"Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6215 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 210 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 210 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2857 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде» 2004 ж. № 29-32, 961-құжат, «Официальная газета» газетінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы № 49 (206) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тікелей тартылған көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында білікке түсетін жүктемесі 8 тоннаға дейінгі автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеулер енгізілсін.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Ә. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ________ С. Баймағамбетов
      2010 жылғы 1 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      ________________ В. Бажко
      2010 жылғы 2 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады