Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 04.11.2014 № 226 хатымен).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін күшіне енгізу туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 маусымдағы № С–46/6 «Бір жолғы талондар бағасының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-62 тіркеліп, 2007 жылғы 17 тамызда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2007 жылғы 18 тамызда аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған) шешіміне өзгерту енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда баяндалсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін күшіне енгізу туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Бузань
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М.Исажанов
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы бойынша
салық басқармасы бастығының
міндетін атқарушы С.Омаров