«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 12 каңтардағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Бурабай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шағын аудандарға атаулар берілсін:
Бурабай кентіндегі
№ 2 шағын ауданға – Табиғат атауы,
№ 3 шағын ауданға – Шаңырақ атауы.
Оқжетпес ауылындағы
№ 1 шағын ауданға - Самал атауы.
2. Көшелерге атаулар берілсін:
Бурабай кентіндегі
№ 5 көшеге- Аққайың атауы.
Оқжетпес ауылындағы
№ 2 көшеге – Қарағайлы атауы.
Сарыбұлақ ауылындағы
№ 2 көшеге – Балуан Шолақ атауы,
№ 3 көшеге - Қайнар атауы.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Бурабай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай кенті
әкімінің м.а. Б.Патсаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Бурабай ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.С.Қарсыбаева
«Бурабай ауданының сәулет
және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.З.Жүсіпов