Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 27.02.2018 № 26-173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Ескелді ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ескелді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы "Ескелді ауданы бойынша бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы" N 37-225 (Ескелді аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 28 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-9-105 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 22 мамырда Ескелді аудандық "Жетысу Шұғыласы" газетінің 22 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты нығайту мәселелерін қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Дүйсембінов |
Мәслихат хатшысы | Қ. Тастанбаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ескелді аудандық салық | |
басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Асхад Әбенұлы Мулкибеков |
Ескелді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы N 26-149 "Ескелді ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне қосымша |
Ескелді ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларының
мөлшері
рет N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 10 |
5 | Карт | 5 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |