"Бөгетсай селолық округіне қарасты, Бөгетсай селосының орталығынан көше атауын беру туралы" 2010 жылғы 26 ақпандағы № 3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 07 қыркүйектегі № 22 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 құркүйекте № 4513 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121–V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөгетсай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 26 акпандагы № 3 "Бөгетсай селолық округіне қарасты Бөгетсай селосының орталығынан көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-116 тіркелген, 2010 жылы 26 наурызда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай ауылындағы көшеге атау беру туралы";
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "және 16 бабының 2 тармақшасына" сөздері алынып тасталсын;
      көрсетілген орыс тіліндегі шешімнің кіріспесінде "пунктом 3.2 Концепции Государственной ономастической работы Республики Казахстан утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2005 года № 45, Постановлением Акима Актюбинской области от 24 июля 2007 года № 255 "Об утверждении Положения о порядке регистрации и структуре адреса в Адресном реестре Актюбинской области," сөздері алынып тасталсын;
      орыс тіліндегі шешімнің кіріспесінде "согласно решения ономастической комиссии Хромтауского района" сөздерінен кейін "от 13 августа 2009 года" сөздерімен толықтырылсын".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Бөгетсай ауылдық округінің әкімі:

С.Жаназаров

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады