Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011.01.19 № 34 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы әкімдігінің «2010 жылға арналған Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгілеу туралы» 2010 жылғы 12 сәуір № 78 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-6-121 тіркелген, 2010 жылдың 7 мамырында «Маяк» газетінде жариялған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«әлеуметтік- психологиялық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.»
2.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3.Осы қаулы Астрахан ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының
әкімінің міндетін атқарушы М.Қожахмет