"Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 271 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6512 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 болып тіркелген, 1998 жылғы 30 қарашадағы № 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
      9-тармақта:
      «тізілімде» деген сөзден кейін «, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - БНАЖ) электрондық тізілімінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте БНАЖ электрондық тізіліміндегі жазба сапарды жүзеге асырғаннан кейін, бірақ нотариаттық іс-әрекет сапарға шығып жасалғанда ағымдағы күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік элекрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға жүгінгендердің жеке бастары туралы ақпарат салыстырылады.»;
      18-тармақта «(Ереже) бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақта «жеке куәлігімен белгіленеді.» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады»;
      24-тармақтың екінші бөлігінде «тізілімге» деген сөзден кейін «және БНАЖ электрондық тізіліміне» деген сөздермен толықтырылсын;
      27-тармақтың екінші бөлігінде «тізілімге» деген сөзден кейін «және БНАЖ электрондық тізіліміне» деген сөздермен толықтырылсын;
      29-тармақта:
      екінші бөлікте «бойынша» деген сөз «үшін» деген сөзбен ауыстырылсын, «әрекет» деген сөзден кейін «және БНАЖ электрондық тізілімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте «тізілім» деген сөзден кейін «нотариалдық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде» деген сөздермен толықтырылсын:
      39-тармақта:
      бірінші бөлікте «тізілімде («Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы)» деген сөздер «нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлік мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      «БНАЖ жұмысы техникалық себептермен тоқтаған жағдайда нотариус бұл туралы акті жасайды және нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін тізілімге жазба жазылады. БНАЖ жұмысын қалпына келтіру кезінде БНАЖ электрондық тізілімінде көрсетілмеген жазбалар нотариаттық әрекеттерді тіркеуге арналған, тізілімде жүргізілген жазба кезегімен 24 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.»;
      41-тармақта «тізілім» деген сөзден кейін «нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде»;
      46-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Қайтыс болу фактісі, туысқандық не мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын өзге де қатынастарда мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы тексеріледі»;
      57-тармақтың бірінші бөлігінде «қаулы» деген сөзден кейін «БНАЖ-де тіркелген» деген сөздермен толықтырылсын;
      68-тармақта «тіркелімде» деген сөзден кейін «нотариалдық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      69-тармақ ««тіркелімде» деген сөзден кейін ««нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін, БНАЖ электрондық тізілімінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      73-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Азаматтық хал актілер туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады»;
      79-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.»;
      82-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.»;
      84-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.»;
      96-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.»;
      100-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.»;
      110-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.»;
      146-тармақтың төртінші бөлігінде «тізілімінде» деген сөзден кейін «және БНАЖ электрондық тізілімінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      205-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.»;
      244-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мүлікке иелік етуге шектеу салу туралы мәлімет БНАЖ-не енгізіледі»;
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                         Д. Құсдәулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады