Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011.01.19 № 34 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға арналған Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
24 жасқа дейінгі жастар.
әлеуметтік- психологиялық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2010.06.16 № 173 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3. Қаулы Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов