Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 14.03.2018 № 29-9 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы" 2010 жылғы 23 ақпандағы № 113 қаулысының негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1.Салық кодексінің 381-бабында белгіленген Тараз қаласы бойынша жер салығының базалық ставкалары:
1) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне, № 1 өңірде 50 пайызға, № 2 өңірде 30 пайызға, № 3 өңірде 15 пайызға, № 4 өңірде 10 пайызға жоғарылатылсын;
2) № 1, № 2, № 3, № 4 және № 5 өңірлерде тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге, 40 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011.03.30 № 38-7 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi шешімімен).1-1. Тараз қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге Салық кодексінің 381-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген жер салығының базалық ставкасы он есеге ұлғайтылсын және барлық автотұрақтар (паркингтер) үшiн біркелкі санат белгіленсін.
Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011.03.30 № 38-7 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi шешімімен).2. "Жер салығының ставкалары туралы" Тараз қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 16 қарашадағы № 17-12 Шешімінің (№ 6-1-19 тіркелген, 2005 жылғы 15 желтоқсанда "Жамбыл-Тараз" газетінің № 87 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихаттың | Қалалық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Қ.Болысбаев | Ө. Байшығашев |