Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № А-7/243 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі № 3С-28-6 "Ақмола облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № А-4/107 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 4С-23-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 7 мамырда № 3355 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 862 «Ақмола облысының Щучье ауданын қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ақмола облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № А-7/243 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі № ЗС-28-6 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3233 тіркелген, 2007 жылғы 23 тамызда «Арқа ажары» газетінде, 2007 жылғы 28 тамызда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»;
      3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      жоғарыда көрсетілген қаулы мен шешімнің «Ақмола облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері» қосымшасында:
      «Аудандар мен қалалардың атауы» бағанында «Щучье» сөзі «Бурабай» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Дьяченко

      Сессия төрағасы,
      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады