Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беру Ережесін бекіту туралы" № 4С-12/6-08 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 4С-18/8-09 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 тамызда № 1-9-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы № 4С-24/2-10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010.03.25 № 4С-24/2-10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 55 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бақару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» № 4С-12/6-08 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 ақпандағы аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 7 ақпандағы аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған), Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі «Ерейментау аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесін бекіту туралы» № 4С-12/6-08 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 4С-16/4-09 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 23 мамырдағы № 53-54 аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған) енгізілген толықтырулармен, келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережеде:
      1) 5 тармақта:
      «аз қамтылған» деген сөздер «табысы аз» деген сөздеріне ауыстырылсын;
      5 тармақтың 2) тармақшада «баспанасын жөндеуге» деген сөздерден кейін «су құбырларын, канализацияны, жылыту жүйелерін орнатуға» деген сөздермен толықтырылсын;
      5 тармақтың 7) тармақшада «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «растайтын құжаттарды беруі жайында» деген сөздермен толықтырылсын;
      5 тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «9) онкологиялық науқастар мен туберкулезбен ауыратындардың ұзақ емдеу кезінде (кемінде алты ай) дәрі-дәрмекті сатып алуға;»
      5 тармақ келесі мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) емханаға келіп емделетін туберкулезбен ауыратын науқастардың сегіз айлық есептік көрсеткішке дейін тамақтандыруын арттыру;»
      2) келесі мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Орташа жандық кірісі жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалғыз басты зейнеткерлермен мүгедектер баспанасын жөндеуге, су құбырын, канализация, жылыту жүйелерін орнатуға құқылы.»;
      3) келесі мазмұндағы 11-1 және 11-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «11-1. Әлеуметтік көмек алушы он бес күннің ішінде көрсетілген көмектің жұмсалуы туралы комиссияны ақпараттандыруға және растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
      11-2. Материалдық көмек орынсыз пайдаланылса, өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтаруға тиісті»
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының сессия
      төрағасы                                   Б. Молдажанова

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысының м.а.               Б. Молдажанова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ерейментау ауданының әкімі                 Н.Ә.Ережепов

      «Ерейментау ауданының
      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалары
      бөлімі»мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М.Л.Сердцева

      «Ерейментау ауданының
      Қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Қ.Хасенов

      «Ерейментау ауданының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ.Ж.Құдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады