2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің 2010 жылғы 04 мамырдағы № 86 қаулысы. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 мамырда N 3-12-120 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 330 қаулысымен

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010.12.31 № 330 Қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі Заңының 18, 19, 20, 21, 23, 44 баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру кезеңінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2010 жылғы 1сәуірден 25 маусымға және 1 қазаннан 25 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Шақыруға арналған аудандық комиссияның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілісін.
      3.«Аудандық орталық аурухана» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорының бас дәрігеріне (Қозбағаров Қ.- келісім бойынша) «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына:
      1) 2010 жылдың 1 сәуірінен 30 сәуіріне дейін және 1 қазанынан 31 қазанына дейін шақырушыларды медициналық куәландыру жүргізу үшін маман дәрігерлерді, медбикелерді 2-қосымшаға сәйкес бөлсін. (қоса беріледі)
      2) 2010 жылғы 1 сәуірге және 1 қазанға дейінгі мерзімде «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.025у) жеткізсін;
      3) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырушылар туралы мәлімет үш күннің ішінде «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласын.
      4. «Ақтөбе облысының ішкі істер Департаментінің Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі: (Тоқабаев С.– келісім бойынша):
      1) шақыру кезінде шақыру қосынында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
      2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы адамдарды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізу жүргізсін;
      3) жеті күндік мерзім ішінде «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын;
      5. Мемлекеттік орган және меншік түріне қарамастан ұйым басшылары әскерге шақырылушыларды іссапардан, еңбек демалысынан шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру қосынына дер кезінде келуін қамтамасыз етуге тиіс.
      6. Селолық округтер әкімдері «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша оларға шақыру қосынына шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      7. «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (Әубәкіров Е.) тіркеу комиссиясының жұмысына қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлуіді 3-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
      8. «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (Нұрманова К.) іс шараларды өткізу үшін қарастырылған қаржыны мерзімінде бөлуді жүзеге асырсын.
      9. «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (Құмаров А.М.) аудан әкіміне 2010 жылдың 25 маусымында және 2010 жылдың 25 желтоқсанында шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
      Ескерту. 9 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010.11.12 № 282 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Елдесовке жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Усмангалиев
      Жоба енгізді:
      «Хромтау ауданының
      Қорғаныс істер жөніңдегі
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығы Б. Ілиясов

  Аудан әкімінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 5 шешіміне № 1-қосымша

Шақыру комиссиясының жұмысына қатысатын маман дәрігерлердің ҚҰРАМЫ

      Невропатолог Бегимбаев К.С.
      Отолоринголог Әліпов С.А.
      Стоматолог Кенжебаева А.
      Хирург Жанбурин Ж.И.
      Терапевт Тулеубаева И.Б.
      Окулист Кожамуратова Б.К.
      Рентгенолог Дускеева З.А.
      Кардиолог Волненко Л.С.
      Рентген-лаборант Шалова Г.
      Лаборант Абенова К.К.
      Лаборант Ибраева С.
      Мед.бике Наурызалиева Л.
      Мед.бике Стебнева С.
      Мед.бике Аппакова Г.К.
      Мед.бике Курманова Н.
      Секретарь Бралина Ш.

  Аудан әкімінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 5 шешіміне № 2-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

      Құмаров А.М. комиссия төрағысы
      «Хромтау аудандының
      Қорғаныс істер жөніндегі
      бөлім» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
       Кагиров Р.Ф. комиссиясының мүшесі
      Хромтау аудан әкімі
      аппаратының
      әскери жұмылдыру
      жұмыстары азаматтық
      қорғаныс және
      төтенше жағдай жөніндегі
      бас маманы
       Сәрсенғалиев Н. комиссиясының мүшесі
      «Ақтөбе облысының ішкі
      істер Департаменті Хромтау
      ауданының істер
      бөлімі»мемлекеттік
      бастығының мекемесінің
      орынбасары
       Тулеубаева И.Б. медициналық комиссияның
      төрайымы
       Бралина Ш. комиссия хатшысы
      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010.11.12 № 282 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Аудан әкімінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 5 шешіміне № 3-қосымша

Тіркеу комиссисының жұмысын қамтамасыз ету үшін "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ арқылы бөлінетін техникалық жұмысшылардың құрамы.


Р/с
Техни
калық
қызмет
керлер
саны
Қойылатын талаптар
Қай мерзімде
бөлінеді
Көктем
2010
7
Орта білімді, жазуы анық
әйел адам
25.03.2010 жылдан
25.06.2010 ж.
дейін
 
1
Жасы 25–тен кіші емес
әскери қызметін атқарған
адам
25.03.2010 жылдан
25.06.2010 ж.
дейін
Күз
2010
8
Орта білімді, жазуы анық
әйел адам
25.09.2010 жылдан
25.12.2010 ж.
дейін
 
2
Жасы 25-тен кіші емес
әскери қызмет атқарған
адам
25.09.2010 жылдан
25.12.2010 ж.
дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады