампом) субъекта охотничьего хозяйства
2. Отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим охотником
3. Передача Путевки другому лицу запрещена

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 31 наурыздағы 
№ 220 бұйрығымен     
бекітілген        

Үлгі нысан 
Типовая форма

Жолдаманың алдыңғы беті
Лицевая сторона путевки

_________________________________________ аумағында ғана жарамды
(балық шаруашылығы субъектісінің атауы) Действительно только на территории
________________________________________________
(наименование субъекта рыбного хозяйства)         ЖОЛДАМА № __________________ (бір жолғы, маусымдық)
                      (тіркеу нөмірі)         ПУТЕВКА № ______________________ (разовая, сезонная)
                   (регистрационный номер) Жолдама құны ___________________ теңге
Стоимость путевки ________________ тенге Т.А.Ж.____________________________________________________________
Ф.И.О.____________________________________________________________ Берілген күні _______________________
Дата выдачи _________________________ Балық шаруашылығы субъектісінің атауы
__________________________________________________________________
Наименование субъекта рыбного хозяйства
__________________________________________________________________
су айдынына және (немесе) учаскеге
__________________________________________________________________
                  (су айдыныны немесе учаскенің атауы) ________________________________________ аулау мақсатында жіберіледі
(балықтың және басқа да су жануарларының түрі) Направляется на водоем и (или) участок _____________________________
                                  (наименования водоема или участка) с целью добывания _________________________________________________
                          (вид рыб и других водных животных) Ауланатын балықтың және басқа да су жануарларының түрлері бойынша көлемі (кг)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Количество вылавливаемой рыбы и других водных животных (кг) по видам
___________________________________________________________________ Қолданылу мерзімі 20__ жылғы «___» _________ ден 20__ жылғы «___» __________ дейін Срок действия с «___» ___________ 20___ г. по «___» _______ 20___ г. Жолдама берген балық шаруашылығы субъектісінің жауапты адамы
___________________________________________________________________
                            (Т.А.Ж, қолы) Ответственное лицо, субъекта рыбного хозяйства, выдавшее путевку
___________________________________________________________________
                           (Ф.И.О., подпись) Ішкі күн тәртібінің ережелерімен таныстым жолдаманы алдым _________
                                                       (Т.А.Ж, қолы) Путевку получил с правилами внутреннего распорядка ознакомлен ______
                                                    (Ф.И.О. подпись) М.О.        Жолдама берілген күн 20__ жылғы «___» ________________
М.П.        Дата выдачи путевки «___» ___________ 20__ г._________

Жолдаманың артқы бетi 
Обратная сторона Путевки

Нақты ауланғаны
Фактически добыто
Күнi Дата Жолдаманы рәсімдеген қорықшының немесе тұлғаның қолы Подпись егеря или лица на которого оформлена путевка
Аулаған балықтың, басқа су жануарларының түрлерi Вид рыб, других водных животных Саны
(кг) Количество (кг)

Ескерту:

1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – тұлғаның өзі жүргізеді
2. Жолдаманы басқа адамға беруге тыйым салынады.

Примечание:

1. Отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим физическим лицом
2. Передача Путевки другому лицу запрещена

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 31 наурыздағы  
№ 220 бұйрығымен     
бекітілген        

Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерімен
жолдама беру ережеcі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерімен жолдама беру ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жолдаманы беру тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) жолқұжат – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаларға берiлетiн құжат;
      2) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;
      3) балық шаруашылығы субъектісі – негізгі қызметінің бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға.

2. Жолдама беру тәртiбi

      3. Жолдама аңшылық және балық шаруашылығы субъектісімен жеке тұлғаның өтініші бойынша бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне бөлінген квота шегінде бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн беріледі.
      4. Аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы әрекет ету мерзіміне байланысты бір жолғы және маусымдық болып бөлінеді. Бір жолғы жолдама үш күнтізбелік күнге, ал маусымдық жолдама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережелерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес аң аулаудың бүкіл мерзіміне беріледі. Маусымдық жолдаманы беру кезінде тұяқты жануарлар мен аюды қоспағанда аулануы жоспарланып отырған құстың саны бес дара нұсқадан аспауы тиіс.
      Аңшылық шаруашылығы субъектісімен берілетін жолдама тіркеу нөмірі бірдей екі дана болып толтырылады. Жолдаманың бірінші данасы рұқсат етілген жапсырмалармен (маркалармен) бірге аңшыға беріледі, ал рұқсаттың (маркалардың) түбіртегі жапсырылған Жолдаманың екінші данасы аңшылық шаруашылығы ұйымында қалып, үш жыл сақталады.
      5. Балық шаруашылығы субъектісімен берілетін Жолдаманың қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Балық аулау ережелерінде белгіленген балық аулау мерзімдері шегінде балық шаруашылығы субъектісімен анықталады.
      Балық шаруашылығы субъектісімен берілетін жолдама тіркеу нөмірі бірдей екі дана болып толтырылады. Толтырылған Жолдаманың бір данасы жеке тұлғаға беріледі, ал Жолдаманың екінші данасы балық шаруашылығы субъектісінде қалып, үш жыл сақталады.
      6. Аң аулауға жолдама келесі жағдайларда берілмейді:
      1) бөлінген квотаның аңшылық шаруашылығы субъектісімен толық игерілуі немесе квотаның болмауы;
      2) аңшы куәлігінің болмауы;
      3) қару қолдануға рұқсаттың болмауы;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережелерінде белгіленген аулау мерзіміне, орнына, тәсілдеріне және қолданылатын қаруға тыйым салынған болса.
      7. Балық шаруашылығы субъектісімен жолдама келесі жағдайларда берілмейді:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен және «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 5756 нөмірмен тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерінде белгіленген аулау мерзіміне, орнына, тәсілдеріне және қолданылатын қаруға тыйым салынған болса;
      2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алуға квота болмаса.
      8. Жолдаманы беруден бас тарту жеке тұлғаға өтінім берген күні бас тарту себептері мен негіздемесі белгіленіп жазбаша түрде рәсімделеді.
      9. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері берілген жолдамаларды осы Ережеге қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша, нөмірленген, байланған және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылған жорналда тіркеп есепке алады.

Аңшылық және балық шаруашылығы
субъектілерімен жолдама беру 
ережесіне қосымша      

Нысан

Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерімен
берілген жолдамаларды тіркеу
жорналы __________________________________________________________
__________________________________________________________
      (аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің атауы)


р/с

Аңшының, балықшының тегі, аты-жөні

Аңшының, балықшының мекен-жайы

Жолдаманың нөмірі

Құстың, жануарлардың, балықтың және басқа да су жануарларының түрлері

Аң аулау, балық аулау мерзімдері

Жолдаманы алғаны туралы қолы





























______________________________________________________
(аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады