Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.04.08 № 95 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А.Қ. Қазыбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамадабелгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Айтжанова
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің 2010 жылғы
29 сәуірдегі № 15 бұйрығымен
бекітілді
нысан
Тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган___________________________________
_______________________________________________________________
Нұсқама________________________________________________________
(№, дата)
Бақылау субъектісінің атауы____________________________________
_______________________________________________________________
СТН____________________________________________________________
ЖСН/БИН (болған жағдайда)______________________________________
№ |
Талаптар |
1. |
Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа да түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болуы |
2. |
Тауар биржасының кемінде үш мүшелерінің болуы |
3. |
Биржа саудасы ережелерінің болуы |
4. |
Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің болуы |
5. |
Тауар биржасы қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі |
6. |
Нақты уақыт режимінде клиринг өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы |
7. |
Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгілеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы |
8. |
Клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың болуы |
9. |
Нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы |
10. |
Құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің болуы |
11. |
Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы |
12. |
Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салуларды сақтауы |
13. |
Тауар биржасының қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделеріне пайдалануға тыйым салуларды сақтауы |
14. |
Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және есебінен жасалуына тыйым салуларды сақтауы |
Мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру парағын алғаны туралы белгісі:
20___жылғы "___"________ ______________________________
(А.Т.Ә.А., лауазымы, қолы)