Ерейментау аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беру Ережесін бекіту туралы" № 4С-12/6-08 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 4С-16/4-09 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда № 1-9-121 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы № 4С-24/2-10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы № 4С-24/2-10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюдджет Кодексінің 55 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.07.23 № 4С-18/11-09 Шешімімен
      1. Ерейментау аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беру Ережесін бекіту туралы» № 4С-12/6-08 шешіміне (2009 жылғы 29 қаңтардағынормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-111 болып тіркелген 2009 жылғы 7 ақпандағы № 15-16 аудандық «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2009 жылғы 7 ақпандағы № 15-16 аудандық «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беру Ережеде:
      Келесідей мазмұндағы 8 тараумен толықтырылсын:
      "8. Фашистік концлагерь тұтқындарына коммуналдық қызмет ақысының шығынына материалдық көмек"
      23. Фашистік концлагерь тұтқындары коммуналдық қызмет ақысының шығынына ай сайын материалдық көмек алуға құқылы.
      24. Коммуналдық қызмет ақысының шығынына материалдық көмек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын аудандық бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен тағайындалады және төленеді.
      25. Коммуналдық қызмет ақысының шығынына материалдық көмек алушылардың почта бөлімшесі немесе екінші дәрежелі банктердегі жеке шоттарына уәкілетті органымен ақшалай аудару арқылы жүргізіледі.
      26. Уәкілетті орган материалдық көмектін тағайындалғаны және төленетіні туралы метериалдық көмек алушыларға жазбаша ескертеді».
      2.  Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі.
      3. осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                            Е.Махорин

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ерейментау ауданының
      әкімі                                      Н. Ә. Ережепов

      «Ерейментау ауданының
      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалары
      бөлімі» ММ бастығы                         М. Л. Сердцева

      «Ерейментау ауданының
      Қаржы бөлімі» ММ бастығы                   А. Қ. Хасенов

      «Ерейментау ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      ММ бастығы                                 Қ. Ж. Құдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады