2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № А-5/132 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 маусымда № 1-12-128 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/473 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010.12.14 № А-12/473 қаулысымен

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 21 жастан 24 жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген (бір жылдан көп) азаматтар;
      3) мигранттар;
      4) 2009 жылы Жол картасы аясындағы инвестициялық жобасынан босатылған жұмыссыздар;
      5) жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010.07.08 № А-7/188 (қолданысқа енгізу тәртібін  3-тармақтанқараңыз) қаулысымен
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады