Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 177 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 наурызда № 3-12-117 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қазандағы № 262 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011.10.19 № 262 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері төмендегідей болып бекітілсін:
      тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үйдің негізгі алып отырған алаңынан аспаған жағдайда, әлеуметтік алаңының нормасы отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метрден, отбасының құрамы бір адам болса бір бөлмелі пәтердің көлемімен теңдеп 31 шаршы метр және отбасына электр қуатының пайдалануы сағатына 120 квт есебінің шегінде бекітіледі, бірақ 120 квт-тан кем болса, онда есепке нақты пайдаланған мөлшері алынады;
      жылытатын мерзімде газ жылуын пайдаланатын қала және ауылдық жерлер тұрғындары үшін жылытылатын мерзімге есеп жылытылатын алаңның әлеуметтік нормасы бойынша жүргізіледі;
      жанұяның тоқсандағы жиынтық табысына есептелетін жеке көмекші шаруашылықтан алынатын табыс көлемі (үй малынан, үй жанындағы учаскеден, бақшадан, саябақтан) қалада, ауылдық жерде тұратын жанұяларға мөлшері 5 есе шама көрсеткішімен алынады;
      бір жасқа дейінгі баланы күтумен айналысатындардан және бірінші топтағы мүгедектерден басқа табысы жоқ азаматтарға, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз деп тіркелгендерге тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде келесідей көрсеткіштер қолданылады:
      18 жастан зейнеткер жасына дейінгі азаматтарға - екі айлық есептік көрсеткіш.
      2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі төмендегідей бекітілсін:
      тұрғын үй көмегі Хромтау ауданында тұратын меншік түріне қарамастан тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді жалдаушы жеке тұлғаларға, егер коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылуға, жеке газбен жабдықтау, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәрізге (канализация), электрмен жабдықтау, қоқыс шығару және ғимараттарға техникалық күтім жасау) тұтынғаны үшін төлеген ақы тұрғын үй алаңы нормасы шегінде отбасының жиынтық табысының 8 пайызынан асқан жағдайда беріледі;
      жергілікті атқарушы орган азаматтардың өтініші бойынша берілетін өтемақыны коммуналдық қызмет көрсеткен жабдықтаушылардың есеп-шоттарына аударады.
      қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне төленетін өтемақы әр аз қамтамасыз етілген азаматтардың екінші дәрежелі банктердегі жеке есеп шотына аударады.
      3. № 1 қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың осы сұрақтар жөнінен бұрын қабылданған шешімдерінің күші жойылды деп танылсын (қоса беріледі).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
        сессиясының                 төрайымы хатшысы

       Г.Нұрьянова                     Д.Молдашев

2010 жылдың 23 ақпанындағы
№ 177 шешімге № 1 қосымша

Аудандық мәслихаттың күшін жойған
шешімдерінің тізімі

      Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2001 жылдың 5 сәуіріндегі 1008.
      2. Хромтау аудандық мәслихатының 21.02.2002 ж. № 6 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2002 жылдың 28 ақпанындағы 1512.
      3. Хромтау аудандық мәслихатының 26.11.2002 ж. № 9 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2002 жылдың 9 желтоқсанындағы 1879.
      4. Хромтау аудандық мәслихатының 05.10.2004 ж. № 3 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2004 жылдың 2 қарашасындағы 2957, аудандық «Хромтау» газетінің 2004 жылдың 12 желтоқсанындағы № 45 санында жарияланған.
      5. Хромтау аудандық мәслихатының 08.12.2004 ж. № 1 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2004 жылдың 14 желтоқсандағы 2995, аудандық «Хромтау» газетінің 2004 жылдың 31 желтоқсанадғы № 55 санында жарияланған.
      6. Хромтау аудандық мәслихатының 24.12.2004 ж. № 3 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2005 жылдың 2 ақпанындағы 3043, «Хромтау» газетінің 2005 жылдың 11 ақпанындағы № 6 санында жарияланған.
      7. Хромтау аудандық мәслихатының 02.08.2005 ж. № 103 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2005 жылдың 29 тамызындағы 3-12-12, аудандық «Хромтау» газетінің 2005 жылдың 7 қазанындағы № 40 санында жарияланған.
      8. Хромтау аудандық мәслихатының 16.02.2007 ж. № 189 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2007 жылдың 28 ақпанындағы 3-12-41, аудандық «Хромтау» газетінің 2007 жылдың 15 наурызындағы № 15 санында жарияланған.
      9. Хромтау аудандық мәслихатының 29.10.2007 ж. № 14 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Облыстық әділет департаментінде 2001 жылдың 5 сәуірінде 1008 санды номермен тіркелген «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2007 жылдың 5 қарашасындағы 3-12-49, аудандық «Хромтау» газетінің 2007 жылдың 15 қарашасындағы № 47 санында жарияланған.
      10. Хромтау аудандық мәслихатының 22.04.2009 ж. № 116 «Хромтау аудандық мәслихатының 06.12.2001 ж. № 8 «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу енгізу туралы» шешімі, мемлекеттік тіркеу номері 2009 жылдың 5 маусымындағы 3-12-92, аудандық «Хромтау» газетінің 2009 жылдың 11 маусымындағы № 26 санында жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады