"Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12496 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесі осы бұйрыққа  қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрi
      А. Мамытбеков ___________
      2015 жылғы 25 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрi
      Б. Имашев ______________
      2015 жылғы 30 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрi
      А. Сәрінжіпов ___________
      2015 жылғы 27 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрi
      Т. Дүйсенова _____________
      2015 жылғы _______________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрiнің
      міндетін атқарушы
      С. Жақыпов _____________
      2015 жылғы 26 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрi
      Ә. Исекешев ______________
      2015 жылғы 27 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрi
      Б. Сұлтанов ____________
      2015 жылғы 25 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрi
      А. Мұхамедиұлы ____________
      2015 жылғы 27 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      іс-қимыл агенттігінің төрағасы
      Қ. Қожамжаров ______________
      2015 жылғы 03 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы
      Д. Ақышев ______________
      2015 жылғы 30 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрi
      Қ. Қасымов ______________
      2015 жылғы 26 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрi
      В. Школьник ____________
      2015 жылғы 25 қараша

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 24 қарашадағы 
№ 711 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы  
Статистика агенттігі   
төрағасының м.а.     
2010 жылғы 14 шілдедегі 
№ 183 бұйрығымен бекітілген

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2) және 10) тармақшаларына және 16-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) келісілген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бойынша алынған деректердің негізінде қалыптастырылған, бұдан кейін мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізіліміне орналастырылатын әкімшілік деректерді, сондай-ақ қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпараттарды әкімшілік дереккөздердің өтеусіз негізде ұсыну тәртібін айқындайды.
      3. Әкімшілік деректерді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары тек статистикалық мақсаттарда пайдаланады.
      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда айқындалған мәндерде қолданылады.

2. Қазақстан Республикасында әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі

      5. Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органмен келіседі.
      Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі – әкімшілік деректер нысандары) уәкілетті органның ведомствосымен келісу рәсімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7658 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығымен бекітілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықта регламенттелген.
      6. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік деректердің келісілген нысандарының негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік дереккөздер бөлінісінде мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – тізілім) тұрақты негізде жүргізеді.
      Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден жылына бір рет осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, статистикалық қызметті қоспағанда стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде қалыптастырылатын қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты сұратады.
      7. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, әкімшілік дереккөздермен ақпараттық өзара іс-қимыл туралы бірлескен құжатты әзірлейді, оған орталық (немесе ведомстволардың) немесе жергілікті атқарушы органдардың басшылары (не олардың міндетін атқарушы адам) қол қояды.
      Әкімшілік деректерді беру жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың тәртібі берілетін деректердің құрамын, беруге жататын мәліметтердің тізбесін, режимін, деректерді беру ортасын және тәсілдерін, беру уақытының режимін, беру нысандары мен пішімдерін, сондай-ақ пайдаланылатын жіктеуіштерді және анықтамалықтарды айқындайды.
      8. Уәкілетті органның ведомствосына әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін ұсыну Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6334 болып тіркелген, Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Алынған әкімшілік деректерді уәкілетті органның ведомствосы бекітілген статистикалық әдіснамаға сәйкес өңдейді және ресми статистикалық ақпарат түрінде ғана таратуға жатады.
      10. Әкімшілік деректер Заңның 8-бабының 4-тармағында келтірілген мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдарды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоса алғанда, басқа жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейді.
      11. Уәкілетті органның ведомствосы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамаға сәйкес тексерулерді және әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылаудың өзге нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      Әкімшілік деректердің келісілмеген нысандарын, көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін, сондай-ақ әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің және әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін анықтау мақсатында мемлекеттік бақылау жүргізіледі.

Әкімшілік дереккөздердің 
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
1-қосымша        

Нысан

Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің
бірыңғай тізілімінің құрылымы

Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысандарының индексі

Әкімшілік деректер нысандары бекітілген/ Әкімшілік деректер нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі

Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні

Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/ Әкiмшiлiк деректер нысандары ұсынылатын орын

Әкiмшiлiк деректерді жинау кезеңділігі/Әкiмшiлiк деректер нысандарын тапсыру мерзімі

Әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:
      Уәкілетті орган ведомствосының тізілімді жүргізу жөніндегі түсініктемесі:
      1-бағанда нөмір «№» ретімен толтырылады;
      2-бағанда Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысанының индексі көрсетіледі;
      3-бағанда Әкімшілік деректер нысаны бекітілген/Әкімшілік деректер нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі көрсетіледі;
      4-бағанда Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні көрсетіледі;
      5-бағанда Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/Әкiмшiлiк деректер нысаны ұсынылатын орын көрсетіледі;
      6-бағанда әкiмшiлiк деректерді жинау кезеңділігі/Әкiмшiлiк деректер нысанын тапсыру мерзімі көрсетіледі;
      7-бағанда әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні көрсетіледі.
      Тізілімге енгізуге мыналар жатады:
      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген және Қазақстан Республикасының «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген әкімшілік деректер нысандары бойынша деректер;
      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген әкімшілік деректердің нысандары бойынша деректер;
      әкімшілік дереккөздердің «ерекше маңызды», «аса құпия», «құпия» деген белгілері бар әкімшілік деректері тізілімге енгізуге жатпайды.
      Тізілім ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуының жекелеген тоқтатылуларын тану арқылы өзекті жағдайда ұсталады.
      Тізілімді өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден бұдан бұрын бірыңғай тізілімге енгізілген актілердің мәртебесі (өзгергені, толықтырылғаны немесе уақытша тоқтатылғаны, күші жойылғаны туралы) туралы ақпарат сұратады.
      Уәкілетті органның ведомствосы тиісті ақпаратты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректер мұрағатында ақпараттың жинақталуын ескере отырып, тізілімді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
      Тізілімнің деректерін қолдану тізілім құрылымының белсенді 2-бағанының көмегімен жүзеге асырылады, оны басқан кезде әкімшілік деректер нысанының деректері PDF форматында автоматты түрде ашылады.

Әкімшілік дереккөздердің 
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
2-қосымша        

Нысан

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат
___________________________________________________
(Әкімшілік дереккөздің атауы)

Әкімшілік деректер атауы Қалыптастыру кезеңділігі Жинау нысаны
(қағаз жеткізгіште, электрондық түрде)
Ақпараттық жүйенің болуы ұлттық жіктеуіштің коды және атауы ведомстволық жіктелімдердің коды және атауы
1 2 3 4 5 6 7














      Ескертпе:
      Осы кестені толтыру жөніндегі түсініктемелер:
      1-бағанда нөмір № тәртібі бойынша толтырылады.
      2-бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпараттарының қысқаша сипаттамасы толтырылады. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жинақталатын ақпараттар қосылмайды.
      3-бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алуының (жинауының) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі – түсуіне қарай, – қажеттілігі бойынша, – күн сайын, – апта сайын, – ай сайын, – тоқсан сайын, – жарты жылда 1 рет, – жыл сайын);
      4-бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.
      Мынадай мәндерге рұқсат етіледі:
      «электронды түрде» (егер әкімшілік деректерді жинау электронды түрде жүзеге асырылатын болса);
      «қағаз жеткізгіштерде» (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын болса);
      Егер ақпарат жинау қағаз жеткізгіштерде және электронды түрде де жүргізілген жағдайда, екі мәннің бір уақытта болуына рұқсат беріледі.
      5-бағанда әкімшілік деректерді алу (жинау) үшін ақпараттық жүйенің болуы көрсетіледі. «Иә» немесе «жоқ» деген мәндерге рұқсат етіледі;
      6-бағанда Жіктелім тізілімі (жіктелімдерді «КЛАСС» АЖ-да ретке келтіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде қолданылатын жіктерімдердің атауы (техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық жіктеуіштер ғана көрсетіледі) атап көрсетіледі;
      7-бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректер алу (жинау) кезінде қолданылған жіктеуіштердің атауы көрсетіледі (әкімшілік дереккөздер әзірлеген және бекіткен ведомстволық жіктелімдер (министрліктер мен ведомстволардың белгілі саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура және анықтамалық) көрсетіледі).
      1. Жіктелім әдісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген, ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне сәйкес сатылы немесе фасеттік болуы тиіс;
      2. Ведомстволық жіктелімдерді кодтау кезінде кодтаудың мынадай түрлері қолданылуы қажет:
      1) тізбектілік;
      2) параллельдік;
      3) реттік;
      4) сериялық-реттік.
      3. Ведомстволық жіктелімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ведомстволық жіктелімдер айқындамасының әр коды үшін келесі директивалар қолданылады:
      1) «К» – «Күші жойылған», айқындаманың күшін жою;
      2) «Е» – «Енгізу», жаңа айқындама енгізу;
      3) «Ө» – «Өзгерту», айқындама атауын өзгерту.
      4. Ведомстволық жіктелімнің әр элементі бойынша элементтің «басталған күні» және «аяқталған күні» көрсетіледі.
      5. Ведомстволық жіктелімдерді қайта қарастырғанда немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде сәйкестендіру кестелерін (ауыспалы кілттерін) қоса беру қажет.
      6. Ведомстволық жіктелімдер және сәйкестендіру кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL форматында беріледі.
      7. Ведомстволық жіктелімдердің күші жойылған жағдайда әкімшілік дереккөздер жіктелімнің күші жойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады