Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012.01.20 № А-1/32 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № ә-8/523а (нормативтік құқықтық кесімдерінің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-122 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшасымен толықтырылсын:
«10) әлеуметтік – медициналық сауықтырудан өткен наркологиялық науқастар»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
3. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі А. Никишов
«КЕЛIСIЛДI»
«Степногорск қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а. Ф. Жукова