Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.04.12 № С-4/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2010 жылы ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) ортажандық кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) – айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы мөлшерінде;
2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Уәкілетті орган – Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Қызмет көрсетулер төлемі «Қазпошта» акционерлік қоғамымен және Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасындағы жасалған шарт негізінде заңмен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
4. Шортанды аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 18 ақпанындағы № С-13/3 «2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-67 тіркелген, 2009 жылдың 21 наурызында № 11 «Өрлеу» және 2009 жылдың 21 наурызында № 11 «Вести» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Г.Астафьева
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г.Скирда
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі С.Қамзебаев
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж.Мұнтаева
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы О.Мут