"Новоалександровка селосының көшелеріне атаулар беру туралы" Новоалександровка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Новоалександровка ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтарда № 4584 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Новоалександровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Новоалександровка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 16 «Новоалександровка селосының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-151 тіркелген, 2011 жылғы 18 ақпанда «Атбасар» аудандық газетінде жарияланған, 2011 жылғы 18 ақпанда «Простор» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                 Ж.Әміржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады