Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың запасын бақылауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 299 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6259 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 80-бабының 5-тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. «Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 5 наурыздағы № 93, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4597 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы, наурыз-сәуір) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 
2010 жылғы 29 сәуірдегі 
№ 299 бұйрығымен бекітілген

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 80-бабының 5 тармақшасына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
      2. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқымы базасы объектілерінде (бұдан әрі - Базасы) жүзеге асырылады, ал олар жетіспеген жағдайда қалыпты екпелерде тұқым дайындауға жол беріледі.
      3. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау олардың селекциялық санаттары: сортты, жақсартылған, қалыпты санаттар бойынша бөлек жүргізіледі.
      4. Орман тұқымдарының, ал кейіннен көшет материалының және өсірілген жасанды орман екпелерінің тегі мен генетикалық сапасының жойылуына жол бермеу мақсатында орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау біртекті партиялармен жүзеге асырылады.

2. Орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыру тәртібі

      5. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыруды сүрек дайындау үшін мемлекеттік орман қорының учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітіп берілген орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жүзеге асырады.
      6. Орман тұқымдарының қажетті мөлшері мен олардың түр құрамын орман иеленуші:
      1) орман орналастыру айқындайтын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру, орман өсіру жөніндегі іс-шаралардың көлемін;
      2) басқа заңды және жеке тұлғалардың тұқымдар жөніндегі қажеттілігін, оның ішінде экспортқа тұқым шығаруды қанағаттандыруды;
      3) жеміс беру кезеңділігі ұзақ жекелеген ағаш түрлері тұқымдарының резервтік қорын жасау қажеттігін басшылыққа ала отырып белгілейді.
      7. Орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыру кезінде:
      1) орман тұқымдарының аудандастырылуын сақтау және орман тұқымдарын орман өсіру жағдайларына сәйкес пайдалануға кепілдік беретін түрлер бойынша орман тұқымдарының бөлек жиналуын қамтамасыз ету;
      2) орман тұқымдарының жоғары сапалы болуы тән Базасының жеміс беретін объектілерінде орман тұқымдарының барынша көп жиналуын қамтамасыз ету;
      3) орман тұқымдарын дайындауды бір текке жататын алуан түрлер бірге өскен жағдайда түрлері бойынша бөлек, ал фенологиялық нысандары анық байқалатын ағаш түрлерінің тұқымы үшін - осы нысандар бойынша бөлек жүргізу қажет.
      8. Орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар орман тұқымдары жаппай пісіп-жетілмей тұрып олардың шығымдылығын анықтау мақсатында орман тұқымдарын жинауға арналған барлық жеміс беретін объектілерге алдын ала тексеру жүргізеді. Үстіміздегі жылы орман тұқымдарын жинау үшін белгіленген жеміс беретін объектілердің орналасуы және жинау мерзімі жайында орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар уәкілетті органның аумақтық органдарын жазбаша хабардар етеді.
      9. Орман тұқымдарының күтілетін өніміне болжам жасау алдын ала бөлінген көлемі кемінде 0,25 га сынақ алаңында осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес алты баллдық шәкіл бойынша көзбен байқап көру әдісімен жүргізіледі.
      10. Орман тұқымдарын бақылау мақсатында жинау үшін учаскеде тозаңдану және жарықтану жағдайлары әртүрлі 3-10 қалыпты ағаш бөледі. Орман тұқымдарын ұшарбасының әр қабатынан осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орташа үлгінің мөлшерлі салмағы көлемінде жинайды.
      Орман тұқымдары сапасының бастапқы бағасын кесу немесе өсіру әдісімен анықтайды.
      11. Орман тұқымдарын жинау осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген мерзімде олар толық піскеннен кейін жүзеге асырылады.
      12. Орман тұқымдары өсіп тұрған, кесілген ағаштар мен бұталардан, сондай-ақ жер бетінен (шашылып қалған тұқымдар) дайындалуы мүмкін.
      13. Өсіп тұрған ағаштар мен бұталардан бүрлер мен жемістер қолмен немесе кескіш, тістегіш құралдарды, әртүрлі сатыларды, көтергіш құрылғылар мен машиналарды пайдаланып жиналады.
      Бұл ретте өсіп тұрған ағаштардың бұталарын шабуға және кесуге, сондай-ақ сексеуілдің бұталарын сындыруға болмайды.
      14. Тұқым жиналатын жердің беті алдын ала тазартылып, жер бетінен негізінен ірі жемістер: емен жаңғағы, жабайы жемістер, грек жаңғағы, сондай-ақ сүйір жапырақты үйеңкі, шегіршін және басқа да ағаштардың тұқымдары жиналады.
      15. Уақытша орман тұқымы учаскелерінде (бұдан әрі – Уақытша участкелер) және кеспеағаштарда (қалыпты екпелерде) кесілген ағаштардан бүрлер мен жемістер дайындау үшін ағаш дайындау мерзімі орман тұқымдарын жинау мерзімімен ұштастырылады. Шабылған бұтақтардан бүрлер мен жемістер жинау ағаштар құлатылған жерден әрі кеткенде 50 м қашықтықта жүргізіледі.
      16. Жиналған бүрлер мен құрғақ жемістерді сақтау кезінде өздігінен қызып кетпеуі үшін кептіріп алады.
      17. Тез бұзылатын шырынды жемістерді (тұт, қарақат, сары өрік және басқалары) орман тұқымдарын ажыратып алу үшін бірден өңдеуге жібереді.
      18. Орман тұқымдарын өңдеу ағаш тұқымдарына, жемістің түрлеріне, тұқым шикізатының жай-күйіне байланысты осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.

3. Орман тұқымдарын өңдеу тәртібі

      19. Қылқан жапырақты ағаштардың орман тұқымдарын бүрлерден және бүржидектерден ажыратып алу механикалық тәсілмен немесе бүрлердің ашылуы үшін оларды кептіру жолымен жүзеге асырылады.
      20. Қарағайдың кейбір түрлерінің (самырсын, корей), сібір майқарағайының және аршалардың тұқымдарын ажыратып алу үшін механикалық өңдеу тәсілі қолданылады.
      Бұл орайда бүрлер арнайы машиналарда немесе қолмен ағаш балғалармен немесе ағаш үккіштермен ұнтақтау арқылы үгітіледі.
      Сібір майқарағайының, шығыс биотасының және батыс боз аршасының бүрлері олар толық піскенге дейін жиналады, пісуі үшін кептіреді және арнайы машиналарда үгітеді. Бүрлерді арнайы машиналарда немесе қолмен ұнтақтайды.
      21. Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, сібір балқарағайының, сібір майқарағайының бүрлерін тұқым ажырату үшін бүркептіргіштерде немесе табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіреді.
      Бүрлерден ажыратып алынған тұқымдарды тұқым тазартқыш машиналарда, қанатсыздандырғыштарда, желпігіштерде немесе торларда қанатсыздандырады және желпиді.
      22. Кәдімгі қарағай мен шыршалардың тұқымын сумен қанатсыздандыруға болады. Бұл орайда қанатсыздандырылмаған тұқымдарды жылы бөлмеге (ауа температурасы 25oС) жайманың үстіне 10 см-ге дейін қалыңдықпен шашып, 1 кг тұқымға 100 г су есебімен бүріккішпен біркелкі дымқылдайды. Күні бойы орман тұқымдарын бірнеше рет аударыстырады, содан соң желпиді.
      23. Сукачев балқарағайы мен Шренк шыршасының толық дәнді орман тұқымдарын дәні жоқ тұқымдардан оларды: балқарағайды - 4-5 сағат және шыршаны 15-20 сағат суға батырып қою арқылы бөліп алуға болады. Тұқым мен судың арақатынасы тиісінше 1:5.
      Судың бетіне қалқып шыққан орман тұқымдарын жинап алады, суды төгіп тастайды, ал түбінде қалған толық дәнді орман тұқымдарын белгіленген дымқылдылыққа дейін кептіреді.
      24. Табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіру құрғақ және желдетілетін бөлмелерде немесе күн астында жүргізіледі. Бұл ретте кептіру процесін жеделдету үшін бүрлерді жұқалап жайып қояды және күніне 1-2 рет араластырады.
      Ашылған бүрлерді тұқым тазалағыш машиналарда немесе қолмен үгітеді.
      25. Жапырақты ағаш түрлерінің орман тұқымдары былай бөлінеді:
      1) құрғақ (емен, қайың, үйеңкілер және басқалар);
      2) шырынды, оның ішінде:
      шырынды жеміссерігімен (қарақат, тұт және басқалар);
      етті жеміссерік (сары өрік, қара өрік және басқалар);
      еті құрғақ жеміссерік (пісте, жаңғақ және басқалар).
      26. Еті құрғақ жеміс серігі бар құрғақ орман тұқымдары мен жемістерді жинап алғаннан кейін шіріп кетпеуі үшін оларды кеуіп құрғап қалғанша кептіреді. Бұл үшін оларды бастырманың астына немесе жақсы желдетілетін бөлмелерде жайманың үстіне немесе сөрелерде 3-4 см (қарағаштар) және 10-15 см (емен жаңғағы, жаңғақтар) қалыңдықта жайып тастайды.
      27. Кептіру ұзақтығы ағаш түріне және ауа райы жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында қарағаш тұқымдарын кептіруге 2-3 күн, жаңғақ жемістілері - 3-5 күн, үйеңкілер мен шағандардың қанатты тұқымдары - 5-7 күн, емен жаңғағы үшін - 10 күнге дейін қажет болады.
      28. Құрғақ жемістерді кептіру үшін қолда бар бүркептіргіштерді немесе ауылшаруашылық астық кептіргіштерін пайдалануға болады.
      29. Кептіріп алған соң құрғақ орман тұқымдарын түрлі бөтен қоспалардан (бұтақтар, жеміс тұғырлары, жапырақтар және тағы басқалар) тазартады, тұқым тазалайтын машиналарда қанатсыздандырып (қарағаштардың, сексеуілдің, шаған мен үйеңкілердің және тағы да басқалардың қанатты тұқымдары), кейіннен желпиді.
      30. Бұршақ тұқымды ағаштардың, жұпаргүлдің, теректер мен талдардың жемістерін алдымен жайманың бетіне төгіп көлеңкеде кептіреді, сосын күн астында толық ашылғанша жиі-жиі араластырып, соңынан үгітеді және жеміссеріктері мен басқа да қоспалардан тазартады.
      31. Жидектердің шырынды жемістері, жеміс шоғыры, сүйекті шырынды жемістер бұзылып кетпес үшін тұқымын ажыратып алу мақсатында өңдеуге жіберіледі.
      32. Аз ғана мөлшерде өңдеу кезінде шырынды жемістерден, оның ішінде жидектерден, жеміс шоғырынан, сүйекті жемістерден, шекілдеуік тұқымды ағаштар жемісінен (алма, алмұрт және басқалары) және сүйекті тұқымды ағаштар жемісінен (сары өрік, қара өрік және басқалары), сондай-ақ қына ағашының, ұшқаттың, шетеннің және итмұрынның жемісінен тұқымды ажырату қолмен кесу, оны езу және кейіннен етін ағын сумен шаю арқылы жүргізіледі.
      33. Жеміс етінен ажыратылған және жақсы жуып-шайылған орман тұқымдары құп-құрғақ болғанша кептіріледі.
      34. Жемістердің үлкен партиялары жеміс өңдейтін кәсіпорындарда қолданылатын жеміс үгітетін, жеміс сүйегін ажырататын және жуу машиналарында жылу қолданылмай өңделеді.
      35. Ормандарды қалпына келтіруге және орман өсіруге арналған дайындалған, сондай-ақ орман иеленуші сатып алған тұқымдарды есепке алу осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізіледі.
      36. Жиналған және өңделген орман тұқымдары партияларға бөлінеді, олардың барынша ауыр массасы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
      37. Жекелеген партияда орман тұқымдарының сапасын бағалау орман тұқымдарының орташа үлгісін талдау негізінде жүзеге асырылады.
      38. Үлгілер сұрыптауды және орташа үлгіні құрауды орман иеленушінің (орман пайдаланушының) үлгілер сұрыптау жөніндегі уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.
      39. Партия біртекті орман тұқымдарынан:
      1) түрі немесе түр алуандығы;
      2) өсетін орнының жағдайлары;
      3) жас топтары (жас балауса, орта жастағы, пісуге жақын, пісіп жетілген);
      4) селекциялық санаттары (сортты, жақсартылған, қалыпты);
      5) екпелердің шығу тегі (табиғи, жасанды);
      6) тұқымды жинау, өңдеу, сақтау тәсілі;
      7) түр-түсі, жылтырлығы, иісі және дымқалдану деңгейі бойынша қалыптастырылады.
      40. Белгілі бір түр орман тұқымдарының әртүрлі партияларын, оның ішінде массасы бойынша шағын партияларын араластыруға болмайды.
      41. Қалыптастырылған орман тұқымдарының партиясы осы Ереженің 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша паспортпен және заттаңбамен куәландырылады.
      42. Тұқымның орташа үлгісін орман тұқымдарының қалыптастырылған партиясынан үлгілер сұрыптау және бастапқы үлгіні құрау жолымен алады.
      43. Үлгі сұрыптау ағаштың түріне және орман тұқымдары партияларын сақтау жағдайларына байланысты арнайы сүңгілермен (конус, дорба, цилиндр пішінді) немесе қолмен жүргізіледі:
      1) үюлі күйінде сақтаулы ұсақ және орташа тұқымдар үшін үлгілер сұрыптау әр қабаттың бес түрлі жерінен (жоғарғы - тереңдігі 10 см, орташа-үйінді биіктігінің жартысы, төменгі - еденнен) жүргізіледі, яғни 15 үлгіден кем болмауы керек;
      2) ірі тұқымдар үшін (жаңғақтар, сүйекті жемістер және басқалары) - әр қабаттың он түрлі жерінен 3 үлгіден алады;
      3) қаптарда (10 қапқа дейін) сақтаулы сусымалы тұқымдар үшін әр қаптан жоғарғы, орта, төменгі қабаттан бір-бірден кемінде үш үлгі, 10 қаптан көп болған жағдайда - алынған үлгінің тереңдігін алмастыра отырып, әр қаптан бір-бір үлгіден алады;
      4) шыны шөлмектерде, темір ыдыстарда, жәшіктерде және басқа да ыдыстарда сақтаулы тұқым партияларынан сүңгілермен немесе қолмен үлгі сұрыптап алу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды тегіс жерге төгеді, араластырады, тегістейді және әр ыдыстың тұқымы төгілген жердің әр тұсынан қолмен кемінде бес үлгі сұрыптап алады.
      44. Сұрыптап алынған тұқым үлгілерін (жеке-жеке) тегіс жерге төгеді, мұқият қарап шығып, партияның біртектілігін анықтау үшін қоқыстануы, иісі, түр-түсі, жылтырлығы және басқа да белгілері бойынша салыстырады.
      45. Жекелеген үлгілердің күрт айырмашылықтары болмаған жағдайда оларды бастапқы үлгі етіп біріктіреді, оның массасы орташа үлгінің кемінде он мәрте массасы мөлшерінде болуы керек.
      46. Бастапқы үлгіден тұқым партиясының сапасын анықтау үшін бір орташа үлгіні бөліп алады.
      47. Орташа үлгіні бөліп алу үшін бастапқы үлгіні тегіс жерге төгеді, араластырады, ұсақ тұқымдар үшін қалыңдығы 3 см дейін және ірі тұқымдар үшін 10 см астам шаршы түрінде тегістейді, содан соң диагоналдары бойынша 4 ұшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы орналасқан ұшбұрыштан тұқым алып тасталынады, ал қалғанын біріктіріп, келесі бөлу үшін қайтадан шаршы түрінде тегістейді. Бөлуді 2-қосымшада көрсетілген белгіленген массаның орташа үлгісін алғанға дейін жүргізеді.
      48. Сұрыптап алынған орташа үлгіні алдын ала суға қайнатып дезинфекцияланған тығыз матадан тігілген таза дорбаларға салады, кендір жіппен байлап, тұқым сапасын, оның энтомологиялық зақымдануын және фитопатологиялық залалдануын анықтау үшін паспорттарын, заттаңбаларын және орташа үлгілер сұрыптау актісін қосып, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдарына жөнелтеді.
      49. Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгіні бастапқы үлгі тұқымының қалдығынан дәл осылай құрайды.
      Сұрыптап алынған үлгіні таза, құрғақ ыдысқа орналастырып, оны тұқым әбден толтырылғаннан кейін аузын тығынмен нығыздап жабады да, сүргіш, балауыз немесе парафин құяды. Орташа тұқым үлгісін ылғал өткізбейтін пленкадан жасалған сыйымдылығы кемінде 0,5 дм3 қапқа салуға болады, қаптың шеттері онда барынша аз ауа қалдыра отырып, ыстық әдіспен жабылады немесе мықтап байланады, содан кейін дәл осындай екінші қапқа салынып, ауызы тығыз байлап тасталады. Заттаңбаның бір данасы ыдыстың немесе қаптың ішіне салынады, екіншісін сыртына желімдейді.
      50. Қалыптастырылған партиялардан орташа тұқым үлгілерінің сұрыпталу дұрыстығына бақылау жасау мақсатында уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы бақылау үлгілерін сұрыптап алады, оларды талдау нәтижелері бойынша тұқым дайындаушыға оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Мемлекеттік бақылау» деген белгісі бар тұқым сапасы туралы тиісті құжат беріледі, ал бұдан бұрын берілген тұқым сапасы туралы құжаттар мемлекеттік үлгілердің сұрыпталуымен бір мезгілде алып қойылады.

4. Орман тұқымдарын сақтау тәртібі

      51. Себуге арналған орман тұқымдары арнайы қоймаларда (тұқым қоймаларында), ал олар болмаған кезде - 8-қосымшада көрсетілген жағдайларға сәйкес осыған лайықталған құрғақ үй-жайларда сақталуы қажет.
      52. Орман тұқымдарын сақтайтын үй-жайлар ауа сору-тарту желдеткіштерімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын тіркеуге арналған приборлармен жабдықталады. Бұл орайда үй-жай ішіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан аспауға тиіс. Үй-жай тұқым сақтайтын қажетті ыдыспен және үлгілер сұрыптауға арналған құрал-сайманмен: науалармен, дән құйғыштармен, шелектермен және тағы да басқалармен қамтамасыз етіледі.
      53. Тұқымды жабық және ашық күйінде сақтайды.
      Жабық тәсілмен тұқымды әртүрлі бітеу жабық ыдыстарда (шөлмектерде, канистрлерде, бидондарда, контейнерлерде), ашық тәсілмен (қаптарда, жәшіктерде және үйілген күйінде) сақталады.
      54. Тұқым таза, құрғақ, берік және міндетті түрде дезинфекцияланған ыдыста сақталады.
      55. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы көп мөлшерде құбылып тұратын жағдайда тұқым бітеу жабық ыдыста сақталады.
      56. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы міндетті түрде хлорлы кальций түтікшесі бар тығынмен жабылған және тұқымның ылғалдылығын ауық-ауық қадағалап отыру үшін тікелей шөлмек ішіне кобальт қағазы салынған шыны шөлмектерде сақталады.
      57. Орман тұқымдарын цемент, асфальт, тас немесе жер едендерде ашық күйінде сақтауға, сондай-ақ тұқымды қант, тұз және химиялық препараттар салынған ыдыстарда сақтауға болмайды.
      58. Қоймаларда тез ылғал тартатын заттарды (тұз, селитра, улы химикаттар және басқалар), тез жанатын сұйық заттарды (бензин, керосин және басқалар), сондай-ақ сапасыз тұқымды, тұқым сақтауға қатысы жоқ мүлікті, материалдарды және құрал-саймандарды сақтауға, қоқыс пен тұқым қалдықтарын қалдыруға болмайды.

5. Орман тұқымдарын пайдалану тәртібі

      59. Орман тұқымдары мен көшет материалдарын пайдалану ормандарды жасанды жолмен қалпына келтіру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (пайдалану шекарасы) реттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестілікте жүзеге асырылады.
      60. Орман тұқымдары мен көшет материалын республикадан тысқары жерлерге шығару осы саладағы уәкілетті органның фитосанитариялық және карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
      61. Орман егу және көшет материалын өсіру кезінде тек тексерілген және кондициялы орман тұқымдары ғана пайдаланылады.
      62. Себу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдары олардың жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және топырақтағы өсімталдығын арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.
      63. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: тұқымды стратификациялау (тұқымның өніп шығуын жеңілдету) (тұқымды тоңазыту), тұқымның сыртқы қабаттарына механикалық, жылумен және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен әсер ету, тұқымдарды дәрілеу және улау.
      Орман тұқымдарын тегіне байланысты себу алдында әзірлеу тәсілдерінің ерекшеліктері осы Ереженің 8-қосымшасында келтірілген.
      64. Тұқымдарды себуге стратификациялау арнайы үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымның түріне байланысты +10-нан + 35оС-қа дейін, салқын стратификация 0-ден +7оС-қа (+10оС сирек) дейін температурада жүргізіледі).
      65. Стратификацияның ұзақтығы орман тұқымдарының физиологиялық тыныштығының сипатына, тұқымның өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың орын алуына байланысты.
      66. Орман тұқымдарын стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.
      67. Орман тұқымдарын тасымалдау (тасу) кезінде олардың бүлінуіне жол бермеу үшін орман тұқымдарын белгілі бір ылғалдылыққа дейін жеткізіп, кептіреді де, 5-6 қабат қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдысқа тығыздамай салады. Ыдысқа салынған орман тұқымдарының бір орнының массасы 50 килограмнан аспайды.
      68. Қап-жәшіктің әрбір орыны орман тұқымдарының түр атауы, массасы, паспортының нөмірлері мен күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдардың атаулары мен мекен-жайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.
      69. Орман тұқымдары орман тұқымбақтарында себу кезінде, сондай-ақ ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін пайдаланады.

6. Орман тұқымдарының сапасын бақылау

      70. Себу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдарының себу сапасын анықтауды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады.
      71. Орман тұқымдарын дайындауға, шығу тегін ескере отырып, өңдеуге, сақтауға бақылау жасауды уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      72. Техникалық жағдайларға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн айқындауды уәкiлеттi органның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың  
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша               

Орман тұқымдарының күтілетін өнімін көз мөлшерімен бағалау шәкілі
(В.Г.Каппер бойынша)

Гүлдену және жеміс беру баллы

Баллдың сипаттамасы

1

2

Екпелер үшін

0

Гүлденбейді және тұқым бермейді

1

Гүлденуі немесе өнім беруі өте нашар (гүлі, бүршігі немесе жемісі орман шетіндегі ағаштар мен жекелеген ағаштарда болымсыз мөлшерде және екпелерде өте аз)

2

Гүлденуі және өнімі нашар (еркін тұрған ағаштар мен орман шетіндегі ағаштарда - қанағаттанарлық, ал екпелерде өте нашар)

3

Гүлденуі, өнімі (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - тәуір, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда қанағаттанарлық)

4

Гүлденуі немесе өнімі жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - өте жақсы, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда - жақсы)

5

Гүлденуі, өнімі өте жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда, орта жастағы) және піскен алқаағаштарда - өте жақсы

Бұталар үшін

1

Гүлденуі, жеміс беруі нашар (гүлдері немесе жемістері бірен-саран кездеседі)

2

Гүлденуі, жеміс беруі - орташа (гүлімен жемісі жартысында жеткілікті)

3

Гүлденуі мен жеміс беруі жақсы (бұталардың басым көпшілігі немесе бәрі жақсы гүлденіп, жеміс береді).

      Ескерту: Жаппай тұқым дайындау үшін пайдаланылатын селекциялық санаты әртүрлі барлық жеміс беретін екпелерде алдын ала тексеру бірыңғай шәкіл бойынша жүргізіледі.

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың 
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша             

Орташа үлгінің массасы

р/с

Түр атауы

Бір үлгі сұрыптап алынатын партияның ең ауыр массасы, кг

Орташа үлгі массасы, г

1

2

3

4

1

Кәдімгі өрік
Armeniaca vulgaris Lam.

500

2500

2

Тұшақұрай
Amorpha fruticosa

100

100

3

Кәдімгі қарақат
Berberis vulgaris L.

100

100

4

Салпыншақ қайың
Betula pendula Roth (B.verucosa Ehrh.)

75

25

5

Шығыс биотасы
(Biota orientalis Endl)

100

150

6

Кәдімгі қынаағаш
Ligustrus vulgare L.

100

200

7

Кәдімгі долана
Crataegus oxyacanth L.

100

300

8

Далалық шие
Cerasus fruticosa (Pall.) G. woron

200

400

9

Кәдімгі шие
Cerasus vulgaris Mill.

400

500

10

Жылтырлы тегіс шегірін
Ulmus laevis Pall.

100

50

11

Қарағаш
Ulmus pinnato-ramosa Dieck.

100

75

12

Үш тікенді қарамала
(Gleditsia triacanthos L.)

400

500

13

Кәдімгі алмұрт
Pirus communis L.

100

150

14

Сәнтал
Cornus sanguinea L.

200

300

15

Жүзгін
Calligonum

200

500

16

Черештат емені
Quercus robur L.

5000

2500

17

Кәдімгі шырша
Picea abies (L.) Karst.

50

50

18

Сібір шыршасы
Picea obovata Lebed.

50

50

19

Шренка шыршасы
Picea Schrenkiana Fet. M

50

75

20

Кәдімгі ұшқат
Lonicera xylosteum L.

50

50

21

Татар ұшқаты
Lonicera tatarica L.

50

50

22

Кәдімгі шәңгіш
Viburnum opulus L.

200

150

23

Сары қараған
Caragana arborescens Lam.

100

200

24

Ақ үйеңкі
Acer pseudoplatanus L.

300

500

25

Сүйір жапырақты үйеңкі
платановидный Acer platanoides L.

300

500

26

Дала үйеңкісі
Acer campestre L.

200

300

27

Татар үйеңкісі
Acer tatarucum L.

200

300

28

Ат талшыны
Aesculus hippocastanum L.

2000

3500

29

Үлкен жапырақты жөке
Tilia platyphyllos Scop.

300

500

30

Кіші жапырақты жөке
Tilia cordata Mill.

200

300

31

Сібір балқарағайы
Larix sibirica Ledeb.

50

75

32

Жіңішке жапырақты жиде
Elaeagnus angustifolia L.

200

500

33

Виргин аршасы
Juniperus virginiana L.

100

200

34

Қара арша
Juniperus communis L.

100

150

35

Шырғанақ
Hippophae ramnoides L.

100

150

36

Греция жаңғағы
Огпдфты купшф Дю

1000

5500

37

Кәдімгі шабдал
Persica vulgaris Mill

1000

2500

38

Сібір самырсыны
Adies sibirica Ltdeb

100

100

39

Ақ инеш
Robinia pseudoacacia L.

100

150

40

Итті раушан
Rosa canina L.

100

150

41

Кәдімгі шетен
Sorbus aucuparica L.

50

25

42

Ақ сексеуіл
Haloxulon persicum Bge.

500

50

43

Қара сексеуіл
Haloxulon apillum

500

50

44

Жалқын
Cotinus coggygria Scop.

75

75

45

Қараөрік
Prunus spinosa L.

400

750

46

Соғды қараөрігі
Prunus divarigata Ldb.

500

1500

47

Қарақат
Ribes aurerum pursh

30

30

48

Шығыс сараңы
Salsola paletzkiana Litv.

500

100

49

Шеркез, Рихтер сараңы
Salsola richteri (Moq.)

500

100

50

Сібір самырсыны
Pinus sibirika Du Tour

500

1000

51

Кәдімгі қарағай
Pinus silvestris L.

50

50

52

Батыс аршасы
Tuja occIdentalis L.

30

25

53

Ақ тұт
Morus alba L.

30

30

54

Қаратұт
Morus nigra L.

30

25

55

Орман алмасы
Malus silvestris (L.) Mill.

100

150

56

Паллас немесе сібір алмасы
Malus pallasiana Juz.

75

50

57

Жасыл шаған
Fraxinus lanceolata Borkh.

200

300

58

Кәдімгі шаған
Flaxinus excelsior L.

200

400

59

Соғды шағаны
Fraxinus sogoliana Bge

200

300

      Ескерту:
      1. Барынша ауыр массаның 1/25 бөлігін құрайтын тұқым партиясы шағын партия деп есептеледі.
      2. Массасы бойынша шағын партиядан орташа үлгі белгіленген массаның тең жартысын құрайтын тұқым үлгісі сұрыптап алынады.
      3. Бір түр тұқымдарының массасы бойынша шағын бірнеше партиясын араластыруға болмайды және олардан бір орташа үлгі сұрыптап алуға жол берілмейді.
      4. Артықшылығы бар ағаштардан және ерекше бағалы тұқымды ағаштарынан жиналған тұқымдар үшін орташа үлгілердің белгіленген массасын сақтамауға болады.

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың 
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
3-қосымша                

Қазақстандағы негізгі ағаш және бұта тұқымдыларының гүлдену, пісіп-жетілу және олардың жемістерін, бүрлерін және тұқымдарын жинау күнпарағы

р/с

Түр атаулары

Уақыты (айлар)

гүлденуі

пісуі

жиналуы

піскен жеміс пен бүрдің түр-түсі

1

2

3

4

5

6

Қылқан жапырақтылар

1

Сібір шыршасы

Ү-VI

ҮІІІ

ҮІІІ-ІХ

құба

2

Шренка шыршасы

Ү

ІХ

ІХ

қоңыр жылтыр

3

Сібір балқарағайы

IҮ-V

ҮІІІ-ІХ

ҮІІІ-ІХ

ашық-сары немесе қоңыр-сары

4

Кәдімгі арша

IV-V

IX

IX-X

қара-көкшіл

5

Зеравшан аршасы

IV-V

IX

X

қара-қошқыл

6

Түркістан аршасы

IV-V

VII

IX

жылтыр қара

7

Сібір самырсыны

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

құба, ашық-құба

8

Сібір балқарағайы

VI

VІІІ-ІХ

ІХ

сұр-қоңыр

9

Кәдімгі қарағай

V-VІ

ІХ-Х

Х-ІІІ

сұр, сұр-құба, қара-қоңыр, қызғылт қоңыр

10

Батыс бозаршасы

ІV-V

ІХ-Х

ІХ-Х

сұр-қоңыр, қара-қоңыр

Жалпақ жапырақтылар

11

Кәдімгі өрік

ІІІ-ІҮ

ҮІ-ҮІІІ

ҮІ-ҮІІІ

қызыл-сары

12

Ақ қараған немесе ақ инеш

Ү-ҮІ

ІХ

IX-XII

қоңырлау-сары

13

Сары қараған

Ү-ҮІ

ҮІ-ҮІІ

ҮІ-ҮІІ

сары-құба

14

Тушақұрай

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

ІХ-Х

қоңырлау

15

Салпыншақ қайың

ҮІІ-VIII

ҮІІ-VIII

сары-жасыл, сары-қоңыр

16

Кәдімгі қынаағаш

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-ХІ

қара, жылтыр

17

Кәдімгі долана

Ү-ҮІ

ҮІІІ

ҮІІІ

құба-қызыл, сары

18

Кәдімгі аюбадам

Ү

ҮІІ-ҮІІІ

ҮІІІ

қызыл, қызғылт-сары

19

Дала шиесі

Ү

ҮІІ

ҮІІ

қызыл

20

Жылтыр шегіршін

III-ІҮ

V

V

сұр

21

Кішкі жапырақты шегіршін

III-ІҮ

ІҮ-Ү

ІҮ-Ү

құм түсті

22

Кәдімгі қарала

Ү-ҮІ

ІХ-Х

IX-XII

қара-қоңыр, жылтыр

23

Алмұрт

ІҮ-Ү

ҮІІІ-Х

ҮІІІ-Х

көк-жасыл

24

Сәнтал, көріктал

ҮІ

ІХ

ІХ-Х

қара

25

Емен

ІҮ-Ү

ІХ-Х

ІХ-Х

қара-қоңыр, жылтыр

26

Кәдімгі ұшқат

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ҮІІІ-ІХ

қою-қызыл

27

Татар ұшқаты

Ү-ҮІ

ҮІІ-ҮІІІ

VІІ-ҮІІІ

ақшыл-қызғылт, шымқай-қызыл

28

Ақ тал

ІҮ-Ү

V-VІ

V-VІ

сары-қоңырлау

29

Шәңгіш

Ү-ҮІ

ІХ

ІХ

ашық-қызыл

30

Сәнағаш

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

ІХ-ХІ

құба

31

Сүйір жапырақты үйеңкі

ІҮ-Ү

ІХ

ІХ-Х

құба-қоңыр

32

Дала үйеңкісі

ІҮ-Ү

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

жасыл-құба, қоңыр-құба

33

Татар үйеңкісі

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

сары-қызыл, құба-қызыл

34

Ат талшыны

Ү-ҮІ

ІХ-Х

ІХ-Х

жасыл, жылтыр қоңыр

35

Үлкен жапырақты жөке

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

ІХ-Х

қара-сұр

36

Кіші жапырақты жөке

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

IX-XII

құба-қоңыр

37

Жіңішке жапырақты жөке

Ү-ҮІ

ІХ-Х

ІХ-Х

ақшыл

38

Шырғанақ

ІҮ-Ү

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

қызыл, қызғылт сары құба

39

Грек жаңғағы

ІҮ-Ү

ҮІІІ-Х

ІХ-Х

сары құба, ақшыл-қоңыр

40

Жабысқақ қандыағаш

ІІІ-ІҮ

Х-ХІ

Х-ХІ

қызыл-құба

41

Кәдімгі шабдал

ІҮ

ҮІІ-ІХ

ҮІІ-ІХ

сары-қызғылт барқыт түсті

42

Итті раушан

Ү-ҮІ

ІХ-Х

Х

қызғылт-сары, қызыл

43

Кәдімгі шетен

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

қызғылт-сары

44

Ақ сексеуіл

ІІІ-ІҮ

Х

Х

ашық-сары, ашық

45

Қара сексеуіл

ІІІ-ІҮ

Х

Х

сұр

46

Жалқын

Ү-ҮІ

ҮІ-ҮІІ

ҮІ-ҮІІ

сұр-қоңырлау

47

Тікенді қараөрік

ІІІ-ІҮ

ҮІІ-ІХ

ҮІІ-ІХ

қара-көк

48

Соғды қараөрік

ІІІ-ІҮ

ҮІІІ-ІХ

ҮІІІ-ІХ

күргін, сары-жасыл, қызылшие

49

Сары қарақат

Ү

ҮІІ

ҮІІ

қара-күнгін

50

Қара қарақат

Ү

ҮІІ

ҮІІ

қара

51

Шығыс сораңы

ҮІ-ҮІІ

Х

Х-ХІ

сұр

52

Рихтер сораңы

ҮІ-ҮІІ

Х

Х-ХІ

сұр-күміс

53

Бальзам терегі

ІҮ-Ү

ҮІ

ҮІ

жасыл-құба

54

Ақ терек

ІІІ-ІҮ

Ү-ҮІ

Ү-ҮІ

ашық-жасыл

55

Қара терек

ІҮ

Ү-ҮІ

Ү-ҮІ

жасыл

56

Батыс бозаршасы

ІҮ-Ү

ІХ-Х

ІХ-Х

ақшыл-сары

57

Ақ тұт

Ү

Ү-ҮІІ

Ү-ҮІІ

ақ, жасылды-ақ

58

Қаратұт

Ү

ҮІ-ҮІІ

ҮІ-ҮІІ

қара-қызыл, қара-сия

59

Жасыл шаған

ІҮ-Ү

ІХ

ІХ-Х

құба

60

Кәдімгі шаған

ІҮ-Ү

ҮІІІ-ІХ

ІХ-ХІ

жасыл-құба

61

Соғды шағаны

ІҮ-Ү

ІХ

ІХ-Х

құба

      Ескерту: Күнпарақта жаппай гүлденуінің және жемістердің (бүрлердің) пісуінің мөлшерлі мерзімдері көрсетілген, олар қолайсыз жағдайларда кешірек басталуы мүмкін. Тұқым жинау үшін сондай-ақ болжамды мерзімдер келтірілген. Сары қараған, қайың, терек пен көкталдың жемістері мен сырғаларын толық піспей тұрып біраз ертелеу жинайды, өйткені піскеннен кейін тұқымдар тез шашылып қалады.
      Кәдімгі шағанның, қабыржықтың және итмұрынның жемістерінде тұқымды себуге неғұрлым ойдағыдай әзірлеу үшін біраз піспеген күйінде жинаған жақсы.

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың  
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
4-қосымша             

Нысан

ОРМАН ТҰҚЫМДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ
Ағаш тұқымы _____________________ түр атауы

Осы тұқым партиясы паспортының № және толтырылған күні

Тұқымның дайындалған жері (алынған) орман тұқым ауданының, кіші ауданының индексі, шаруашылығы, орманшылығы

Тұқым массасы

Тұқымның селекциялық санаты (сорты, жақсартылған, жақсы)

Тұқым сапасы

Тұқым шығыны, кг

Жыл басына кондициялы тұқымдардың қалдығы, кг

Тұқым сапасы туралы құжаттың толтырылған күні және №

Тұқым сапасы туралы құжаттың қолданылу мерзімі

Сапа сыныбы, өнгіштігі % (сапалығы, өміршеңдігі)

Тұқымның жұмсалуы немесе есептен шығарылуы туралы құжаттың № және берілген күні

Жұмсалғаны барлығы оның ішінде өткізілді

Есептен шығарылды (кондициялы емес)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескерту: Орман тұқымдарын есепке алу кітабы нөмірленуге, жіппен байлануға және тұқым дайындаушы - орман иеленушінің (орман пайдаланушының) мөрімен куәландырылуға тиіс.

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың  
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
5-қосымша             

Нысан

      Паспорт № _____

200___ж. массасы ____________________ (_____________________) кг
                      (жазбаша)             (цифрлармен)
____________________________________ тұқым партиясына жасалды.
(тұқымның толық қазақша және латынша түрлік атауы)
1. Осы тұқым партиясын _________________________________________
                         (бағыныстылығын көрсетіп, осы партияны
________________________________________________________________
             дайындаған шаруашылықтың атауы)
2. Шаруашылықтың мекен-жайы және пошта индексі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
3. Электронды поштаның адресі __________________________________
4. Тұқымдар, жемістер, бүрлер жиналған уақыт ____________ 200_ж.
                                              (айы, жылы)
5. Тұқым, жеміс немесе бүршік жиналған орын:____________________
________________________________________________________________
       (орман тұқымы ауданының, кіші ауданының индексі,
________________________________________________________________
            мемлекеттік орман иеленуші, орманшылық)
Орман тұқымы объектісінің санаты _______________________________
                         (ОТП, ТОТУ, УОТУ, кеспеағаш және т.б.)
Сортты немесе жаңартылған тұқымдар _____________________________
                     (плантация немесе учаске №, орам, телім)
6. Алқаағаштардың, плантацияның, учаскенің таксациялық сипаттамасы:
орманның құрамы _________________, бонитеті ____________________,
түрі жас тобы ___________________________________________________
      (балауса, орта жастағы, пісіп келе жатқан, пісіп жетілген)
Селекциялық топ _________________________________________________
Тұқымның орман өсіруге құндылылығы ______________________________
                                (қалыпты, жақсартылған, сортты)
Басқа мәліметтер _______________________________________________
7. Таулы жағдайлар үшін мыналар көрсетіледі:
1) теңіз деңгейінен биіктігі ___________________________________
2) бөктері (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік) _________________
8. Тұқымдарды, жемістерді немесе бүршектерді жаппай дайындау алдында
      алқаағаштарға кім және қашан алдын ала тексеру жүргізді
________________________________________________________________
9. Бүршіктен тұқым қандай әдіспен және қашан алынды, бүршік кептіргіштің түрі, температурасы және т.б.______________________
10. Қылқан жапырақтылар тұқымы қандай әдіспен және қандай механизмді қолданып қанатсыздандырылды және тазартылды ____________
_______________________________________________________________
11. Тұқым құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен алынды
______________________________, тұқым қандай әдіспен тазартылды
______________________________________________________________
12. Тұқым тазарту қашан аяқталды _____________________________
                                    (күні, айы, жылы)
13. Тұқым қайда сақталуда ____________________________________
______________________________________________________________
    (егжей-тегжейлі көрсетілсін: арнайы тұқым сақтағышта,
______________________________________________________________
ыңғайландырылған, суық немесе жылы үй-жайда орларда, жертөледе,
______________________________________________________________
             кенеп жабылып және т.б.)
14. Тұқым қандай ыдыста сақталады ____________________________
                        (бөтелкеде, қапта, жәшікте және т.б.)
15. Тұқым қай жылдың жоспарына дайындалған ___________________
16. Тұқым қандай мақсатпен дайындалды ________________________
                        (өз шаруашылығында себу үшін, өткізу
______________________________________________________________
          үшін, тәжірибелік мақсаттар үшін және т.б.)

      М.О.                          Мемлекеттік орман иеленуші

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың 
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
6-қосымша             

Нысан

Заттаңба

1. Тұқымның түрлік атауы _______________________________________
2. Тұқымның селекциялық құндылығы ______________________________
________________________________________________________________
                (қалыпты, жақсартылған, сортты)
3. Орман тұқымы ауданы, орман өсірілетін аймақ, кіші аймақ _____
________________________________________________________________
4. Орам, телім нөмірі __________________________________________
5. Орман тұқымы объектісінің санаты және нөмірі ________________
6. Шаруашылық (ұйым) атауы _____________________________________
7. Дайындау жылы мен айы _______________________________________
8. Паспорттың нөмірі мен берілген күні _________________________
9. Партияның бастапқы массасы ______________________________ кг.
10. Ыдыстың орын саны және түрі _______________________________
11. Ыдыстыреттік нөмірі _______________________________________
12. Осы ыдыстағы тұқым массасы ________________________________
                             (тұқымның, пайдаланылуына қарай
_______________________________________________________________
                     бастапқы және кейінгі)
13. Тұқымның кондициялылығы туралы куәліктің нөмірі және оның берілген күні, __________________________ тұқымның сапа сыныбы
________, қолданылу мерзімі __________________________________
                        (тұқым сапасын қайта тексеру кезінде)

      Тұқым сақтауға жауапты тұлғаның лауазымы және қолы

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың  
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
7-қосымша                

Нысан

Тұқым сапасын анықтау үшін орташа үлгілер іріктеудің
№ ____ актісі

_______________________________________________________________
        (орман иеленушінің, орман пайдаланушының атауы)
_______________________________________________________________
            (аудан, облыс, мекен-жайы))
тиесілі тұқым сапасын анықтау үшін үлгілер іріктеп алу жөнінде өкілетті мен __________________________________________________
                    (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
200__ ж. ________ комиссия мүшелері ___________________________
        (айы, күні)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
                (әрқайсысының лауазымы,
_______________________________________________________________
                 тегі, аты, әкесінің аты)
қатысуымен және _______________________________________________
                (орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы
_______________________________________________________________
                 аумақтық органның өкілі)
қатысып тұруымен ______________________________________________
                        (сақтау орыны)
      сақтаулы мына партиялардан тұқым қарап, орташа үлгілерді іріктеп алдым.    

р/с

Тұқымның түрлік атауы

Тұқымның өнім берген жылы

Тұқымды дайындау мақсаты (өз қажеті, өткізу және басқалар)

Тұқым партиясының нөмірі

Тұқым партиясының массасы, кг

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Ыдыс түрі және орындардың әр тұқым партиясы бойынша нөмірі

Паспорт нөмірі және көшірмесінің берілген күні

Дайындау орны (тұқым қайдан және қашан алынды)

Орташа үлгінің массасы, г

Тұқымға қанша рет анализ жасалады

Тұқым сапасы туралы соңғы құжаттың нөмірі және берілген күні мен осы құжатты берген мамандандырылған ұйымның атауы

7

8

9

10

11

12

      Үлгілер орман тұқымдарының сапасын анықтау үшін жіберілді.
________________________________________________________________
   (уәкілетті органның мамандандырылған органының атауы, күні)

      Үлгілер іріктеу жөніндегі
      уәкілетті тұлға (лауазымы) _____________________________
                                         (Т.А.Ж., қолы)

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың 
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
8-қосымша              

Нысан

Ағаштар мен бұталардың сан алуан түрлерінің бүрлерін, жемістерін және тұқымдарын жинау, өңдеу және сақтау ерекшеліктері

р/с

Бүрлер мен жемістерді жинау

Бүрлер мен жемістерді өңдеу. Тұқым тазалау

Жалпы массадан бүрлер мен жемістерден тұқым шығымы, %

Тұқым сақтау

Сақтау тәсілдері

Сақтау мерзімі, жыл

Тұқымның оңтайлы ылғалдылығы %

1

2

3

4

5

6

7

Сібір шыршасы, Шренк немесе Тянь-Шань шыршасы

1

Бүрлерді олар селекциялық тұқым шаруашылығы объектілерінде, сондай-ақ қалыпты алқа ағаштарда өсіп тұрған ағаштардан қоңыр түске боялған кезінде жинайды, УОТУ-лерде және кеспе ағаштарда бүрлерді кесілген ағаштардан жинауға болады.

Тұқымдарды бүрлерден бүркептіргіштерде 30-40оС температурада бүрлер ашыла бастағанға дейін және одан кейін олар толық ашылғанға дейін 45 С аспайтын температура жағдайында алады.
Бүрлерді күн бүркептіргіштерінде кептіруге болады.
Алынған тұқым қанатсыздандырғыштарда, тұқым тазарту машиналарында, суға шаю тәсілімен немесе қолмен қанатсыздандырылады, ал содан соң елеуіштерде немесе жел өтіне қолмен желдетіледі.

2-4

Бітеу жабылатын шыны шөлмектерде, сиымдылығы 25 л дейін металл немесе полиэтилен құтыларда

3-4

6-7,5

Сібір балқарағайы

2

Бүрлерді тұқым толық піскенге дейін 15-20 күн қалғанда негізінен селекциялық тұқым объектілерінде және қалыпты алқа ағаштардан
Бүрлерді қолмен жұлып алады, бүр алғыштармен тарайды, жеңіл ағаш таяқтармен сабалайды. Бүрлерді УОТУ-лерде кесілген ағаштардан және кеспеағаштарда қалыпты алқаағаштардан жинауға болады.

Тұқымдарды бүрлерден бүркептіргештерде 30-40оС температурада алдын ала кептірілген бүрлерден алғашқы бүрлер ашыла бастағанға дейін және одан кейін олар толық ашылғанға дейін 45 С аспайтын температура жағдайында алады.
Бүрлерді күн бүркептіргіштерінде кептіруге болады.
Алынған тұқым қанатсыздандырғыштарда, тұқым тазарту машиналарында, суға шаю тәсілімен немесе қолмен қанатсыздандырылады, ал содан соң елеуіштерде немесе жел өтіне қолмен желдетіледі.

4-6

Бітеу жабылатын шыны шөлмектерде, сиымдылығы 25 л дейін металл немесе полиэтилен құтыларда

4-5

8-9

Кәдімгі арша, зеравшан, түркістан және басқа да аршалары

3

Бүржидектерді піскеннен кейін (өзіне тән бояуы болады) үсік басталмай тұрып қолмен жинайды.
Үсіктен кейін бүржидектер жерге түсе бастайды.

Бүржидектерді 3-4 күн суға немесе марганец қышқылы калийдің 0,5% ерітіндісіне салып қояды, содан соң ағаш ыдыста ағаш оқтаулармен ұнтақтайды немесе кедір-бұдыр екі тақтайдың арасына салып, електе немесе тұқым тазарту машиналарында үгітеді.
Содан кейін тұқымды сумен шайып, електерге 1,5-2 см. қалыңдықта жайып кептіреді.

8-10

бұл да

2-3


Сібір майқарағайы

4

Бүрлерді селекциялық тұқым шаруашылығы объектілерінде және қалыпты алқаағаштарда өсіп тұрған ағаштардан ұшар бастардың оңтүстік секторларда олар өзіне тән түске боялып, ішінара шашыла бастаған кезде жинайды.
Кеспеағаштарда бүрлерді кесілген ағаштардан жинауға болады.

Бүрлер жақсы пісу үшін оларды жақсы желдетілетін бөлмелерге шашып қойып, күніне 1-2 рет араластырады.
Тұқымды бүрлерден машинада алу ұсынылады. Машина болмаған жағдайда ашылған бүрлерді қаптарда қолмен үгітеді, тұқымды қабыршақтардан және өзектерден електерде ажыратады, қанатсыздандырады және желдетеді.

20

Бітеу жабылатын шыны шөлмектерде, сиымдылығы 25 л дейін металл немесе полиэтилен құтыларда

2

11-12

Сібір самырсын қарағайы (сібір самырсыны)

5

Бүрлерді (піскен) жинауды өсіп тұрған ағаштардан оларды сырқпен сілку немесе бұтақтарын таяқпен сабалау арқылы жүргізеді.
Өнім мол болған жылдары бүрді жерден қар еріп кеткеннен кейін де жинайды.

Бүрлерді ұсақтайды және тұқымдарды үгіту аппараты бар машиналарда қоспалардан тазартады.
Машина болмаған жағдайда бүрлерді ағаш үгіткіш терде ұсақтайды, қисық таяқтармен ұнтақтайды.
Тұқымды електерде тазартады.
Дайындалған тұқымдарды 10-15 см қалыңдықпен күн көзінде кептіреді. Көп тұқымды астық кептіргештерді кептіруге болады

Сібір самырсын қарағайы

Құрғақ, салқын үй-жайларда жәшіктерде, қоймаларда, қамбаларда.
Шұңқырларда, траншеяларда құмқабаттарын төгу арқылы сақтайды.

1

12-16
 

2

-

Кәдімгі қарағай

6

Бүрлерді ТОТБ объектілерінде және қалыпты алқаағаштарда өсіп тұрған ағаштардан қыркүйек-қазанда (ерте жинау) және қарашадан наурызға дейін жинайды. УОТУ мен үстіміздегі жылғы кеспеағаштарда кесілген ағаштардан жинауға болады.

Тұқымды бүрлерден бүркептіргіштерде 50-60оС температурада ажыратып алады. Ерте жиналған бүрлер толық пісуі үшін оларды жақсы желдетілетін жерлерге 1-2 ай қояды, мезгіл-мезгіл араластырып тұрады және сақтауға қойылған соң 1-3 айдан кешіктірмей өңдейді.
Тұқымдарды механикалық тәсілмен немесе су бүрку арқылы қанатсыздандырады және сұрыптайды.

1

Бітеу жабылатын шыны шөлмектерде, сиымдылығы 25 л дейін металл немесе полиэтилен құтыларда

5-6

6-7,8

Батыс бозаршасы

7

Бүрлерді піскен кезінде өсіп тұрған ағаштардан бірден жинайды

Бүрлерді құрғақ үй-жайда жерге жайып брезентте немесе сөрелерде кептіреді және тұқым тез түсу үшін араластырады.

4-10

бұл да

2-3

-

Кәдімгі өрік

8

Жемістерін піскен кезінде бұтақтарынан қолмен үзіп алып немесе (жаппай піскен кезде) жерге төселген төсеніштерге сілку арқылы жинайды.

Тұқымның шағын партияларын дайындау кезінде қолмен жинаған соң 1-2 күн ішінде жемістерді кесіп, сүйектерін жемістерден ажыратып алады немесе тұқымның үлкен партиясын дайындағанда сүйек шығаратын машиналар пайдаланылады.
Сүйектерді 4-5 см қалыңдықта жайып ауада немесе 35оС аспайтын температурада астық кептіргіштерде кептіреді.

10-17

Салқын жерде таза қаптарда, жәшіктерде. Ең сенімді тәсіл құм салынған жәшіктерде сақтау

2

8-12

Бұталы туша қурай

9

Жеміс беретін бұтақтарды күзде және қыста қолға қолғап киіп жинайды

Жеміс бұтақтарын кептіріп, електерден өткізіп, тазалайды (себу ашылмаған дәнмен жүргізіледі)

60-70

Ұзақ сақтау үшін бітеу жабылатын шыны шөлмектерде; алғашқы көктемде себу үшін - қағазқаптарда, жәшіктерде

3-4

11-12

Салпыншақ қайың

10

ТОТБ объектілері мен қалыпты алқаағаштарда сырғаларды өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзіп немесе секаторлармен және бұтақ кескіштермен кесіп, тұқым шашыла бастағанға дейін 10-15 күн қалғанда жинайды (сырғаларды майыстырған да олар ішінара шашыла бастайды)

Сырғаларды жақсы желдетілетін жерлерде 5 см қалыңдықта жайып немесе бұтақтармен бірге іліп кептіреді.
Кептірілген сырғаларды тырмамен араластырады, қаптармен үгітеді немесе сілкиді; буылған сырғаларды үгітеді.
Жапырақтарын, бұтақтарын, өзектерін және басқа да ірі қоспаларды тұқыммен қабықтарын електен өткізу арқылы алып тастайды. Қайың тұқымын 2-3 мм дөңгелек тесікті електерде тазартуға болады. Үлкен партиялар дайындау кезінде сырғаларды өңдеуді (қанатсыздандыра отырып) тұқым тазалайтын машиналарда жүргізу ұсынылады.
 

Қабықты - 90; қабықсыз - 30-40

Бітеу және жабық ыдыста. Хлорлы кальций құйылған осындай ыдыста.
Жиналған жылы немесе келесі көктемде себу үшін - құрғақ, салқын үй-жайда ағаш жәшіктерде қалыңдығын 4 см қағаз салып сақтайды.

1-2

7-8

Үлпек қайың

11

Сырғаларды өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзіп немесе секаторлармен немесе бұтақкескіштермен кесіп жинайды.
Піскен сырғалар ағашта ұзақ тұрады, сондықтан жинауға асықпауға болады

Бұл да салпыншақ қайың сияқты

Даур қабығы - 20 үлпек - 30-40

Бұл да салпыншақ қайың сияқты

1-2

-

Кәдімгі қынаағаш

12

Жемісі піскен соң қолмен жинайды

Жидектерді електен өткізіп, сумен жуады, електе қалыңдығын 1,5-2 см етіп жайып кептіреді немесе жидектерді електен өткізген соң мезга бар тұқымды кептіріп, сұрыптайды.
Жемістердің үлкен партиясын тұқым тазалайтын машиналарда өңдеуге болады, өңдеуден кейін тұқымды жуу керек

8-18

Бітеу және жабық ыдыста, ағаш жәшіктерде.
Таза қаптарда сақтауға болады

1-2

8-10

Кәдімгі долана

13

Жемістер піскен кездегі қалыпты түсіне бояла бастағанда оларды ерте күзде себу үшін; ұзақ сақтау үшін - толық піскен кезде жинайды.
Секаторлардың, ұзын сырықты кескіштердің көмегімен немесе сатылардан жиналады.

Жемістер жеміс қырғыштарда немесе електерде қолмен үгітіледі, ағаш ыдыста қолмен езіледі. Үлкен партиялар өңдеу үшін тұқым тазалайтын машиналар пайдаланылуы мүмкін.
Тұқымды 2-3 см қалыңдықта жайып, жуады, кептіреді және сұрыптайды.

15-20

Таза қаптарда, ұрада, жәшіктерде

2

10-12

Аюбадан: кәдімгі, қызыл, қара

14

Піскен жемісті бұтақтарын қолмен үзіп алады немесе секатормен себетке не төселген төсеніштерге кесіп түсіреді.

Жемістерді ағаш ыдыстарда немесе астауларда ағаш қалақтармен араластырады, електерден өткізеді, жеміс қырғыштарда өңдейді.
Тұқымды сумен жуып, шүберек тартылған рамаларға 1 см қалыңдықта жайып, кептіреді, сұрыптайды.

Қызыл аю. бадам - 3-5; қара - 2-6;

Бітеу және жабық ыдыста; ағаш жәшіктерде

2

8-10

Шие: бұталы, далалық, кәдімгі

15

Піскен жемісті бұтақтан үзіп, қолмен жинайды.
Жеміс бақтарында жеміс жинау машинасын қолданылады.

Сүйектерді жемістерден сүйек алу машиналарында немесе жеміс қырғыштарында ажыратып алады.
Аз мөлшерде дайындау кезінде сүйектер қолмен ажыратып алынады немесе жемісті ағаш ыдыста мыжиды, ал сүйектегі жеміс жұмсағын елек арқылы жуып шаяды.
Жемісті жинаған соң 1-2 күн бойы өңдейді. Егер тұқымдар жиналған соң бірден себуге арналмаса, оларды елекке қалыңдығын 2-4 см жайып кептіреді және сұрыптайды.
Тұқымның үлкен партияларын өңдеу кезінде салқын тәсілмен ілеспе өнім (пюре, шырындар) ала отырып дайындайды.

Шие:
бұталы - 12-15;
кәдімгі - 12-20

Таза қаптарда, жәшіктерде, қоймаларда

2

10-12

Шегіршін: жылтыр; жапырақты, қарағаш; ұсақ жапырақты, бұжыр жапырақты

16

Жемістерін қанаттары сарғая бастаған күннен 5-10 күн ішінде жинайды

Жемістерді қоспалардан, ал жер бетінен жинағанда електі пайдаланып топырақ түйірлерінен тазартады.
Содан кейін жемісті 3-5 см қалыңдықта жайып кептіреді. Қанатсыздандырылған тұқымды себу үшін жемісті тұқым тазарту машиналарында өңдеуге немесе ұсақ ұялы електен өткізу арқылы қолмен өңдеп, желдеткіштер немесе жел арқылы сұрыптауға болады.

Жылтыр шегіршін - 40;
жапырақты - 60;
ұсақ жапырақты - 50-70;
бұжыр жапырақты- 40-50

Тұқым жиналған соң бірден себіледі.
Келесі жылдың көктеміне дейін сақтау қажет болса, тұқымды кептіріп, хлорлы кальций құйылған бітеу және жабық шөлмектерде сақтайды (10 л шөлмекке 100 гр хлорлы кальций).

-
1

7-8
сақтау үшін 4-6

Кәдімгі қарамала

17

Піскен жемістерді өсіп тұрған ағаштардан жинайды

Жемістерді күн көзінде желділетін орында немесе бүркептіргіште 30-35оС температурада кептіреді; тұқым тазалау машинасында немесе үгіткіште не жеңіл таяқпен брезентке сабалау арқылы қолмен өңдейді.
Тұқымды қоспалардан електе тазалайды.

20-25

Қағаз қаптарда, үлкен партияларын-жәшіктерде, қоймаларда

4-5

11-12

Кәдімгі алмұрт

18

Жемісті әбден піскен кезінде соң өсіп тұрған ағаштардан жинайды.

Шағын тұқым партияларын дайындағанда жемісті ағаш ыдыста езеді немесе електе жонады.
Әдетте тұқымды 2 рет жуып, шүберек тартылған рамада қалыңдығын 1 см дейін етіп жайып кептіреді, сұрыптайды және сорттайды. Тұқымды сорттап алудың құрғақ тәсілінде қолданады: жемісті ұсақ бөліктерге кесіп, күн көзіне кептіреді және ұсақталған массаны үгітіп, електеп өткізеді.
Тұқымның үлкен партияларын бір мезгілде шырындар немесе пюре алумен (ыстық әдіспен емес) әзірлейді.

0,8-1,0

Ұзақ сақтау үшін бітеу және жабық шыны шөлмектерде.
Таза қаптарда(көктемге дейін қыста сақтау үшін) сақтауға жол беріледі.

2-3

10

Дерен: ақ, қою қызыл немесе сәнтал

19

Жемісті толық піскен кезінде бұтадан қолмен үзіп алу немесе жерге сілкілеу арқылы жинайды.

Жемісті електен өткізеді немесе жеміс қырғышта өңдейді.
Тұқымды жеміс жұмсағынан сумен жуып ажыратады, қалыңдығын 2-3 см етіп елекке жайып кептіреді және сұрыптайды.

Ақ дерен - 10-15;
қою қызыл
- 10-25

Таза қаптарда, жәшіктерде, қоймаларда

1-2

10-12

Емен: қызыл, жартас

20

Жаңғағын жерге жаппай түскен кезде сол бір учаскеде жинауды 3-5 күннен кейін қайталап, бірнеше рет жинайды. Алдымен ауру, зақымданған жаңғақтар түсетінін ескеру керек

Жиналған жаңғақтарды 15 см дейін қалыңдықта жайып және ағаш күрекпен араластырып, аздап кептіреді. Содан соң оларды ірі және ұсақ қоқыстардан тазартады. Траншеяларға қысқы сақтауға салғанға дейін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% жерлерде (жертөлелер, ұралар) сақтайды.

90-95

Қысқа сақтауды: траншеяларда; қарда; жаңғақ сақтау қоймаларында; типтік қоймаларда

Жиналған жылдан кейінгі көктемге дейін

мүлдем құрғақ массасынан 55-60

Ұшқат: Маака; кәдімгі; татар

21

Жидектерді бұтақтардан қолмен үзіп алу арқылы қолмен жинайды

Жемісті електе, жеміс қырғышта, тұқым тазалау машиналарында езеді, ағаш ыдыста мыжиды.
Тұқымды жеміс жұмсағынан сумен шаю арқылы ажыратады, шүберек тартылған рамада 1-1,5 см қалыңдықта жайып кептіреді және сұрыптайды

3-9

Ұзақ сақтау үшін сиымдылығы 25 л дейін оқшау ыдыста. Қысқа мерзімді сақтау кезінде жәшіктерде және таза қаптарда

2

Татар ұшқаты - 10-12;
кәдімгі - 8;
Маака - 8-10

Ақ күміс тал, тал

22

Сырғаларды өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзу немесе секатормен кесу арқылы жинайды.
Жинауға алғашқы қорапшалар ашылып, мақтасы шыға бастаған кезде кіріседі.

Дайындалған сырғаларды құрғақ, желдетілетін жерлерге 2-3 сырғаны толық піскенге дейін қояды. Қорапшаның басым бөлігі ашылып, мақтасы шыққанда 2-3 күннен кейін сырғаларды тұқым тазарту машиналарында өңдейді немесе тесіктері 2х2, ал содан соң 1х1,5 мм металл торлардан өткізіп өңдеп, бұл тәсілді 2-3 рет қайталайды.
Тұқымды таяудағы 15-20 күн ішінде себу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды 5-6 с бойы бөлме температурасында 6-7% ылғалдылыққа дейін кептіреді.

2-10, орташа есеппен 4,5-5

Бітеу және жабық шөлмектерде. Хлорлы кальций немесе өшірілмеген әгі бар эксикаторларда

1 жылға дейін

6-7

Кәдімгі шәңгім

23

Толық піскен жемістерді бұтақтарды үзіп, қолмен жинайды

Жемістерді жеміс қырғыштарда өңдейді, електен өткізеді немесе ағаш ыдыста езеді.
Тұқымын (сүйегін) жеміс жұмсағынан сумен шайып ажыратып алады, електерде 1,5-2 см қалыңдықта жайып, кептіреді және сұрыптайды.

8-10

Бітеу және жабық шөлмектерде, күбілерде. Уақытша сақтаған кезде - жәшіктерде және қаптарда

2

8-10

Ағаш тәріздес қараған және сары қараған

24

Жемістерді олар жарылмай тұрып бұтақтарын ұзындығы 0,5 м таяқпен ұрып төселген төсенішке түсіреді немесе қолмен үзіп жинайды

Бұршақтарды төсенішке 4-6 см қалыңдықта жайып, желдетілетін жерде кептіреді (күн көзінде емес) және барлық бұршақ ашылғанша тырмамен араластырады. Жеміс жарылған кезде тұқым сырт жаққа шашырап кетпес үшін жемісті ұсақ тормен жабады.
Тұқымдарды қоспалардан желдеткіште тазалайды.

15-20

Ұзақ сақтау үшін бітеу және жабық ыдыс қолданылады. Жәшіктерде және қоймаларда. Жинаған соң бірінші көктемге дейін қағаз қаптарда сақтауға болады.

3-4

11-12

Кәдімгі сәнағаш

25

Жемісін өсіп тұрған ағаштардан әбден піскен кезде қолмен үзіп және секатормен кесіп жинайды

Жемістерді аздап кептіреді және тұқым алу үшін машинада өңдейді немесе електен өткізеді және сұрыптайды

22-25

Жәшіктерде, қоймаларда, қаптарда

2-3

-

Үйеңкі: ақ; далалық; сүйір жапырақты

26

Өсіп тұрған ағаштардан әбден піскен кезінде жиналады. Қанаттары қолмен үзіледі немесе секатормен және бұтақ кескіштермен кесіледі, төселген төсенішке немесе алдын ала қоқыстан тазартылған алаңға сілкілеп жерге түсіріп, жемістерді жинап үйеді.

Жемістерді сағағынан, ұсақ бұтақтардан, жапырақтардан және басқа қоспалардан қолмен тазартады немесе 5-10 см қалыңдықта жайып қойып електерде кептіреді. Тұқым көлемін азайту мен себу ыңғайлы болуы үшін жемісті тұқым тазарту машиналарында немесе ауыл шаруашылық молотилкаларында қанатсыздандырып, кейіннен сұрыптауға болады.

70-90

Жәшіктерде, себеттерде (жеміс қабаты 50 см аспауға тиіс), қағаз қаптарда

1

10-12

Кәдімгі ат талшын

27

Жемістерін олар жаппай түсе бастаған кезде алғашқы үсіктерден кейін жерден жинап алады.

Қорапшаларды құрғақ, қопсытылған, мүмкіндігінше құмайт топырақты жерге бастырма астына 8-10 см қалыңдықта жайып, мезгіл-мезгіл аударыстырып, аздап кептіреді. Барлық қорапшалар ашылып, тұқымдарды босатқанша кептіреді.

90-95

Аздап дымқыл құм салынған жәшіктерде ұраларда немесе траншеяларда

Жиналған жылдан кейінгі алғашқы көктемге дейін

14

Жөке:
ірі жапырақты; ұсақ жапырақты
немесе жүрек тәріздес

28

Жемістерін өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзіп немесе бұтақшаларды гүлшоғырымен бірге кесіп жинайды; төселген төсенішке немесе қыста қар үстіне сырықпен түсіреді

Жемістерді сағағынан, гүлінен және тағы басқа қоспалардан қапты толтырмай салып қолмен сілкіп тазалайды, 5-10 см қалыңдықта жайып қойып кептіреді және тұқымды сұрыптайды.
Күзгі себуді жаңадан жиналған, кептірілмеген тұқымдармен жүргізеді.

ірі жапырақты - 70; ұсақ жапырақты - 50-90

Бітеу және жабық шыны шөлмектерде, металл және полиэтилен күбілерде

2-3

10-12

Жіңішке жапырақты жиде

29

Жемістерін ағаштардан және бұталардан қолмен үзіп жинайды

Сүйегін бөліп алу үшін жемісті жеміс қырқышта немесе електе өңдейді, сүйекті сумен шаяды, 2,5-3 см қалыңдықта жайып електе кептіреді. Жемістің үлкен партияларын сүйекті бөліп алу үшін молотилкаларда өңдейді.

30-45

Таза

3-4

12

Шырғанақ

30

Жемісті күзде төселген төсенішке түсіріп (қысқы дайындау кезінде каротин мен С витаминін жоғалтпас үшін) немесе қыста мұздап қатып қалған күйінде бұтағын кесіп жинап, оларды жабық лашықтарға үйіп қояды.

Мұздатылған жемісті бұтақтарынан ажыратады, содан кейін сұрыптап, қоспалардан тазартады. Тек тұқымдар (сүйектер) дайындау кезінде жемістерді жеміс қырғышта өңдейді, ағаш ыдыста езеді, електен өткізіп, кейіннен сумен шаяды.
Шырынын алу кезінде жемісті преспен қысады және сүйегін жоғарыда айтылған тәсілмен бөліп алады, жуылған тұқымды 1-1,5 см қалыңдықта жайып, кептіреді және сұрыптайды.

10

Әдетте бітеу және жабық ыдыста. Таза қаптарда, 50 см дейін қабатпен ағаш жәшіктерде сақтауға болады

2

10-14

Жабысқақ қандыағаш

31

Бүрлерді өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзіп, секатормен кесіп немесе төселген төсенішке сырықпен сілкілеп жинайды. Жемістерді қар ерігеннен кейін көктемде су бетінен де жинайды

Бүрлерден жемісті бүр кептіргіште 40-45оС температурада 1-2 тәулік ішінде немесе жылытылатын үй-жайда 5-6 тәулік бойы бүрлерді 3-5 см қалыңдықта еденге немесе еденге жайып қойып, күніне 2-3 рет араластыра отырып бөліп алады.
Су бетінен жиналған жемістерді жинап алынған соң бірден себеді.

3,5-12 (қазан-қарашада жинау кезінде шығымы неғұрлым жоғары болады)

Бітеу және жабық шөлмектерде

2-3

5-7

Грек жаңғағы

32

Жемісін жерден жинайды. Жемістің түсуін тездету үшін бұтақтарды ұшында ілгіші бар ұзын сырықпен сілкиді.

Жемістерді жеміс жұмсағынан жаңғақ тазалайтын машиналарда немесе қолмен тазартады.
Қоспалардан толық тазарту үшін жаңғақты күбілерде, бөшкелерде, үлкен ағаш ыдыстарда сумен шаяды және 5-6 см қалыңдықта елекке жайып қойып не биіктігі 1 м және ені 0,8 м дейін сырғымалы екі қақпақты тоқылған қораптарда бастырма астында немесе сарайда 3-5 күн бойы кептіреді.

70-80

Салқын үй-жайларда жәшіктерде немесе көлемі бойынша 1:3 пропорцияда таза құм қоспасы мен траншеяларда

1

11-12

Көктерек

33

Сырғаларды кесілген немесе өсіп тұрған ағаштардан оларды үзіп жинайды.
Тұқым бірнеше күн ішінде сыртқа шығады.
Жинауға алғашқы қорапшалар жарылып ашыла бастаған кезде кіріседі.

Тұқымның пісуі үшін сырғаларды құрғақ, желдетілетін үй-жайларда сөрелерде, еденге төселген брезентке, фанер тақтайшаларға 2-4 см қалыңдықта жайып, мезгіл-мезгіл араластырып отырады.
Қорапшалардың басым бөлігі ашылатын 1-2 күннен соң тұқымды бөліп алып, сырғаларды тесіктері 1-1,5х1-1,5 мм електен өткізеді, одан көктеректің тұқымы өтуге тиіс. Бұдан кейін мақталы қорапшалардың ұсақталған бөліктерін 3-4 с бойы қайта кептіріп, електен өткізеді.
Жемістерді өңдеу орнына жәшіктермен және себеттермен әкеледі. Сүйектерін жиналғаннан кейін 1-2 күн ішінде жемістерді қолмен кесіп ажыратып алады, суға шаяды, 5 см жуық қалыңдықпен електерде кептіреді және сұрыптайды.

10-35

Жиналып, тазартылғаннан кейін бірден себілмеген тұқымдар салқын үй-жайларда сақталады:
а) бітеу және жабық шөлмектерде;
б) хлорлы кальцийі немесе өшірілмеген әгі бар эксикаторларда. Таза қаптарда, жәшіктерде және қоймаларда

-
-

5-6
5-6

Жемістерді өсіп тұрған ағаштардан пісуіне қарай бұтақтардан үзіп, қолмен жинайды.

1 ж. дейін

10-12

Раушан: тікенді; қоқыр; ит

34

Жемістерді бұталар бұтақтарынан қолмен үзіп жинайды

Жемістерді жеміс қырғыштарда немесе тұқым тазалайтын машиналарда өңдейді.
Шағын партияларды електен өткізеді, ағаш күбілерде езеді. Тұқымды жұмсағынан сумен шаяды, 1,5-2 см қалыңдықта жайып, електе кептіреді және сұрыптайды

Раушан:
ит - 10-15;
тікенді - 10;
қоқыр - 5-15

Таза қаптарда, жәшіктерде және қоймаларда

2

10-12

Кәдімгі метен

35

Жемісі бар бұтақтарды өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзіп алады, әбден піскен кезінде төселген төсенішке секатормен немесе бұтақ кескішпен кесіп түсіреді.

Жиналған жемістерді қоспалардан тазартады және тұқым тазалау машиналарында, жеміс қырғышта өңдейді немесе електен қолмен өткізеді. Еттартқыштарды пайдалануға болады.
Тұқымды жеміс жұмсағынан сумен шайып тазартады, шүберек тартылған рамаға қалыңдығын 0,5-1 см етіп жайып кептіреді және сұрыптайды.

3

Ыдыстың негізгі түрі бітеу және жабық шөлмектер, құтылар. Таза қаптарда сақтауға болады

2

9-10

Сексеуіл: ақ, құмды, қара

36

Жемісті олар қоңыр түске бояла салысымен және желді ауа райында шашылып қалмауы үшін айтарлықтай шұғыл түрде жинайды. Қанаттарын төсенішке немесе себеттерге қолмен түсіреді.

Тұқымды төсеніште күн көзінде 1-2 күн бойы 6-7% ылғалдыққа дейін 10 см қалыңдықта жайып кептіреді және сағат сайын аударыстырып отырады.
Түнге қарай жемісті брезентпен жауып қояды.

46

Жақсы желдетілетін қоймалардағы сөрелерде 50 см аспайтын қабатпен сақтап, аптасына 1-2 рет аударыстырып отырады

Көктемге себуге дейін

6-7

Жалқын

37

Жемісін пісе салысымен қысқа мерзім ішінде сыпырғыштарды сілкілеп немесе оларды үзіп төселген төсенішке лақтырып жинайды.

Сыпырғыштары брезентке жайып аздап кептіреді және ауылшаруашылық ұнтақтағышта ұнтақтайды, шағын мөлшерде дайындағанда қолмен өңдейді.
Тұқымды сұрыптайды. Бос тұқым көп мөлшерде болған жағдайда оларды сумен шаяды, ал толық дәнді тұқымды кептіреді.

15-45

Бітеу және жабық шөлмектерде

2

10

Қара өрік: үй; алша; тікенді; терн

38

Жемісті пісуіне қарай бұтақтардан үзіп қолмен жинайды

Сүйекті жемістен сүйек шығаратын машинамен ажыратады. Шағын мөлшерде болған кезде жемісті қолмен өңдейді немесе жеміс қырғышта өңдейді, ағаш ыдыста езеді.
Содан кейін сүйекті сумен шаяды, 3-5 см қалыңдықта жайып кептіреді және сұрыптайды.
Тұқымның үлкен партияларын жемісті өңдеу кезінде ілеспе өнім-пюре, шырындар алып (ыстық әдіспен емес) дайындайды.

үй өрігі - 5-10;
тікенді өрік -
8-15;
алша өрік - 8-10

Салқын жерде таза қаптарда, жәшіктерде, қоймаларда

1-2
2
2

11
10-12
9-10

Қарақат: қызыл; қара

39

Жидекті бұтақтардан қолмен үзіп немесе төселген төсенішке сілку арқылы жинайды.

Жидектерді ағаш ыдыста өңдейді немесе електен өткізеді. Тұқымды ағаш ыдыста сумен шайып, қалқып шыққан жұмсағы мен бос тұқымды алып тастайды. Жемісті шырын алу үшін пайдаланған кезде жидекті преспен қысып, алынған сөлді сумен араластырады және тұқымды сумен шаяды. Жуып шайылған тұқымды шүберек тартылған рамаға 0,5-1 см қалыңдықта жайып кептіреді және сұрыптайды.

Қарақат:
қызыл - 3-6;
қара - 2-4

Негізгі ыдыс түрі - бітеу және жабық шыны шөлмектер. Таза қаптарда сақтауға болады

2

10-14

Сорақ: Палецкий; қара-черкез; Рихтер, геок черкез (Рихтер черкез)

40

Қанатты жемістерді төселген төсенішке сілку арқылы қолмен жинайды. Жеміс жинау үшін бұтақтарды сындыруға тыйым салынады.

Жемістерді 2-4 күн бойы желдетілетін, қараңғы жерде қалыңдығын 10 см дейін етіп жайып, сағат сайын араластыра отырып кептіреді, түнге қарай жемісті брезентпен жауып қояды. Құрғатылған жемісті електен өткізіп, қоспалардан тазартады және сұрыптайды


Құрғақ, жақсы желдетілетін үй-жайларда сөрелерде 50 см дейін қалыңдықпен жайып, аптасына 1-2 рет аударыстырады

Жиналған жылдан кейінгі көктемге дейін

6-7

Терек: ақ немесе күміс; қара

41

Сырғаларды өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзіп алады, жинайды. Жинауға қорапшалар ашылып, ауада бірінші ұшпалар пайда бола бастаған кезде кіріседі.

Сырғалар толық пісу үшін оларды құрғақ желдетілетін үй-жайда брезентке немесе фанер тақтайшалардың бетіне 2-3 сырға қабатпен жаяды. 2-3 күннен кейін қорапшалардың көпшілік бөлігі ашылып, ұшпалар бөле бастаған кезде сырғаларды тұқым алу үшін тұқым тазалайтын машиналарда немесе (машиналар болмаған кезде) тесігі 2х2 мм темір електерде қолмен үгітеді. Ақ теректің сырғаларын електе 1 рет, қара теректің сырғаларын - бірінші өңдеуден кейін бір күн бойы ауада кептіріп, екінші рет өңдейді.

ақ терек
- 4-11;
қара терек -
3,5-12

Тұқымды жинағаннан кейін себу мүмкін болмаса, оны хлорлы кальций немесе өшірілмеген әгі бар эксикаторларда 7-8 % ылғалдылыққа дейін кептіріп, бітеу және жабық шөлмектерде сақтайды

-
1 ж дейін

7-8

Жапон хеномелесі немесе жапон айвасы

42

Жемісін әбден піскен кезінде бұтақтарынан қолмен үзіп жинайды

Жемісін жеміс қырғышта ұсақтайды немесе қолмен електе үгітеді. Тұқымын жұмсағынан жуып шайып, 1,5-2 см қалыңдықпен жайып, електе кептіреді және сұрыптайды.

0,7

Бітеу және жабық шөлмектерде

2

11

Тұт ағашы; ақ, қара тұт, шовтун

43

Жеміс шоғыры төселген төсенішке бір үйлі немесе аталықпен қатар өсіп тұрған аналық ағаштан сілкіп түсіреді.
Жеміс бір мезгілде піспейтіндіктен жеміс жинауды бір ағаштан бірнеше рет жүргізеді.

Жеміс шоғырын жиналған күні өңдейді. Тұқымын алу үшін жемісті преспен қысады (шырынын пайдаланып) немесе жартылай толтырылған қаптарда қолмен езіп, електен өткізеді. Електен өткен тұқымды бірнеше рет сумен жуып шаяды және шүберек тартылған рамаға 0,5 см қалыңдықпен жайып, әрбір 3-4 с сайын араластырып көлеңкеде (бастырма астында) кептіреді. Тұқымдар сусымалы болған кезде олардың қалыңдығын 2-3 см дейін көбейтеді. Кептіруді үлгілерді әрбір 2-3 күн сайын өлшеп, тұрақты массаға дейін жүргізеді, содан соң тұқымды сұрыптайды.

2,5

Салқын жерде бітеу және жабық шыны шөлмектерде

3

8-10

Алма: үй немесе мәдени; орман; паллас; сібір; қытай; жидекті

44

Жемісін әбден піскен кезінде өсіп тұрған ағаштардан ілмегі бар ұзын сырықпен сілкіп жинайды.

Ілеспе өнімді пайдаланбай тұқым дайындау кезінде жемісті жеміс ұнтақтағыштарда, жеміс қырғыштарда ұсақтайды, машина болмаған кезде електе жонады немесе ағаш ыдыста езеді. Ұсақталған массадан тұқымды сумен жуып шаяды, шүберек тартылған рамада 1 см қалыңдықпен жайып кептіреді және сұрыптайды. Тұқымның шағын партияларын дайындау кезінде сондай-ақ өңдеудің құрғақ тәсілін қолданады. Тұқымның үлкен партияларын жемістен пюре немесе шырын алу арқылы (ыстық әдіспен емес) дайындайды.

Алма:
үй - 0,2-0,6;
орман - 0,4-1,0;
сібір -2,5-5,0;
жидекті - 1-4

Салқын жерде; бітеу және жабық шыны шөлмектерде. Оларда да хлорлы кальций болады

2
3

8-10

Шаған: үшір, немесе жасыл; кәдімгі пенсильван, соғды

45

Жемістерін өсіп тұрған ағаштардан қолмен үзіп алып немесе секаторлармен, бұтақкескіштермен кесіп жинайды; төселген төсенішке немесе қоқыстан тазаланған алаңқайға сілкіп жинап, үйіп қояды. Күзгі немесе көктемгі себу үшін тұқымды сәл піспей тұрған күйінде (қанаттары қоңыр түске бояла бастағанда) жинаған жақсы

Жемістерді сағағынан, ұсақ бұтақтан, жапырақтан және басқа қоспалардан қолмен тазалайды, қалыңдығын 5-10 см етіп жайып кептіреді. Тұқымның көлемін азайту үшін және себуге ыңғайлы болу үшін жемісті тұқым тазалайтын машиналарда немесе ауылшаруашылық ұнтақтағышта қанатсыздандырып, тұқымды қоспалардан сұрыптайды.

Шаған:
кәдімгі - 75-85;
соғды - 75-80;
маньчжур - 80;
пенсильван және жасыл -
65-95

50 см аспайтын жеміс қабатымен жәшіктерде, себеттерде, қағаз қапшықтарда.

2

10-12

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың  
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
9-қосымша                

Тегіне байланысты тұқымдарды себу алдында өңдеуді өткізу ерекшеліктері 

р/с

Тегі

Тұқымды себуге дайындау тәсілдері

Тұқымдардың өсу қуатын және олардың жердегі өнгіштігін ынталандыруға әзірлеу әдістері

күзгі

көктемгі



1

2

3

4

5

1

Кәдімгі өрік

Тұрақты аяздарға екі ай қалғанда себілсе стратификацияланбайды. Күз аяғында себілсе жиналған сәттен бастап жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

3-5оС температурада дымқыл құм салынған жәшіктерде 90-100 күн бойы немесе қыста тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды температурасы 35оС суға жібітеді, үшінші тәулікте температурасы 16-18оС су құяды. Содан кейін температурасы 30-35оС үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. Қоспаны күніне 2-3 рет аударыстырып тұрады. 12-15-ші күні өсіп-өне бастайды.

2

Биік айлант

Дайындамайды

2-3 күн бойы суға жібітеді


3

Бұталы аморфа

Дайындамайды

24 сағат бойы суға жібітеді


4

Қара жемісті арония

Дайындамайды

Марганец қышқылы калий ерітіндісінде (0,5 %) 2 сағат бойы жібітеді, содан кейін 60 күн стратификациялайды


5

Қотыр қайың

Ерте жазда себілсе алдын ала тұқымды жабысқақ күйге дейін жібітіп алады, күз аяғында және қыста себілсе дайындалмайды

Алдын ала ішінара жабысқақ күйге дейін жібітіп алады (2-3 тәулік) немесе құрғақ күйінде себеді

Алдын ала жібітілген тұқымды 2 тәулік бойы қарға аунатып, тоңазытып алады. Қарға аунату ұзақтығы - 30 күн. Температурасы төмен (0оС-қа жуық) үй ішінде құм салынған жәшіктерде 30 күн стратификациялайды және ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді.
Тұқымды 6 сағат бойы 0,005 % күкірт қышқылы кобальт ерітіндісімен (COSO4 немесе 0.001 % молибден ерітіндісімен (NH4)2 MoO4 өңдейді. Марганец қышқылы калийдің 0,5 % ерітіндісімен 2 сағат дәрілейді

6

Түкті қайың

Қажет емес

Алдын ала 2 тәулік бойы жібітіп алады немесе құрғақ күйінде себеді

Қарға аунатып алады немесе төмен температурада (0о -қа жуық) алдын ала жібітілген тұқымды құм салынған жәшіктерде 30 күн бойы стратификациялайды. Алдын-ала жібітілген тұқымды брезентке үйіп, жабысқақ күйге дейін жеткізеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді.

7

Шығыс биотасы

Тәулік бойы жібітіп алады

Тәулік бойы жібітіп алады


8

Кәдімгі қынаағаш

Қыркүйектен кешіктірмей себілсе дайындамайды;
неғұрлым кеш себілсе 30 күн стратификациялайды

80-90 күн бойы 0-5оС температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Тұқымды 50оС температурадағы суда 2 тәулік бойы жібітеді

9

Тікенді (кәдімгі) долана

Сеппейді

12-24 сағат бойы 45 % күкірт қышқылы ерітіндісінде жібітеді, жуып-шаяды және температурасы 20-25оС үй -жайларда 180-240 күн стратификациялайды


10

Алқызыл долана

Сеппейді

Жинап алғаннан кейін бірден 5-10оС температурада 160-260 күн бойы үнемі ылғалдандыра және араластыра отырып стратификациялайды


11

Бір аналық долана

Жинаған соң 1 жыл ішінде стратификациялап, келесі күзде себеді. Стратификация алдында 3-4 күн жібітеді

Сеппейді


12

Кәдімгі шие және дала шиесі

Жиналған сәттен бастап себуге дейін жаңа жиналған, кептірілмеген тұқымдарды жазғы траншеяларда немесе салқын үй ішінде стратификациялайды

Жинаған сәттен бастап 180 күн ішінде (дала шиесі үшін - 120-180 күн) үй-жайда немесе тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды


13

Жылтыр шегіршін

Жинағаннан кейін бірден құрғақ күйінде себеді немесе 2 сағат суға жібітіп, кептіріп алады



14

Үш тікенекті (кәдімгі) қарамала

Тұқымды жинаған сәттен бастап себуге дейін жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. Құрғақ тұқымды ерте көктемде себуге болады

Тұқымға тым ыстық су (90оС) құяды, содан соң салқындаған суда 10 сағат қалдырады. Су мен тұқымның арақатынасы 3:1. Ісінбеген тұқымды қайта өңдейді.

Ыстық су құюды күкірт қышқылының концентратымен 2 сағат өңдеумен алмастыруға болады

15

Кәдімгі алмұрт

Аязға 1,5 ай қалғанда себер болса дайындамайды, кешірек себетін болса жинаған сәттен бастап жазға траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 2 тәулік жібітілген тұқымды қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайда 0-5оС температурада стратификациялайды. Стратификация мерзімі - құмда 90 күн, шымтезек ұнтағында 75 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002 % ерітіндісінде 3 тәулік бойы жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7 күннен кейін өсіп-өнеді. ТМТД-мен немесе фентеураммен дәрілейді

16

Ақ дерен және алқызыл дерен (свидина)

Жинаудан себуге дейін бірден жазғы траншеяларда стратификациялайды. Жинаған соң дайындықсыз бірден себуге болады.

Үй-жайларда құм салынған жәшіктерде 180 күн бойы немесе жинаған соң бірден жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 240-270 күн бойы стратификациялайды

Тұқымды 15 күн бойы қарға аунатып алады, содан кейін оны үй-жайларда 90 күн бойы 5-6оС температурада стратификациялайды

17

Өте әдемі емен

Дайындамайды

Қыста траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде сақталған соң дайындықты қажет етпейді


18

Кәдімгі шырша және сібір шыршасы

Дайындамайды

9-12 сағат суға жібітеді

Жібітілген тұқымды себу алдында 60-90 күн бойы қарға аунатып алады. Марганец қышқылы калийдің 0,5 % ерітіндісінде 2 сағат жібітеді ТМТД-мен, фентиураммен, БМК-мен немесе фундазолмен дәрілейді. Мынадай микроэлементтердің су ерітінділерінде 12-18 сағат жібітеді:
күкірт қышқылы кобальт (0,03 %), күкірт қышқылы мыс (0,03 %) немесе марганец қышқылы калийдің, бор қышқылының, күкірт қышқылы мыстың, мырыштың және кобальттің (0,002 %-дан) қоспасы

19

Шренк (тянь-шань) шыршасы

Сеппейді

Алдын ала бір тәулік суға жібітілген тұқым қарға аунатылады. Қарға аунату мерзімі 1-1,5 ай. Қарға аунатқаннан кейін 0,5% KMnO4 ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды температурасы 35-400С суға салып, 24 сағат ұстайды. Содан соң оны 0,5 % KMnO4 ерітіндісінде 30 минут дәрілеп, көлеңкеде әбден кептіріп алып себеді.

20

Кәдімгі ұшқат

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайларда 2-50С температурада 60-90 күн стратификациялайды


21

Татар ұшқаты

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы суық траншеяларда немесе үй-жайларда 2-50С температурада 50-60 күн стратификациялайды

Себу алдында шағын қаптарға  салып 1,5 ай бойы қар үстіне қойып қояды немесе 5-80С температурада аптасына 2 рет ылғалдандыра және араластыра отырып ағаш үгінділерінде стратификациялайды. 18-20 күннен кейін тұқым өнеді

22

Кәдімгі шәңгіш

Жаңа жиналған тұқымдарды жазғы траншеяларда стратификациялағанда өскіндер бір жылдан кейін пайда болады.

Жинаған соң алдымен жазғы, одан кейін қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе алдымен үй-жайларда 15-180С температурада, содан соң қыста 50С дейін төмен температурада стратификациялайды


23

Ағаш тәріздес қараған (сары қараған)

Дайындауды қажет етпейді

Бөлме температурасындағы суда 5 сағат жібітеді

45 күн бойы қарға аунатады немесе 00С мұзда 30 күн бойы ұстайды

24

Кәдімгі ат талшын

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтау кезінде дайындайды

Сақтаудан кейін жылы жерде бірнеше күн ұстап, өнгенше, араластырып және ылғалдандырып тұрады

25

Жалған сүйір жапырақты үйеңкі (явор, ақ үйеңкі)

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдымен үй-жайда 0-30С температурада 45 күн стратификациялайды, содан кейін 45 күн бойы қар астында ұстайды. Тұқымды 3 тәулік бойы жібітеді, содан соң алдымен 5-100 С температурада үй-жайда 60 күн, одан кейін 00С-та 60 күн стратификациялайды

Қарда 45-60 күн стратификациялайды. Молибден аммонийдің 3 % ерітіндісінде 24 сағат жібітеді, содан соң 8 күн бойы күніне 3 рет 4 минутқа жылы суға (35-380 С) және суық суға (00С) салады

26

Сүйір жапырақты үйеңкі (платан тәрізді үйеңкі)

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Үй-жайларда немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификация лайды. Стратификациялау мерзімі 45-60 күн.

Қар араластыра отырып 45-60 күн стратификациялайды. Тұқымға жылы (400С) су құйып, брезентпен жауып, 3 тәулік ұстайды. Содан кейін 300С жуық температурадағы үй-жайларда құм салынған жәшіктерде ұстап, күн сайын араластырып және ылғалдандырып тұрады. Тұқымдар 7-ші күні өнеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді

27

Дала үйеңкісі

Жиналғаннан кейін жазғы траншеяларда себуге дейін кемінде 45 күн стратификациялайды

Жинағаннан кейін алдымен жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 150-180 күн стратификациялайды

Тұқымды 3 күн жібітіп, алдымен үй-жайларда 10-150С температурада 60 күн, содан кейін 0 С температурада 30-60 күн стратификациялайды

28

Күміс үйеңкі

Сеппейді

Жинаған соң дайындықсыз бірден себіледі (мамырдың аяғы - маусымның басы)

Құрғақ ауа райында екпелерді суару міндетті

29

Татар үйеңкісі (үйеңкі емес, қара үйеңкі)

Жиналғаннан себуге дейін жазғы траншеяларда стратификциялайды

Күзден бастап қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды құм салынған жәшіктерде 0-30С температурада әрбір 2-3 күн сайын ылғалдандыра және араластыра отырып страфикациялайды. 30 күннен соң ылғалдандыруды тоқтатады, температураны 00С дейін төмендетеді. 2-ші күні тұқымды қайта ылғалдандырып, температураны 50С дейін көтереді. Бұдан кейін тұқым 18-20-шы күні өнеді. Дайындықтың жалпы ұзақтығы 50 күн

30

Шаған жапырақты үйеңкі

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 30 күн стратификациялайды немесе 1 ай қар астында ұстайды


31

Ірі жапырақты жөке

Тұқымды жиналғаннан бастап жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде 90 күн бойы стратификациялайды

Алдымен жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда, ал содан кейін 0-50С температурада қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификация ұзақтығы - 180 күнге дейін


32

Ұсақ жапырақты жөке

Тұқымды жинағаннан соң себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды жазғы, содан соң қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды ауық-ауық ауыстырылып тұратын суда 10 күн жібітеді, содан соң 30 күн 15-250С температурада және 90-120 күн 00С температурада стратификациялайды

33

Сібір балқарағайы

Дайындауды қажет етпейді

9-12 сағат суға жібітеді және 1-1,5 ай қарға аунатады;
КМnO4 0,5% ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды 3 тәулік марганец қышқылы калийдің 0,004 % ерітіндісінде +260С температурада жібітеді, содан кейін дәке дорбаларға салып, дымқыл ағаш үгінділерімен (1,5-2 см қабатпен) көміп, 2 тәулік ұстайды. Тұқымды 24 сағат бромкалийінің 0,5 % ерітіндісінде немесе 0,05 % колхицин ерітіндісінде жібітеді. Тұқымды себуге 30 сағат қалғанда әлсіз әк ерітіндісінде (10 л суға 200-250 гр әк) жібітеді.

34

Жіңішке жапырақты жиде

Ерте күзде сепкенде жинаудан кейін дайындамайды;
кеш себілсе, жиналған кезден бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 4 тәулік жібітілген тұқымды қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе 16-200С температурада үй-жайлар ішінде стратификациялайды. Стратификациялау ұзақтығы - 90-120 күн

Тұқымға ыстық су (50-600С құйып, бір тәулік жібітеді. Содан кейін температурасы 16-200С үй-жайда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. 15-20-шы күні өне бастайды.

35

Кәдімгі бадам

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайларда немесе траншеяларда 30-60 күн стратификациялайды


36

Виргиния аршасы

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С температурада 120 күн стратификациялайды

Тұқымды 30-50 мин мөлшерде күкірт қышқылы концентратымен өңдейді, сумен шаяды, содан кейін 0-50С температурада 90-120 күн стратификациялайды

37

Кәдімгі арша

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С температурада 120 күн стратификациялайды


38

Түркістан аршасы

Жаңа жиналған тұқымды дайындамай сол күйінде тамыз айы ішінде себеді

Өткен жылғы терең тыныштықтағы тұқымды жазда шілдеде - тамыздың бас кезінде себеді.


39

Жарты шар тәрізді арша

Бұл да қыркүйектің бірінші жартысында себіледі

Бұл да солай


40

Шырғанақ

Топырақ қатпай тұрып 1 айдан кешіктірмей себілсе, дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 90 күн стратификацияланады

3 тәулік суда жібітіп алып, үй-жайда 30 күн стратификациялайды

41

Грек жаңғағы

Дайындамайды

Үй-жайда құмда 0-50С температурада 30-45 күн стратификациялайды

Тұқымды көктемде себуге 5-7 күн қалғанда қапқа салынған күйінде тау өзенінің ағын суына малады.

42

Кәдімгі шабдал

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада 100-120 күн стратификациялайды


43

Сібір самырсыны

Дайындауды қажет етпейді

Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн қарға аунатады

44

Жалған қараған (ақ қараған)

Сеппейді

Тұқымды стратификациялайды немесе температурасы 80-850С су құйып, алғашқы 15-20 мин араластырып, суығанша қалдырады. Қажет болса ісінбеген тұқымдарды електен өткізіп алып, оларды өңдеуді қайталайды


45

Тюринген үлбірегі

Шала піскен жемістер тұқымын сепкенде дайындауды қажет етпейді

Шала піскен жемістер тұқымын үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 210-240 күн стратификациялайды


46

Кәдімгі шетен

Жинап алғаннан бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда немесе үй-жайда стратификациялайды

Температурасы 0-50С үй-жайда дымқыл құмда 90-120 күн стратификациялайды, содан кейін қармен көмеді Стратификацияның жалпы ұзақтығы - 150-180 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002 % ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. 7 күннен кейін өнеді

47

Ақ сексеуіл және қара сексеуіл

Қыста сепкенде дайындауды қажет етпейді

Дайындауды қажет етпейді


48

Кәдімгі мамыр гүл

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 45 күн стратификациялайды

10-15 сағат суда жібітеді, содан кейін дымқыл ағаш үгіндісінде немесе шымтезекте 2-8 күн ұстайды

49

Үй қараөрігі

Жазғы траншеяларда 90 күн стратификациялайды

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда кемінде 150 күн стратификациялайды


50

Тікенді қараөрік (шомырт)

Ерте жазда, тамызда себілетін болса дайындауды қажет етпейді, кеш себілетін болса жиналғаннан бастап себуге дейін (2 ай бойы) жазғы траншеяларда, өткен жылдың тұқымын  80 күн стратификациялайды

Жинала салысымен үй-жайда 150-180 күн немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда 180-210 күн стратификациялайды


51

Алхоры өрік (алша)

Жинала салысымен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды. Өткен жылғы тұқымды 60-90 күн стратификациялайды

Жинала салысымен жазғы траншеяларда стратификациялайды, ал содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 120-170 күн немесе температурасы 3-50С үй-жайда 150 күн стратификациялайды


52

Қызыл күрең қарақат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды

Тұқымды бастапқы температурасы 500С суда 24 сағат жібітеді. Содан кейін 12-150С температурада күн сайын араластырып, ылғалдандырып 30 күн стратификациялайды. Ауыспалы температурада (жылы және суық) стратификациялағанда тұқымды 30 күн дайындайды.

53

Қара қарақат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды


54

Сібір самырсын қарағайы

Дайындамайды, тек марганец қышқылы калийдің 0,5 % ерітіндісінде жібітеді

Тұқымды алдын-ала 3 тәулік жібітеді, дымқыл құммен, ағаш үгіндісімен немесе шымтезек ұнтағымен араластырып, жәшіктермен қар астына немесе салқын 00С үй-жайға себуге дейін 2-3 ай қойып қояды. Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтағанда да дайындалады

Құммен араластырылған тұқымды (2:1) қалыңдығы 20 см, 50% дейін толық ылғал сақтағанша сулап, 30-400 температурада 12 сағат бүркептіргішке қояды, содан кейін қарға көмеді. Бұдан кейін қайта сулап, бүр кептіргіштерге қояды, содан соң қар астына қояды. Екі мәрте өңдеуден өткен тұқымды 10-11 күн стратификациялайды. ТМТД немесе фентиураммен дәрілейді.

55

Қырым қарағайы

Себілмейді

Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді


56

Кәдімгі қарағай

Дайындауды қажет етпейді

Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді. Дорбаларға салынған құрғақ немесе жібітілген тұқымды 1-2 ай қарға қояды.

Тұқымды жібітіп, өнгенше ылғалды күйінде ұстайды және 1-2 айға қар астына шығарып қояды. Микориз құрайтын майқұлақ саңырауқұлағының таза дақылымен тұқым микоризациясын жүргізеді. 24 сағат 0,02 % дейін күкірт қышқылы мырыш, күкірт қышқылы марганец (0,1 % және одан төмен), бор қышқылы (0,025%) және гетероауксин (0,01 % және одан төмен) ерітіндісінде жібітеді. Жиілігі 22,5кГц және қуаты 15 Вт ультрадыбыспен 10 минут өңдейді.

57

Ақ терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



58

Қара терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



59

Батыс боз аршасы

Дайындауды қажет етпейді.

Жібітілген тұқымды бір ай бойы қарға аунатады


60

Нағыз пісте

Себілмейді.

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітіп, құм салынған жәшіктерде (1:3) немесе траншеяларда 30-40 күн стратификациялайды

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітіп, қаппен жылы жерге іліп қояды және өне бастағанша 9-12 күн анда-санда сулап тұрады

61

Кәдімгі мойыл

Дайындауды қажет етпейді.

Үй-жайда 0-50С температурада 150-180 күн стратификациялайды


62

Жабайы орман алмасы


Суда 2 тәулік жібітеді, содан кейін 0-50С температурада құмда, шымтезекте немесе ағаш үгіндісінде 75-105 күн стратификациялайды

Стратификацияланбаған тұқымды гибберллиннің 0,002 % ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7-ші күні өнеді.

63

Кәдімгі шаған

Онша толыспаған тұқымды жазғы траншеяларда маусым айынан себуге дейін стратификациялайды

Үй-жайда алдымен 18-200 температурада 2-3 ай, содан кейін 5-110С температурада стратификациялайды. Стратификациялаудың жалпы ұзақтығы 180-200 күн (шала піскен тұқымдар)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады