Ескерту: Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011.10.18 № 55-5 Шешімімен.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек берілсін.
2. «Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы № 23-10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-79 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А.Назарбеков М. Есмаханов