Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № А-5/132 "2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № А-7/188 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамыздағы № 1-12-131 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/473 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010.12.14 № А-12/473 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарқайың ауданы әкімдігінің «2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 27 мамырдағы № А-5/132 (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1-12-128 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 маусымда «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ келесі мәтіндегі 5-тармақшамен толықтырылсын:
      «жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Жарқайың ауданы әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады