"Алматы облысының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 39-228 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 18 қаңтарда 2065 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 қазандағы N 9-56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2012.10.24 N 9-56 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген "Алматы облысының құрметтi азаматы" атағын беру Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Е. Нұрбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Баймұханбетов

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    А. Сыдық

Алматы облыстық мәслихатының
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
"Алматы облысының құрметті
азаматы" атағын беру Ережесін
бекіту туралы" N 39-228
шешімімен бекітілген

"Алматы облысының құрметтi азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Алматы облысының құрметтi азаматы" атағын беру Ережесi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және "Алматы облысының құрметтi азаматы" атағын (бұдан әрі - Атақ) беру тәртiбiн реттейді.
      2. Атақтың берілуі марапатталушылардың облыстың экономикалық, әлеуметтік, рухани даму саласында сіңірген ерекше еңбектерін жұртшылықтың танығандығы және оларды моральдық көтермелеудің маңызды түрлерінің бірі болып табылады.
      3. Атақ азаматтарға, олардың:
      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына;
      2) облыс халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру, қоғамды демократияландырудағы;
      3) жаратылыс, техникалық және қоғамдық ғылымдардың маңызды бағыттары бойынша іргелі зерттеулер жүргізу, тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология әзірлеу мен оларды енгізудегі;
      4) халықтар мәдениетін дамыту мен байыту, өзара әсерін нығайту, өнер, әдебиет және журналистикада жоғарғы көркем туындылар жасаудағы;
      5) жеткіншек ұрпақты рухани және патриоттық тәрбие беруге, оқытудың жаңа түрлерін іс жүзіне асыруға;
      6) облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудағы;
      7) мемлекеттік және әскери қызметте жеткен жетістігі;
      8) заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы;
      9) меценаттық және қайырымдылық қызметіне қосқан нақты және маңызды үлесі үшін беріледі.

2. Атаққа ұсыну және беру тәртібі

      4. Атақ облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыстық мәслихаттың шешімімен беріледі.
      5. Атақ беру туралы өтініш хатты ұйым, кәсіпорын, ведомство, бірлестік, қоғамдық ұйымдар және шығармашылық одақтар басшылары облыс әкімінің қарауына ұсынады.
      6. Марапаттауға ұсынылып отырған адам жұмыс істейтін кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, сондай-ақ қоғамдық ұйымның, қоғамдық өзін-өзі басқару органының еңбек ұжымы жиналысында атақ беру үшін ұсынылған кандидатура және оған берілетін мінездеме қаралып, бекітіледі.
      7. Атаққа ұсынылушының әрқайсысына Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 90 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы Нұсқаулыққа N 1 қоса беріліп отырған нысан бойынша награда қағазы толтырылады. Награда қағазында оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс істеп жүрген цехтың, бөлімнің, бірлестіктің
      8. Награда қағазында марапатталушының нақты еңбек көрсеткіштері мен шығармашылық еңбектері, қызметінің тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, негізгі жұмыс нәтижелері баяндалған, сондай-ақ облыстың әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесі көрсетілген мінездеме келтіріледі.
      9. Атаққа ұсынылушы ғалымдар, ғылым мен техника қайраткерлерінің награда қағазына ғылыми жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың енгізген жаңалықтарының тізбесі тапсырылады.
      10. Награда қағазына 3 х 4 сантиметр көлемді түрлі-түсті 2 фотосурет қосымша беріледі.
      11. Награда қағазына кәсіпорын, ведомство, басқа да бірлестіктер, қоғамдық ұйым, шығармашылық одақ басшысы қол қояды.
      12. Атақ беру туралы өтініш хат және награда қағазы келісу үшін аудан (қала) әкіміне жолданады. Награда қағазына аудан (қала) әкімі қол қойып, сол органның мөрі басылады.
      13. Марапаттау туралы өтініш хат қабылданбаған жағдайда еңбек ұжымына ауызша немесе жазбаша түрде себебі туралы түсіндірме беріледі.
      14. Атақ берілген азаматтарға куәлік, төсбелгі және лента тапсырылады.
      15. Куәліктерді, төсбелгілерді және ленталарды дайындау Алматы облысы әкімінің аппаратына жүктеледі.
      16. Куәліктерді, төсбелгілерді, ленталарды дайындау шығыны тиісті жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
      17. Атаққа қоса берілетін куәлікті, төсбелгіні және лентаны облыс әкімі және облыстық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.
      18. Тапсырылғаны туралы хаттама жасалып, оған тапсыруды жүзеге асырған лауазымды тұлға қол қояды.
      19. Атаққа қоса берілетін төсбелгі немесе лента жоғалған жағдайда дубликаттары берілмейді.
      20. Атаққа қоса берілетін куәлік жоғалған жағдайда оның дубликаты марапатталған адамның жазбаша өтініші бойынша және жергілікті баспасөзде жоғалғандығы туралы хабарлама қоса берілген жағдайда облыс әкімінің келісімімен беріледі.

3. Атаққа қоса берілетін куәлік, төс белгі және лентаның
сипаттамасы

Куәлік

      21. Куәлік қою көк түсті қатты қаптамадан жасалады, жайылған күйдегі көлемі 6,5 х 18,5 сантиметр, сыртқы бетінде Алматы облысының таңбасы бейнеленіп, "Алматы облысының құрметті азаматы" деп баспаханалық қаріппен қазақ тілінде жазылған.
      22. Куәліктің ішкі жағы көгілдір түсті, сол және оң жағында қазақ және орыс тілдерінде: "Алматы облысы" деген мәтіндер терілген және асты қызыл желекпен сызылған, куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты және облыстық мәслихаттың қабылдаған шешімінің нөмірі, датасы және берілген күні көрсетіледі.
      23. Ішкі оң жақ бетте Алматы облысының таңбасы және "Алматы облысы" деген сөз бар, ішкі сол жақ бетіне көлемі 3х4 сантиметр болатын сурет (анфас) жапсырылады. Суреттен төмен облыс әкімінің қолы қойылады.
      24. Куәлікке қойылған қол елтаңбалы мөрмен расталады.
      25. Куәліктің сол және оң жақ беттері ламинатталады.

Төсбелгі

      26. Төсбелгі төменгі температуралы металл қосындыларынан жасалып, гальваникалық жолмен жұқа қабатты никель мен алтын жалатылған.
      27. Атақтың төсбелгісі екі элементтен тұрады: кеудеге тағатын негіз және алқасы. Кеудеге тағатын негіздің іші көк түсті эмальмен құйылған, "Құрметті азаматы" деген жазуы бар. Алқада Алматы облысының таңбасы бейнеленген.

Лента

      28. Лента ұзындығы – 210 сантиметр, ені – 20 сантиметр көк түсті матадан жасалынған. Лентаның ортасында "Алматы облысының құрметті азаматы" деген алтын түсті жіппен көмкерілген сұр түсті жазу бар. Екі жақ ұшы алтын түсті шашақтармен көмкерілген.

4. Атақтан айыру және қалпына келтіру

      29. Атақ берiлген адам негіздемесі көрсетіле отырып атақ беру туралы өтініш хат енгізген органның ұсынысы бойынша облыстық мәслихаттың шешiмiмен:
      1) үлкен қоғамдық резонанс тудыратын жағымсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайда;
      2) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейiн атағынан айырылады.
      30. Сот шешімі бойынша заңсыз сотталғандар және толық ақталғандардың атаққа құқығы облыстық мәслихаттың шешімімен қайта қалпына келтіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады