Ескелді ауданы бойынша бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 37-225 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 28 сәуірде N 2-9-105 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы N 26-149 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 08.11.2013  N 26-149 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңының (Қазақстан Республикасының Салық Кодексі) 422-бабына, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес және Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 29 наурыздағы қорытындысын ескере отырып, Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары N 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты нығайту мәселелерін қамтитын тұрақты комиссиясына (Р. Абдуллин) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ескелді ауданы
      мәслихатының IV шақырылымындағы
      ХХХVII сессиясының
      төрағасы                                   Бөгенбаев Мәлік Ауымханұлы

      Ескелді ауданы
      мәслихатының хатшысы                       Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық салық
      басқармасының бастығы                      Бекмұхамбет Оразтай Нұратайұлы
      30 наурыз 2010 жыл

Ескелді ауданы мәслихатының
2010 жылғы 30 наурыздағы
N 37-225 санды шешіміне
қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың
бірыңғай базалық ставкаларының мөлшері:

рет
N

Салық салу объектісінің
атауы

тіркелген салықтың
бірыңғай базалық
ставкаларының
мөлшері (айлық
есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен
ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын
автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес
компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карта

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады