Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы 4С-24/2-10 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 наурызда № 1-9-149 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 4С-27/2-10 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № А-7/428 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік төлемдерге келесідей азаматтардың құқығы баршылық:
      күнкөріс шегінен төмен табысы бар тұлғалар (шағын ауқатты отбасылар (азаматтар);
      мүгедектер;
      18 жасқа толмаған төрт және бұдан көп балалы отбасылар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;
      емделмейтін дертпен ауыратындар;
      туберкулезбен ауыратындар;
      колледждердің күндізгі бөлімінде оқып жатқан аз қамсыздандырылған отбасылардың, көпбалалы отбасылардың және ауылдық жердегі отбасылардың студенттері.
      3. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 4С-12/6-08 (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-9-111 нормативтік құқықтық актілерімен тіркелген, 2009 жылғы 7 ақпандағы аудандық «Ереймен» газетінде жарияланған, соңынан 2009 жылғы Ерейментау аудандық мәслихаты шешімі «Ерейментау аудандық мәслихаты шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 4С-12/6-08 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» 21 сәуірдегі № 4С-16/4-09 (№ 1-9-121 нормативтік құқықтық актісімен мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген), 2009 жылғы 23 мамырдағы «Ереймен» газетінде жарияланған,2009 жылғы 23 шілдедегі «Ерейментау аудандық мәслихаты шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 4С-12/6-08 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 23 шілдедегі № 4С-18/8-09 (№ 1-9-127 нормативтік құқықтық актісімен мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген) 2009 жылғы 9 тамызда «Ереймен», 2009 жылғы 29 тамызда «Ерейментау» аудандық газеттерінде жарияланған шешімдердің күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы шешім Ерейментау ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   Н.Қаержанов

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ерейментау ауданының әкімі                 Н.Ә.Ережепов

      «Ерейментау ауданының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі» ММ бастығы          М.Л.Сердцева

      «Ерейментау ауданының
      қаржы бөлімі» ММ бастығы                   А.Қ.Хасенов

      «Ерейментау ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» ММ бастығы               Қ.Ж.Құдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады