Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен, орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1."Бір жолға талондардың құнын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 20-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-27 болып тіркелген, 2006 жылдың 21 сәуірінде № 31 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.
2.Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрайымы | Д. Қожамжарова |
Қалалық мәслихат | |
хатшысы | Ө. Байшығашев |
Төртінші шақырылған қалалық мәслихаттың 2010 жылдың 25 маусымдағы № 30-7 шешiмiне қосымша Үшiншi шақырылған қалалық мәслихаттың 2006 жылдың 30 наурыздағы № 20-7 шешiмiне № 2 қосымша |
Тараз қаласы бойынша кәсiпкерлiк қызметтерi дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғалар үшiн бiржолғы талондар құнының ставкалары
р\б | Сату бойынша кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң тiзбесi (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтердi қоспағанда) | бiр жолғы талонның құны |
1 | Газеттер мен журналдар сату | 60 |
2 | Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет)сату | 80 |
3 | Бақша дақылдарын сату | 120 |
4 | Жер учаскелерiн өңдеу жөнiндегi жеке трактор иелерiнiң көрсететiн қызметi | 250 |
5 |
4 квадрат метрге дейiн саяжай және үй жанында өсiрiлген тiрi гүлдер сату |
80 |
6 | Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерiнiң өнiмдерiн сату | 65 |
7 | Жануарлар мен құстардың жемдерiн сату | 60 |
8 | Орман жидегi мен бал сату | 70 |
9 | Саңырауқұлақ және балық сату | 90 |
10 | Сыпыртқылар мен сыпырғылар сату | 60 |