Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін еске ала отырып, Новомарковка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданының Новомарковка селолық округінің Новомарковка селосының көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
Южная көшесі Достық көшесіне;
Северная көшесі Ардагер көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Новомарковка селолық
округінің әкімі Г.И.Самойленко
КЕЛІСІЛДІ
«Ерейментау ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешев
«Ерейментау ауданның сәулет
және қалақұрлысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Бәтенов