Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Атбасар ауданы Новоалександровка ауылдық округі әкімінің 18.12.2014 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" деген сөздер "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Новоалександровка ауылдық округі әкімінің 18.12.2014 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес халықтың пікірін ескере отырып Новоалександровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Новоалександровка ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - Сибағат Боранбаев атындағы атау;
№ 2 көшеге – Байғара атауы;
№ 3 көшеге - Мәдениет атауы;
№ 4 көшеге - Целинная атауы;
№ 5 көшеге - Достар атауы;
№ 6 көшеге – Бірлік атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Новоалександровка ауылдық
округінің әкімі Ж.Әміржанов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Атбасар ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С.Бекенова
«Атбасар ауданының
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы З.Кенжебаев