Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № С-32/6 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда № 1-1-119 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсанда "Көкшетау" газетінде және 2009 жылғы 24 желтоқсанда "Степной маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың 2) тармақшасының 4 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1, 2 және 3 топ мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне жылына бір рет сауықтыру үшін";

      1 тармақтың 2) тармақшасының 6 азат жолындағы:

      "30" саны "15" санымен ауыстырылсын;

      1 тармақтың 3) тармақшасының келесі мазмұндағы азат жолдары алынсын:

      8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Күміс алқа", "Алтын алқа", "Батыр ана" белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға – 8000 теңге;

      Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқандарды еске алу күніне орай – 5000 теңге".

      2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      3. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының
32 сессия төрағасы
Б.Байәділов
      Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының
хатшысы
Қ.Мұстафина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады