Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № А-11/454 қаулысы мен Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қарашадағы № 4С-30/6 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда № 1-7-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, халықтың пікірлерін ескере отырып, Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі аудандық комиссияның 2010 жылғы 29 қыркүйектегі, 2010 жылғы 28 қазандағы шешімдеріне сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының көше атаулары:
      1) Балуан Шолақ атындағы көше Шәмші Қалдаяқов атындағы көшеге;
      2) Дорстрой көшесі Балуан Шолақ атындағы көшеге;
      3) Крупская көшесі Айым Серікбаев атындағы көшеге;
      4) қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Парковая көшесі Достық көшесіне өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

      Бұланды аудандық
      мәслихатының кезекті
      30-сессиясының төрағасы                    Қ.Шәріпов

      Бұланды аудандық
      мәслихатының хатшысы                       П.Веселов

      КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының «Сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.Әбділдина

      «Бұланды ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.Аймағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады