Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2011.01.13 № а-1/12 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес, Бурабай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданы әкімдігінің «Бурабай ауданында 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № А-4/151 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-19-179 тіркелген, 2010 жылдың 8 шілдесінде «Луч», «Бурабай» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен жасалған, аудандық шақыру комиссиясының құрамына «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Бурабай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшелері Баржақсымов Ерлік Қадырбекұлы енгізілсін (келісім бойынша);
аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Шалмұқанов Қуаныш Жұмабайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары М.Б Нұрпановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Бурабай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі В. Балахонцев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Щучинск қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н. Саманов
«Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Ақмола облысының
ішкі істер департаменті Бурабай
ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Жүсіпов