Талғар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 08 сәуірдегі N 45-264 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 28 сәуірде N 2-18-128 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 қарашадағы № 10-57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 06.11.2012 № 10-57 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Талғар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бүркітов Орынтай Шәріпұлына) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық, тіл, мәдениет және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Талғар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 01 маусымдағы N 32-197 "Талғар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылға әлеуметтік көмек беру туралы" (2010 жылы 15 маусымда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2-18-108 нөмірімен тіркелді, 2010 жылы 26 маусымда N 29 (3903) аудандық "Талғар" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан маслихат
      сессиясының төрағасы                       Түргенбаев Қ.Ә

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ыдралиева Р.М.

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Бүркітов Орынтай Шәріпұлы
      08 сәуір 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады