Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қазандағы № 262 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қарашада № 3-12-139 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 97 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 97 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындаудың Ережесі бекітілсін.
      2. Хромтау аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау туралы» 2010 жылғы 23 ақпандағы № 177 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-117 санымен тіркелген және 2010 жылғы 8 сәуірдегі аудандық «Хромтау» газетінің № 16 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп саналсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы

            Ж.Сатов                            Д.Молдашев

Аудандық мәслихаттың
2011 жылдың 19 қазанындағы
№ 262 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың
Ережесі 

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсетудің коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминум шығындары өтемақысы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминимум объектісін басқару органы - кондоминимум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган - «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй – жайларды (пәтерлерді) жалдаушыларға
      қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы органға жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкі күрделі жөндеуге және немесе күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілетті органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Тұрғын үй көмегі, егер коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемі, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне жұмсалған отбасының шығындары отбасының жиынтық табысының сегіз проценттік үлесінен артық болса тағайындалады.
      5. Тұрғын үй көлемінің пайдалы алаңының әлеуметтік нормалары төмендегідей анықталады:
      бір адамға - 18 шаршы метр
      бір бөлмелі пәтер шегіндегі бір адамнан тұратын отбасына - 31 шаршы метр.
      6. Отбасының электр қуатын пайдалану үшін тұрғын үй көмегінің мөлшері бір айға 120 кВт сағат, егер 120 кВт сағаттан кем болса, онда нақты пайдаланған электр қуаты есепке алынады.
      7. Коммуналдық қызметтерді есептейтін есептегіш құралдары бар кезінде нақты шығындар алынады, бірақ белгіленген нормада әлеуметтік норма тарифтері мөлшерден артпауы қажет.
      8. Газ шығындарының мөлшері (бір айда):
      газ жылыту пешінің бар (1 шаршы метрге) - 3,82 текше метр;
      газбен ас дайындау пеші бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) -3,82 текше метр;
      сұйытылған газ шығыны (отбасының әрбір мүшесіне) -3,82 килограмм;
      9. Қатты отын нормасы жылыту мерзімінде -75,75 килограмм 1 шаршы метр.
      10. Тұрғын үйді ұстау, тұрғын-коммуналдық қызметтердің белгіленген нормадан артық төлемақысы жалпы негізде жүзеге асырылады.
      11. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абонеттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыруға арналған төлемақы Хромтау ауданында тұрақты тұратын аз қамтамассыз етілген отбасыларға (азаматтарға) берілетін тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асады.
      12. Тұрғын үй көмегі мөлшері ай сайын сол айға бекітілген тарифтер тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мен пайдаланған коммуналдық қызметтер шығындары құны негізінен есептеледі және есептелген нақты төлем сомасынан аспауы керек.
      13. Тұрғын үй көмегі қызметтерді ұсынушылардың берген шоттары бойынша көрсетіледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі 

      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және келесідей құжатарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминимум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметті тұтыну шоттары;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы жергілікті атқарушы орган берген шот.
      15. Тұрғын үй көмегі, оны алуға құқығы бар жағдайда өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға тағайындалады.
      Отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар тоқсан сайын ұсынылғаннан кейін тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу жүргізіледі.
      16. Өзге адамның көмегіне мұқтаж он алты жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын азаматтарды қоспағанда, еңбекке жарамды жұмыс жасамайтын және уәкілетті органда тіркелмеген азаматтары бар отбасыларға, сондай-ақ меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе үйін жалға берген азаматтарға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      17. Уәкілетті органға жалған ақпарат беру арқылы заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қайтарылып алынады.
      18. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе қоғамдық жұмыстарға қатысудан, кәсіптік даярлау, қайта даярлаудан, кәсіптілігін арттырудан себепсіз бас тартқан және оқуға қатысуды өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      19. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмән туған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды учаскелік комиссияға беріп, өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексертуге, тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажет мәліметтерді сұрата алады.
      20. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға тапсырылған құжаттар негізінде анықталады.
      Отбасының жиынтық табысына атаулы әлеуметтік көмектен, жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша бір жолғы материалдық көмектен өзге, белгіленген мерзімде ақшалай немесе табиғи нысан түрінде алынған барлық нақты табысы кіреді.
      Еңбекке жарамды меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдаушы, яғни өз бетінше жұмыспен айналысып табыс алушылар табысын жазбаша арызда көрсетеді, бірақ ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшердегі табыс есептеледі.
      Егер табысы жоқ отбасында коммерциялық негізде оқитын студенттер болса, оқуға төленетін бір жылғы төлем сомасы есепке алынады.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      21. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер және пошталық байланыс қызметтері арқылы жүзеге асырылады.
      Өкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың мекен жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет алушылардың жеке шотына аударады.
      22. Тұрғын үй көмегінің бюджет қаржысынан есептелуі мен шығысының дұрыстығын тексеру заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады