Жақсы селосындағы Железнодорожная көшесін Қали Еспенбетұлы атындағы көшеге өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 25 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 шілдеде № 1-13-113 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық - құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Жақсы селосының Железнодорожная көшесін тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ауыл әкімі ШЕШТІ:
      1. Жақсы селосындағы Железнодорожная көшесі Қали Еспенбетұлы атындағы көшесіне өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауылының әкімі                       М.М.Байкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Жақсы ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.С.Ташмухамбетова

      «Жақсы ауданының сәулет
      және қала құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д.Ю.Васильев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады