Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 4С-12/6-08 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда № 1-9-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы № 4С-24/2-10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010.03.25 № 4С-24/2-10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесі бекітілсін (қосымша).
      2. Осы шешім нормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде тіркелген күннен күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
      3. Ерейментау аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 5 мамырдағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесі бекітілсін» № С-28/2 шешімі (2003 жылғы 22 мамырдағы нормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1806 болып тіркелген, 2003 жылғы 11 мауысымдағы № 64 аудандық «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2003 жылғы 11 мауысымдағы № 64 аудандық «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған), Ерейментау аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 29 наурыздағы № С-16/9 шешімі (2005 жылғы 15 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-1 болып тіркелген, 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 47 «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 47 «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған), Ерейментау аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 28 сәуірдегі № С-27/3 шешімі (2006 жылғы 17 мамырдағы нормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-58 болып тіркелген, 2006 жылғы 24 мамырдағы № 57 «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2006 жылғы 27 мамырдағы № 58-59 «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған) өзгертулер мен толықтырулармен) күші жойылғаны танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы                           А. Ералинов

Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы                      Қ. Махметов

КЕЛІСІЛДІ:

Ерейментау ауданының әкімі(ЕАӘ)                   Нұрлан Әскерұлы
                                                  Ережепов

«Ерейментау ауданының
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі»
ММ бастығы (ЕАЖҚжӘББ)                             Серікпай Қабылдаұлы                                                    Көшкінбаев

«Ерейментау ауданының
Қаржы бөлімі» ММ бастығы (ЕАҚБ)                   Амантай Қабыкенұлы                                                     Хасенов

«Ерейментау ауданының
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
ММ бастығы (ЕАЭжБЖБ)                              Қабылда Жұмабекұлы
                                                  Құдабаев

Ерейментау аудандық маслихаттың
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 4С-12/6-08 шешіммен
бекітілген

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтiк төлем беру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем беру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Жергіліктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» 451 007 000 332 бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем беру тәртібін ұйымдастыруды реттейді.
      2. Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемді төлеу бойынша уәкілетті орган «Ерейментау ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып саналады.

2. Төлем беру бойынша жұмысын ұйымдастыру

      3. Төлем беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында Ерейментау аудандық маслихат депутаттары ішінен, уәкілетті органдардың өкілдерінен, Ерейментау қаласының қоғамдық ұйымдарының мүшелерінен, жергілікті мемлекеттік басқару органдардың мүшелерінен комиссия құрылады.
      Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлуметтік төлем беру бойынша комиссияның (бұдан әрі – комиссия) дербес құрамы Ерейментау аудандық маслихаттың шешіммен бекітіледі.
      Комиссия отырысы бір айда бір рет өткізіледі.
      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) азаматтардың әлеуметтік көмек беруін өтінген өтініштерін қарау;
      2) көмек сұраған отбасылардың (азаматтардың) әлеуметтік тұрмыс жағдайлары мен күн көріс деңгейін ауылдық (селолық) және (немесе) Ерейментау қаласының әкім Аппаратының тексеру актісіне сәйкес қарастыру;
      3) әлеуметтік көмек тағайындауға немесе тағайындамауға шешім қабылдау.

3. Әлеуметтік төлем алу құқығы

      5. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз отбасыларына және ауыр материалдық жағдайына байланысты шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына, тексеру актісі негізінде бір жолғы берілетін әлеуметтік көмек келесідей жағдайларда төленеді:
      1) өзінің, туған-туысқандарының (шешесі, әкесі, балалары, туған аға және апалары, жұбайы) денсаулығын тексертуге;
      2) баспанасын жөндеуге су құбырларын, канализацияны, жылыту жүйелерін орнатуға;
      3) тісін емдеуге;
      4) есту аппаратын алуға;
      5) телефон орнатуға;
      6) бірінші қажетті құжаттарын алуға (жеке куәлік, алимент туралы анықтама және т.б.);
      7) Растайтын құжаттарды беруі жайындаҚазақстан Республикасының территориясында емделуге жол құнын өтеуге;
      8) өзінің немесе туған-туысқандарының (шешесі, әкесі, балалары, туған аға және апалары, жұбайы) операциясының өтемақысын төлеу;
      9) онкологиялық науқастар мен туберкулезбен ауыратындардың ұзақ емдеу кезінде (кемінде алты ай) дәрі-дәрмекті сатып алуға;
      9-1) емханаға келіп емделетін туберкулезбен ауыратын науқастардың сегіз айлық есептік көрсеткішке дейін тамақтандыруын арттыру;
      10) жанұясының бір мүшесі қайтыс болғанда;
      11) өрттің, сутасқынының, апаттың салдарын жоюға.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді, Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.23.07 № 4С-18/8-09
      6. Жеке санаттағы мұқтаж азаматтар келесі мереке күндері қарсаңында бір жолғы берілетін әлеуметтік көмекке құқығы бар:
      1) ақпан айында – Ауғаныстан соғысына қатысқандарға және мүгедектеріне;
      2) Халықаралық әйелдер күніне – «Алтын-Алқа», «Күміс-Алқа», «Батыр-Ана», «Даңқты Ана» 1-2 дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
      3) сәуір айында – Чернобыль АЭС авариясын жоюға қатысқандарға және мүгедектеріне;
      4) Жеңіс күніне – Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне, фашистік лагерь тұтқындарына, Ленинград блакадасының тұрғындарына, тыл еңбеккерлеріне;
      5) Балаларды қорғау күніне – он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларға;
      6) Конституция күніне – тоқсан және одан жоғары жастағы қарттарға, жетім студенттерге, аз қамтылған отбасыларының орта, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген дарынды балаларына;
      7) Мүгедектер күніне – кәмелеттік жасқа толмаған балаларын өздері тәрбиелейтін және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
      8) Қарттар күніне – бұрын жұмыс істеген мекемелері жойылған немесе банкрот болған зейнеткерлерге;
      9) мерей той күндеріне – жетпіс, сексен, тоқсан және жоғары жастағы зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне.
      7. Осы Ереженің 5 тармағының 8)-11) тармақшаларында қарастырылған жағдайларда кіріс мөлшері күнкөріс деңгейінен жоғары отбасыларының (азаматтардың) төлемді алуға құқығы бар.
      Солай да, өтініш және комиссияның шешімі бойынша оқу жылының басында, қамқорлығында кәмелетті жасқа толмаған балалары бар зейнеткерлер мен мүгедектерге, жеке басты аналарға әлеуметтік көмек берілуі мүмкін.
      7-1. Орташа жандық кірісі жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалғыз басты зейнеткерлермен мүгедектер баспанасын жөндеуге, су құбырын, канализация, жылыту жүйелерін орнатуға құқылы.
      Ескерту. 7-1-тармағымен толықтырылды Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.23.07 № 4С-18/8-09

4. Әлеуметтік төлемді көрсету тәртібі және мөлшері

      8. Әлеуметтік төлем бір отбасы мүшесіне (азаматқа) бір жылда бір рет ақшалай төленеді.
      9. Әлеуметтік төлемді алуға талап білдірген жеке тұлға келесі құжаттар тапсырады:
      1) өтініш;
      2) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) жеке куәліктің көшірмесі;
      4) есеп шоты;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
      6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      7) жеңілдіктер алу санатына тиесілі екендігі туралы туралы құжаттың көшірмесі;
      8) мүгедектігі жөнінде анықтаманың көшірмесі және мүгедектігінің ақталуы жайлы жеке бағдарламасының көшірмесі;
      9) санаторлы-курорттық емге мұқтаж екендігі туралы мүгедектерге арналған санаторлы-курорттық карта;
      10) операция жасалғандығын растайтын ауру тарихының көшірмесі;
      11) емделуге барғандағы жол сапарын растайтын жол жүру билеттері немесе жол құнын растайтын анықтама;
      12) қайтыс болғандығы туралы куәліктің, азаматтың өлгендігі жөнінде анықтаманың көшірмесі;
      13) стационарлық емделгендігі жөнінде анықтама;
      14) амбулаторлық емделгендігі жөнінде фтизиатордың анықтамасы;
      15) өткен тоқсандық отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет;
      16) Қазақстан Республикасы санаториларының аты көрсетілген емдеу мекемелерінің дәрігерлік-консультативтік комиссиясы азаматтың санаторлы-курорттық емге мұқтаж екендігі туралы шешімінің қортындысы;        17) ауылдық (селолық) және (немесе) Ерейментау қаласының әкім Аппаратының тексеру актісі.
      10. Осы Ереженің 6 тармақтағы қарастырылған біржолғы берілетін материалдық көмек алушылардың өтінішсіз жеке шотына қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.
      11. Төлем мөлшері әрбір нақты жағдайда комиссияның шешімімен анықталады.
      Ең жоғарғы көмек мөлшері отыз мың теңгеден аспайды. Осы Ереженің 5 тармағы 8)-11) тармақшаларында көрсетілгендегідей жағдайда ең жоғарғы төлемнің мөлшері көбейуі мүмкін, бірақ жүз отыз мың теңгеден аспауы тиіс.
      11-1. Әлеуметтік көмек алушы он бес күннің ішінде көрсетілген көмектің жұмсалуы туралы комиссияны ақпараттандыруға және растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 11-1-тармағымен толықтырылды Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.23.07 № 4С-18/8-09
      11-2. Материалдық көмек орынсыз пайдаланылса, өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтаруға тиісті
      Ескерту. 11-2-тармағымен толықтырылды Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.23.07 № 4С-18/8-09

5. Әлеуметтік төлемді қаржыландыру

      12. Әлеуметтік төлем шығынын қаржыландыру аудандық бюджеттің күнтізбелік жылға арналған «Жергіліктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» 451 007 000 332 бюджеттік бағдарламасында осы мақсатта ескерілген қаржы негізінде туындайды.

6. Біржолғы әлеуметтік материалдық көмекті төлеу тәртібі

      13. Біржолғы көмек төлемі алушының почта бөлімшесі немесе екінші дәрежелі банктердегі жеке шоттарына ақшалай аудару арқылы жүргізіледі.
      14. Уәкілетті орган біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін күнтізбедегі әрбір айда осы мақсатта аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттың мөлшерінде алушы азаматтардың тізімін қалыптастырып тапсырады және тізімнің нақтылығына жауап береді.

7. Нан және негізгі азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу

      15. Нанға және негізгі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты табысы кедейшілік шегінен төмен азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар тоқсан сайын әлеуметтік көмек алуға құқылы.
      16. Нанға және негізгі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша ауылдық (селолық) және (немесе) Ерейментау қаласының әкім Аппаратына өтініш жазады.
      Ауылдық (селолық) және (немесе) Ерейментау қаласының әкім Аппараты өтініштерді қабылдап, оларды тіркейді және өтініш берушіге қабылдағаны жөнінде жазбаша растама береді.
      17. Құжатты қабылдаған күннен бастап ауылдық (селолық) әкім Аппараты өтініш берушінің құжаттарын он бес күн ішінде, Ерейментау қаласының әкім Аппараты жеті күннен асырмай уәкілетті органға тапсырады.
      18. Нанға және негізгі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      19. Нан және негізгі азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты компенсациялық төлем табысы кедейшілік шегінен төмен әр айға отбасының әрбір мүшелеріне 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
      Компенсациялық төлем ай сайын төленеді.
      20. Әлеуметтік көмек төлеу алушылардың почта бөлімшесіндегі немесе екінші дәрежедегі банктердегі жеке шоттарына көмекті тағайындау және төлеу уәкілетті органдарынан ақшалай аудару арқылы жүргізіледі.
      21. Уәкілетті орган өтініш берушіге комиссияның қабылдадаған шешімі туралы жазбаша ескерту хабарлайды.
      22. Нан және негізгі азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты компенсациялық төлем аудандық бюджетін есебінен төленеді.

8. Фашистік концлагерь тұтқындарына коммуналдық қызмет ақысының
шығынына материалдық көмек

      23. Фашистік концлагерь тұтқындары коммуналдық қызмет ақысының шығынына ай сайын материалдық көмек алуға құқылы.
      24. Коммуналдық қызмет ақысының шығынына материалдық көмек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын аудандық бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен тағайындалады және төленеді.
      25. Коммуналдық қызмет ақысының шығынына материалдық көмек алушылардың почта бөлімшесі немесе екінші дәрежелі банктердегі жеке шоттарына уәкілетті органымен ақшалай аудару арқылы жүргізіледі.
      26. Уәкілетті орган материалдық көмектін тағайындалғаны және төленетіні туралы метериалдық көмек алушыларға жазбаша ескертеді.

      Ескерту. 8 тараумен толықтырылды Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.04.21 № 4С-16/4-09

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады