РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, N 36 мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы, Панфилов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қалалық, аудандық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысы, Панфилов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3. "Панфилов ауданы әкiмiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 1994 жылы туылған азаматтарын шақыру учаскелерінде тiркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 12-13 шешiмiнiң (нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2011 жылдың 28 қаңтардағы 2-16-131 нөмірімен енгізілген, 2011 жылдың 12 ақпанында N 8 "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Келемсейіт |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Алматы облысы, Панфилов | |
ауданының қорғаныс істері | |
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығының | |
міндетін атқарушы, майор | Даулетханов Талғат Жасболатұлы |