Зеренді ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11-82 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қаңтарда № 3608 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 13-124 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 24.04.2013 № 13-124 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімінің ұсынысы негізінде Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді ауданындағы тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Зеренді аудандық бөлімшенің (әрі қарай – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) тізімдері негізінде өтініш берусіз мерекелік күндерге арналған біржолғы төлемдер:
      9 мамыр – Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      қарт адамдар мен мүгедектер Күніне – 1 қазан:
      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) анықталған жағдайларға орай, болған оқиғадан кейін үш айдан кешіктірмей, өтініш бойынша материалдық көмек:
      отбасы (азаматтың) кірісіне қарамастан:
      өрт, су тасқыны, басқа да зілзала апаттың нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Зеренді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде біржолғы көмекті елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      туберкулезбен ауыратын азаматтарға фтизиатрдан алынған анықтаманың негізінде және онкологиялық стационар жағдайында арнайы емді өтетін онкологиялық аурулармен ауыратындарға сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар аз қамтылған азаматтарға:
      жедел түрде ем алуына байланысты медициналық мекемеден сырқаты туралы   кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде;
      «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Денсаулықты сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша біржолғы он бес  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      ауылдық (селолық) округі әкімінің өтініші бойынша тұрақты орны жоқ азаматтарды жерлеуге біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      тиісті өкілетті орган беретін, қиын өмірлік жағдай туындағанын дәлелдейтін акті немесе басқа құжат негізінде біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) ауылдық (селолық) жерлерде тұратын, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың студент балаларына колледждің күндізгі бөлімінде оқығанына, облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын
      анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына оқу құнының мөлшерінде біржолғы көмек;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілгендерге, 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға, жан басына шаққан табысы кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасыларға Қазақстан Республикасының «Теледидар жүргізу туралы» 2012 жылдың 18 қаңтардағы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес теледидар абоненттік жабдықпен (приставка) қамтамасыздандыру үшін жабдықтың құны мөлшерінде өтініш бойынша көмек көрсету;
      5) коммуналдық қызмет шығындары үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:
      сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына, немесе алушылардың шотына;
      байланыс қызметтерін (абоненттік төлем) көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына, немесе алушылардың шотына.
      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысқа қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай бір шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 161 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай төленсін.
      Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын немесе тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесін немесе мекенжай бюросының анықтамасын немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасын);
      емдеу қажет екені туралы аумақтық емхананың дәрігерлік комиссиясының қорытындысы;
      өмірлік көрсеткіштері бойынша денсаулық сақтау органдарының емдеуге берген жолдамасы;
      аз қамтылған азаматтарға – қосымша – отбасы (азаматтың) туралы мәліметтері мәліметтері және отбасы (азаматтың) табыстары туралы мәліметтері.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін ұсынылады, содан соң түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілмейтін жағдайлар:
      өтініш беруші ұсынған мәліметтердің толық болмағанында немесе расталмағанын анықталғанда;
      отбасының материалдық жағдайын тексеруді өткізуден өтініш иесінің бас тартуы немесе жалтаруы орын алғанда.
      3. Уәкілетті органға – «Зеренді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғарыда көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмекті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шегінде тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жөніндегі шығынды қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» деген бюджеттік бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      5. Зеренді аудандық мәслихаттың 2010 жылдың 3 қарашадағы № 34-218 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-147 тіркелген, 2010 жылдың 21 желтоқсанда «Зеренді» аудан газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылған деп танылсын.
      6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Л.Сантас

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының әкімі                    Е.Маржықпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады