Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жүйесін жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы» нұсқаулықты және «Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәрілерді, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 2257 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жүйесін жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы» нұсқаулықта:
27-тармақтың 5) тармақшасында сандар және «21 жасқа» деген сөз және сандар «19 жасқа» деген сөзбен және сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (М.Т. Қабденов) осы бұйрықты әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Баймағанбетов
"Келісілді" "Келісілді"
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Денсаулық сақтау министрі
төрағасы
____________ Ә.Ш. Шаяхметов ___________ Ж.А. Досқалиев
2010 жылғы 5 мамыр 2010 жылғы 4 мамыр
"Келісілді" "Келісілді"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі Төтенше жағдайлар министрі
төрағасы
____________ Ә.Ш. Шаяхметов ___________ В.К. Божко
2010 жылғы 20 мамыр 2010 жылғы 19 мамыр