2012 жылға арналған Степногорск қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/32 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 ақпанда № 1-2-155 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 03-45ш/2838 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, нысаналы топтардың құрамына кіретін тұлғаларды және әлеуметтік қорғауға ең мұқтаждық ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жәрдемдесу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға арналған Степногорск қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (үш ай және артық);
      2) елу жастан елу алты жасқа дейінгі әйел адамдар;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      4) орта және орта білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын оқу мекемелерінің түлектері;
      5) емдеу курсынан өткен өкпе ауруымен ауыратын тұлғалар;
      6) мүгедектік есебінен шығарылғандар;
      7) медико-әлеуметтік оңалтудан өткен нашақор аурулар.
      2. Степногорск қаласы әкімдігінің «Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № ә-8/523а (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-122 болып тіркелген, 2010 жылдың 20 қаңтарында «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысының, Степногорск қаласы әкімдігінің «Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № ә-8/523а қаулысына толықтыру енгізу туралы «Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 маусымдағы № ә-3/204 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-132 болып тіркелген, 2010 жылдың 15 шілдесінде «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаметінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                А.Никишов

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      «Степногорск қаласының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Л.Белоглядова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады