Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі № 4С 28/2 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 тамызда № 1-5-141 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 5С 15/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 1) тармақшасында «шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін» сөздерінен кейін «, әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі,» жолымен толықтырылсын;
      1 тармақтың 6) тармақшасында «емделу түрінен тәуелсіз, табысын есептеусіз төленеді» сөздерінен кейін «әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі» жолымен толықтырылсын.
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Махамбетова Т.М.

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданының әкімі                    Әубәкіров Р.Ш.

      «Атбасар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы                          Коваленко О.И.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады