Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2011.04.08 N 45-264 Шешімімен
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде 2010 жылға әлеуметтік көмек берілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік көмектің берілуін қамтамасыз ету.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аудандық денсаулық сақтау, білім беру, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшыларына мамандардың жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, екінші дәрежедегі банк есеп шотының нөмірі көрсетілген құжаттардың көшірмелерін беру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық, тіл, мәдениет және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Әшімова С. О.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ыдралиева Р. М.