Зеренді ауданында мұқтаждық көруші жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 34-218 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 желтоқсанда № 1-14-147 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11-82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 11-82 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудан әкімінің ұсынысы негізінде Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді ауданында тұрақты тұратын жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) комиссияның шешімдері бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының тізімдері негізінде өтініш берусіз мерейтойлық даталарға байланысты біржолғы төлем:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға үш мың теңге мөлшерінде,
      1986 жылдан 1989 жылға дейін мерзімінде Чернобыль атом электростанциясының апатқа байланысты салдарын жоюға қатысушыларға үш мың теңге мөлшерінде;
      тыл қызметкерлеріне бір мың теңге мөлшерінде;
      1,2,3 топ мүгедектеріне, мүгедек-балаларға бір мың теңге мөлшерінде;
      аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына екі мың теңге мөлшерінде;
      2) емделу үшін біржолғы төлем:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға жиырма мың теңге мөлшерінде;
      дәрігерлік кеңес комиссияның анықтамасы негізінде 1,2,3 топ мүгедектеріне, мүгедек-балаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      республикалық клиникаларда зерттелу және емделу үшін Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, мүгедектер мен мүгедек-балаларға емделу үшін жол жүру құжаттары негізінде (баратын жерге және кейін) темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құнынан аталған көлік құралдарының бір түрінің кету станциясынан госпитальдау жеріне дейін 100 пайыздық мөлшерінде;
      3) коммуналдық қызметтер үшін өтемақы:
      Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының тізімдері негізінде өтініш берусіз коммуналдық қызметтер үшін концлагерь тұтқындарына ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) материалдық көмек:
      жұмыспен қамту бөлімде есепте тұрған, аз қамтылған отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған балаларды және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      өтініш берусіз негізгі азық-түлік өнімдеріне бағалардың қымбаттауына байланысты отбасының жан басына шыққандағы кірісі кедейлік деңгейінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтарға 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      мүгедекті жеке оңалдыру бағдарламасы негізінде кресло-арбалар алу үшін мүгедектерге тауар бағасының мөлшерінде;
      жеке оңалдыру бағдарламасы негізінде сурдо-тифлоқұралдарды алу үшін мүгедектерге тауар бағасының мөлшерінде;
      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы адал еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға шипажай-курорттық жолдамалар алу үшін жолдамалардың бағасы мөлшерінде;
      оқу ұйымымен шарт негізінде оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын және ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардан және халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларға оқуына төлем ету үшін оқуына төлем ету бағасының мөлшерінде;
      комиссияның шешімі негізінде отбасының (азаматтың) жан басына шыққан табысқа қарамастан төтенше жағдай нәтижесінде шұғыл жәрдемге мұқтаж тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ақмола облысының аумағында тегін баламасы жоқ ақылы операцияға төлем ету үшін аталған операцияның мөлшерінде, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын-бір жолғы әлеуметтік көмек;
      туберкулезден ауыратындарға қосымша тамақтануға, емделуге немесе кеңеске баратын жолына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетілетін көмек;
      созылмалы аурулармен ауыратындарға (қант диабеті, онкологиялық аурулар,) дәрігерлік кеңес комиссияның анықтамасы негізінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Уәкілетті органға - «Зеренді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғарыда көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмекті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шегінде тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жөніндегі шығынды қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» деген бюджеттік бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      4. Зеренді аудандық мәслихаттың 2010 жылдың 1 ақпандағы № 24-159 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-130 тіркелген, 2010 жылдың 23 ақпанда «Зеренді» аудан газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ө.Айтқожин

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының әкімі                    Е.Сағдиев

      Ақмола облысы Зеренді
      ауданының «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.Қазияқпарова

      Зеренді ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.Ғабдуллина

      Ақмола облысы Зеренді ауданының
      «Зеренді орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
      қазынашылық мекеменің бас дәрігері         Б.Жанғалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады