Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі "Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 4С-27/2-10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 4С-32/6-11 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 наурызда № 1-9-169 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/8-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 4С-42/8-11 шешімімен
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (2010 жылдың 16 қыркүйектегі № 1-9-158 мемлекеттік құқықтық актілер Реестрінде тіркелген) № 4С-27/2-10 шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
      2 тармағының 4 тармақшасының 4 абзацы келесі жолдармен толықтырылсын:
      Ұлы Отан соғысының қатысушы мен мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдары жігерлі еңбек еткен үшін медальдармен марапаталған тыл еңбеккерлеріне 3000 (үш мың) теңге;
      бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған фашистік концлагерь тұтқындарына 3000 (үш мың) теңге.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы               Б.Молдажанова

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ерейментау ауданының әкімі                 М.Т.Мыңжанов

      «Ерейментау ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Л.Сердцева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады