Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012.01.20 № А-1/32 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, мақсатты топтардың құрамына кіретін тұлғаларды және әлеуметтік қорғауға ең мұқтаждық ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жәрдемдесу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін:
1) 50 жастағы және одан үлкен жастағы тұлғалар;
2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (6 айдан артық);
3) 29 жасқа дейінгі жастар;
4) қайта некеге тұрмаған жесір әйелдер (тұл ерлер);
5) орта және орта білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын оқу мекемелерінің түлектері;
6) бұрын жұмыс істемегендер;
7) емдеу курсынан өткен өкпе ауруымен ауыратын тұлғалар;
8) мүгедектік есебінен шығарылғандар;
9) жасқа толуы бойынша әскери есептен шығарылғандар.
10) әлеуметтік – медициналық сауықтырудан өткен наркологиялық науқастар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2010.06.02 № А-3/204 (қолданысқа енгізу тәртібін 1-тармақтан қараңыз)
2. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне халықтың мақсатты топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтуын қамтамасыз етсін.
3. Степногорск қаласы әкімдігінің «2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы» 2009 жылғы 7 мамырдағы № а-4/226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-114 болып тіркелген, 2009 жылдың 26 маусымында «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысының, Степногорск қаласы әкімдігінің «2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № а-4/226 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 06 қарашасындағы № а-7/463 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-121 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Степногорск қаласының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
5. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
6. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск
қаласының әкімі А.Никишов
КЕЛІСІЛГЕН:
«Степногорск қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының м.а. Ф.Жукова